Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Президентке Қорғаныс министрлігіндегі жоспардан тыс аудиттің барысы туралы баяндалды

Мүгедектігі бар адамдарды жұмысқа орналастыру квотасының орындалуы тоқсан сайын бақыланады

Қазақстандағы Тікенектер белгісі айыппұл болмаса, оны жабыстырудың не қажеті бар

Алматыдағы түнгі ойын сауық орнында қызғаныштан жаппай төбелес болды

Алматыда сазандар мен ақ амурлар мекендейтін құпия су айдыны табылды

Қазақстанда Иранның үш азаматы сотталды

13 жастағы баланың өлімі: Ақтауда хирург күдікті ретінде ұсталды

ҰҚК ұстаған сот төрағасы мен судья ірі көлемде пара алғаны үшін 9 жылға сотталды

Венгрия Украинаның Еуроодаққа кіру келіссөздеріне қойылған ветоны алып тастайды БАҚ

Үржар және Атырау әуежайларында өзгерістер күтілуде: жолаушылар үшін не өзгереді

Қазақстанда кептеліс мәселесімен жаңаша айналысады: премьер әкімдіктерге тапсырма берді

Сапарды кейінге қалдырыңыз : Көлік министрлігі жүргізушілерге ескерту жасады

Банктер қандай жағдайда адамның несиесін толық кешіретіні белгілі болды

Министр цифрландырудың арқасында үнемделген қаржы көлемін айтты

Қолайсыз ауа райы: полиция азаматтарды жолда сақ болуға шақырды

Тоқаев балаларға ерте жастан не түсіндіру керектігін айтты

Астанада шатырдан құлаған құрылыс материалдарынан автомобильдер зардап шекті

БАӘ Қазақстанға іздеуде жүрген үш адамды берді: олар не үшін күдікті деп танылды

Тоқаев Қазақстан мен Оман қандай салаларда бірлескен жобаларды жүзеге асыра алатынын айтты

Тоқаев қылмыстық істер бойынша Еуропамен өзара құқықтық көмекті реттейтін заңға қол қойды

Өмірзақ Айтбаевтың 90 жылдығына арналған ғылыми жиын өтті

Өмірзақ Айтбаевтың 90 жылдығына арналған ғылыми жиын өтті

Aikyn.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com жаңалық жариялайды..

Абай университетінде қазақ тіл білімінің көрнекті өкілі, филология ғылымдарының докторы, ҚР ҰҒА академигі Өмірзақ Айтбаевтың 90 жылдығына арналған «Ғылымды дамытудағы қоғамдық ұйымдардың рөлі» атты ғылыми-практикалық дөңгелек үстел өтті. Тағылымды іс-шара Халықаралық қазақ тілі қоғамы және Филология ғылымдары зерттеулерін сараптамалық үйлестіру орталығымен бірлесіп ұйымдастырылды. Келелі жиынға университет басшылығы, елімізге белгілі ғалымдар және тіл жанашырлары мен академиктің туыстары қатысты, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

Өмірзақ Айтбаев – саналы ғұмырын қазақ тіл білімін өркендетуге, мемлекеттік тілдің қоғамның барлық саласында орнығуына арнаған тұлға. Ғалымның зерттеулері отандық лингвистиканың, соның ішінде терминология саласының қалыптасуы мен дамуына зор ықпал етті. Академик бұл бағыттың бастауында тұрған Ахмет Байтұрсынұлы дәстүрін жалғап, жаңа деңгейге көтерді. Өмірзақ Айтбаев саналы ғұмырында 500-ден астам ғылыми еңбек, 20-дан астам монография мен оқу құралдарын шығарды. 

Алқалы жиынды Филология ғылымдары зерттеулерін сараптамалық үйлестіру орталығының президенті, академик Кәрімбек Құрманәлиевтің модератор ретінде жүргізіп, қайраткердің қоғамдық және ғылыми қызметін баяндады. Дөңгелек үстелді кіріспе сөзбен ашқан Абай атындағы ҚазҰПУ-дың Басқарма Төрағасы-Ректоры Болат Тілеп мерейтойдың мән-маңызына тоқталып, оны ғылым онкүндігі аясында өткізудің айрықша сипаты бар екенін айтты.

– Өмірзақ Айтбаевтың 90 жылдығы ғылым декадасымен тұспа-тұс келуінің символикалық мәні бар. Өйткені ғылым – қоғам дамуының негізгі қозғаушы күші. Ал ғылымның ілгерілеуі тек ғалымдардың еңбегіне ғана емес, қоғамдық институттардың қолдауына да тікелей байланысты. Осы тұрғыдан алғанда, елімізде тіл ғылымының дамуына айрықша үлес қосқан құрылымдардың бірі – Халықаралық қазақ тілі қоғамы. Оның қалыптасуына Әбдуәли Қайдар, Рабиға Сыздық, Шора Сарыбаев, Мырзатай Жолдасбеков және Өмірзақ Айтбаев сынды тұлғалар өлшеусіз еңбек сіңірді, – деді ректор.

Жиын барысында ғылыми қауымдастық өкілдері академиктің тіл саясаты, терминология және қазақ тілін ғылым тілі ретінде дамыту бағытындағы еңбектерін жан-жақты талқылады. ҚР ҰҒА академигі Ерден Қажыбек ғалымның ғылыми ұстанымдары мен тұлғалық болмысына тоқталып, қазақ терминологиясын жүйелеудегі тарихи рөлін айрықша атады. Филология ғылымдарының докторы, профессор Қалбике Есенова қазіргі қазақ тілінің даму үдерістерін саралап, академик еңбектерінің бүгінгі цифрландыру дәуірімен сабақтастығын ғылыми тұрғыда негіздеді.

Сонымен қатар Анар Фазылжан, Анар Салқынбай, Жаңалық Балтабаева сынды ғалымдар қазақ тілінің өзекті мәселелері бойынша пікір білдіріп, қоғамдық ұйымдардың ғылыми үдерістерді үйлестірудегі маңызына, халықаралық ынтымақтастықты кеңейтуге қатысты ұсыныстарын ортаға салды. Алматы қаласындағы тіл саясатын жүзеге асыру тәжірибесі жөнінде Бақыт Қалымбет баяндама жасап, өңірлік жобалардың тиімді тұстарын атап өтті.

Басқосу соңында қатысушылар ғылым мен қоғам байланысын нығайту, ғылыми зерттеулердің сапасын арттыру және мемлекеттік тілдің мәртебесін көтеру бағытындағы бастамаларды жүйелі жалғастыру қажеттігін баса айтты. Тағылымды кездесу мерейтойлық сипатпен шектелмей, қазақ тілінің ғылым кеңістігіндегі орны мен болашағына қатысты маңызды ойлар тоғысқан мазмұнды пікір алаңына айналды.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  TELEGRAM   арнасынан табасыз.

Жағдайды бақылауды жалғастырыңыз, Qazaq24.com әрқашан ең жаңа жаңалықтарды ұсынады.
seeКөрілімдер:114
embedДереккөз:https://aikyn.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 03 Сәуір 2026 21:15
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Президентке Қорғаныс министрлігіндегі жоспардан тыс аудиттің барысы туралы баяндалды

05 Қазан 2026 16:26see138

Мүгедектігі бар адамдарды жұмысқа орналастыру квотасының орындалуы тоқсан сайын бақыланады

05 Қазан 2026 15:44see136

Қазақстандағы Тікенектер белгісі айыппұл болмаса, оны жабыстырудың не қажеті бар

05 Қазан 2026 09:29see135

Алматыдағы түнгі ойын сауық орнында қызғаныштан жаппай төбелес болды

05 Қазан 2026 19:06see135

Алматыда сазандар мен ақ амурлар мекендейтін құпия су айдыны табылды

05 Қазан 2026 18:33see134

Қазақстанда Иранның үш азаматы сотталды

05 Қазан 2026 13:04see133

13 жастағы баланың өлімі: Ақтауда хирург күдікті ретінде ұсталды

05 Қазан 2026 12:30see132

ҰҚК ұстаған сот төрағасы мен судья ірі көлемде пара алғаны үшін 9 жылға сотталды

05 Қазан 2026 17:52see126

Венгрия Украинаның Еуроодаққа кіру келіссөздеріне қойылған ветоны алып тастайды БАҚ

05 Қазан 2026 22:07see126

Үржар және Атырау әуежайларында өзгерістер күтілуде: жолаушылар үшін не өзгереді

05 Қазан 2026 15:34see124

Қазақстанда кептеліс мәселесімен жаңаша айналысады: премьер әкімдіктерге тапсырма берді

06 Қазан 2026 10:57see122

Сапарды кейінге қалдырыңыз : Көлік министрлігі жүргізушілерге ескерту жасады

06 Қазан 2026 10:24see121

Банктер қандай жағдайда адамның несиесін толық кешіретіні белгілі болды

06 Қазан 2026 14:54see121

Министр цифрландырудың арқасында үнемделген қаржы көлемін айтты

06 Қазан 2026 12:42see120

Қолайсыз ауа райы: полиция азаматтарды жолда сақ болуға шақырды

05 Қазан 2026 19:42see120

Тоқаев балаларға ерте жастан не түсіндіру керектігін айтты

05 Қазан 2026 15:02see119

Астанада шатырдан құлаған құрылыс материалдарынан автомобильдер зардап шекті

06 Қазан 2026 13:27see118

БАӘ Қазақстанға іздеуде жүрген үш адамды берді: олар не үшін күдікті деп танылды

06 Қазан 2026 11:27see114

Тоқаев Қазақстан мен Оман қандай салаларда бірлескен жобаларды жүзеге асыра алатынын айтты

06 Қазан 2026 19:40see113

Тоқаев қылмыстық істер бойынша Еуропамен өзара құқықтық көмекті реттейтін заңға қол қойды

06 Қазан 2026 20:27see113
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары