Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Еңбек дауы: қос тараптан кететін қателік

Депутат СК Фармацияның 2027 жылғы медициналық бұйымдарды сатып алуларын тексеруді талап етті

Жігер Ауыпбаев жұбайына ерекше сый жасады (видео)

Қазақстан шетелдіктердің тұрақты тұруына (ТТҚ) рұқсат беретін мамандықтар тізімін үш есе кеңейтуге дайындалып жатыр

Каспийдегі қасірет: құтқарылған адамның жағдайы туралы ақпарат пайда болды

Қасым Жомарт Тоқаев Сауд Арабиясының Короліне құттықтау жеделхатын жолдады

Қазақстанда 25 қыркүйекте жалпыұлттық аза тұту жарияланды

iPhone 18 ге қызығушылықты пайдаланған алаяқтар жаңа схема ойлап тапты

Жемісті жеті жыл

Шымкентте екі маңызды нысан бой көтереді

XXI ғасырдың технологиясын өткен ғасырдың құралдарымен басқаруға тырысып отырмыз депутат

“Бостон некесі“. Неге қазақстандық әйелдер бірге тұратын “әйел“ іздейді?

Орталық сайлау комиссиясының мүшелері тағайындалды

Ұлттық сана сезімге серпіліс беріп, қоғамдық диалогті одан әрі дамыта түсуіміз қажет Тоқаев

БҰҰ да Украина жөніндегі Ресейге қарсы мәлімдемені 193 елдің 51 і қолдады

Көркем жазу баллды төмендетпейді 23 қыркүйектен бастап Қазақстанда 2 4 сынып оқушыларын не күтіп тұр

Ұлытауда XXXIV республикалық “Ұлытау үні“ фестивалі басталды

Шымкентте перинаталдық орталық пен әуежайдың екінші ұшу қону жолағын салуға 33,5 млрд теңге бөлінді

Зейнеткерлер үшін бе? Қазақстандық зумерлер “бәрі қосылғаннан“ бас тартып, “санаторингті“ таңдады

Ақтауға балықтан уланған пациенттерге көмектесу үшін дәрігерлер ұшып келеді

Қожакеев тағылымы

Қожакеев тағылымы

Qazaq24.com, Aikyn.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып жаңалық таратты..

Халықаралық басқосуда отан­дық журналистика ғы­лымының өкілдері, белгілі ме­диа­тұлғалар, республикалық бұ­қара­лық ақпарат құралдарының бас­шылары мен медиа сарапшылар баяндама жасап, пікір алмас­ты. Жиында цифрландыру мен жаңа технологиялардың журна­лис­­тикаға ықпалы, дәстүрлі ме­диа­ның трансформациясы, ақ­па­рат кеңістігіндегі жаңа үрдістер жә­­не қазіргі еңбек нарығына бейім журналист мамандарын дая­р­лау мәселелері кеңінен талқыланды. 

Бірінші сөз кезегін алған Құ­рыл­­тай депутаты, академик Дихан Қамзабекұлы Темірбек Қо­жа­кеев­тің артында үлкен ғы­лыми жә­не рухани мұра қалғанын айтып өтті. Ол бүгінгі жиынға ға­лым­ның тә­лімін көрген, мектебі­нен өткен бір­қатар шәкірті арнайы келгенін жә­не Еуразия ұлт­тық универ­си­те­тінің 30 жылдық белесіне тоқ­та­лып, университеттің қалыпта­суын­­да мықты ғылыми ортаның маңы­зы айрықша екенін, ортада Қо­жакеев қалыптастырған ғылы­ми арнаның да өзіндік орны бар екенін жеткізді.

– Университеттің негізгі тетігі – факультет. Ал кез келген уни­вер­ситеттің сапасы мен қасиеті ғы­лыммен өлшенеді. Темірбек Қо­­­жакеев – руханият, әдебиет, бү­гінгі тіл­мен айтқанда, әлеуметтік ғы­лым­дар саласында сатира жанрын ғылыми тұрғыдан қалыптастырған тұлға. Идеология үстемдік құрған күр­делі кезеңде сатираны зерттеу, оның табиғатын ашу оңай болған жоқ. Біз сатираны адамды жақсы­лық­қа, жарыққа бастайтын жол­дың бірі деп түсінеміз. Темірбек аға осы бағытта үлкен еңбек ат­қар­ды. Сондай-ақ зерттеушілік ең­бегінің маңызды бір бөлігі сирек қолжазбалар мен көне басы­лым­­дарды зерделеумен байланыс­ты болды. Ол сол кездегі Пушкин атындағы Ұлттық кітапхананың си­рек қолжазбалар мен сирек кі­таптар қорында таңнан кешке дейін отырып, араб қарпіндегі көп­теген дүниені оқып, зерттеді. Со­ның нәтижесінде талай құнды мұра жарыққа шығып, ғылыми ай­налымға енді, – деді Дихан Қамза­бекұлы.

Профессор оның бірқатар ең­бегі осы ізденістердің нәтижесінде дү­ниеге келгенін атап өтті.

Журналистика мектебінің жанашыры

Ғалым, профессор Дандай Ыс­қақ «Темірбек Қожакеев – азамат, ға­лым, қайраткер» тақыры­бын­дағы баяндамасында ұстазының азаматтық болмысына тоқталды. Ол Темірбек Қожакеевтің шәкірт­ке талап қоя білетін қаталдығының ас­тарында үлкен жауапкершілік жат­қанын еске алды. Ұстазынан тә­лім алған шәкірттер сол талап­тың өздерін шыңдап, өмірдің түрлі сы­нағына төтеп беруге үйреткенін кейін түсінгенін жеткізді. Сондай-ақ ғалымның қандай жағдайда да әділдіктен айнымайтын мінезі туралы конференция қонақтарына тарқатып айтып берді.

– Темекең руханияты биік, ел­дің ертеңі үшін күрескен азамат еді. Біз оның халық алдындағы аза­маттық жауапкершілігінің қан­ша­лықты жоғары болғанын көр­дік. Ұстазымыз «Балаңды аясаң, ая­ма» деген қағиданы берік ұста­на­тын. Біз Қожакеевтен талай теп­кі де көрдік. Бірақ соның бәрі біз­ді шың­дады. Темекеңнің тұл­ға­сы бө­лек болатын. Жұмысқа алуда да, жұмыстан шығаруда да әділ болды. Сол әділдігінің арқасында қатал бол­ды. Әсіресе оның руханият мә­селесінде ел мүддесі үшін кү­рес­кенін ұмытпауымыз керек, – де­ді Дандай Ысқақ.

Ғалым Темірбек Қожакеевтің аза­маттық ұстанымын қазақ ті­лінің тағдырымен байланысты тари­хи кезеңдер арқылы да сипаттады. Тың игеру жылдарында ел­дегі демографиялық ахуал өзгеріп, қазақ мектептері жаппай жабыл­ған тұста ғалым бұл мәселеге үнсіз қалмай, баспасөзде мақала жариялап, ұлттық мектептердің тағ­ды­рын көтерген. 

«Қожакеевтің аңыз адам екенін дәлелдеудің қажеті жоқ»

Жиындағы сөзін осылай бас­­таған филология ғы­лым­дарының докторы, профессор Намазалы Омашев Темірбек Қо­жакеевтің қазақ журналисти­ка­сын­­дағы орны бөлек екенін атап өт­ті. Айтуынша, ғалым жарты ға­сыр­­ға жуық уақыт журналист ма­ман­­дарын даярлап, шәкірт тәр­бие­­сіне өлшеусіз үлес қосты. Ұс­таз­­дың дәріс беру мәнері, сөз сап­тауы мен ой қорыту ерекшелігі де оны өзгелерден даралап тұрды. Әсіресе сатира мен юмор таби­ға­тын терең зерттеп, осы бағытта ір­гелі ғылыми еңбектер қалдырды. Со­нымен қатар қазақ баспасөзінің тарихына қатысты тың деректерді ғылыми айналымға енгізіп, ке­зін­де жазықсыз жапа шеккен қоғам қайраткерлері мен қаламгерлердің мұрасын зерделеуге ден қойды.

– Қожакеев – ең алдымен ға­лым, одан кейін журналист. Сатира мен юморды, фельетонды құр жа­зып қана қойған жоқ, оны өмір бойы зерттеді. Ғалымның бұтадай тал­даған тақырыбының бірі – жал­пы сатира мен юмордың мәсе­ле­лері, оның ішінде «қазақ сати­ра­сының теориясы мен тәжіри­бе­сі». Осы сала бойынша кезінде мо­нографиялық еңбектер жария­ла­ды. Ол қазақ әдебиетінің зәру мәселелеріне қалам тартты. Оның зерт­теулерінде үш ірі ғылыми ба­ғыт тоғысты: журналистика тарихы, публицистика теориясы және сатира теориясы. Бұл бағыттар еңбектерінде бір-бірімен бай­ланы­сып, сабақтасып жатты. Өйт­ке­ні Темекең үшін журналистика – қоғамның мінезін, уақыттың қайшылығын, адамның болмысын танытатын әлеуметтік институт еді. Қожакеев мұрасының ең маңыз­ды ерекшелігі – журналис­тика теориясын ұлттық материал ар­қылы түсіндіруінде. Темірбек Қожакеев қазақ журналистиканың теориялық мектебін қалыптас­тырған алғашқы ғалымдардың бірі болды, – деді профессор.

Намазалы Омашев ғалым мұрасын бүгінгі журна­лис­тика ғылымының талаптарымен сабақтастыра зерттеудің маңы­зына да назар аударды. Оның айтуынша, ХХ ғасырдың екінші жартысында ұлттық баспасөз тарихын жүйелеу, публицистиканың табиғатын айқындау, журналист шеберлігін ғылыми тұрғыдан зерделеу қажеттілігі туындаған кезде, Темірбек Қожакеев осы бағыттағы ғылыми мектептің қалыптасуына ай­рықша үлес қосты. Сондықтан ендігі міндет – ғалым қалып­тас­тырған ғылыми дәстүрдің қазіргі журналистикаға берерін саралап, оның теориялық тұжырымдарын жаңа медианың ерекшеліктерімен сабақтастыра қарастыру керегін қадап айтты.

«Ұстазымыздың дәрісі әлі есімізде»

Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, филология ғылым­дары­ның докторы Серік Негимов «Профессор Темірбек Қожа­кеев­тің лекторлық шеберлігі» тақыры­бын­дағы баяндамасында ғалым­ның ұстаздық қырына кеңінен тоқталды. Ол Темірбек Қожакеев­тің дәрісін тыңдаған жылдарын ес­ке алып, оның аудиторияны бау­­рап алатын сөйлеу мәнері, дауыс ырғағы мен анық дикциясы шә­кірт жадында ұзақ сақта­ла­ты­нын айтты. Сондай-ақ сол кезеңде дәріс берген Темірғали Нұртазин, Ыбырайым Маманов, Мәулен Ба­лақаев, Зейнолла Қабдолов сын­ды көрнекті тұлғалармен қа­тар Қожакеевтің де өзіндік лек­тор­лық мектебі қалыптасқанын атап негізге алды.

– 1968–1969 жылдары Темір­бек Қожакеев біздің курсқа «Қазақ сатирасы мен юморы» пәнінен бір семестр бойы дәріс оқыды. Сол дәрістерден естіген әсерлі әңгі­ме­лері мен сөздері әлі күнге дейін есте. Темекеңнің «Ақылды, айбарлы ақсақалдарымызды сақтайық. Үлкендерді ұлықтайық. Ақылды ұрпақ өсірсең, алып шығар құл­дық­тан, ақылсыз ұрпақ өсірсең, бұлқығаны – бұлқыған» деген бір ойы бар. Ол кісі сатиралық жанрларды терең талдап, поэзия мен прозадағы сатираның табиғатын жан-жақты түсіндіретін. Қазақ сатирасының Абай, Сұлтанмах­мұттан жалғасқан арнасын таратып айтып, кейінгі қаламгерлер шы­ғармашылығымен сабақтас­тыра­тын. Сол кезде бізге Қадыр Тай­шықовтың «Октябрь ұшқыны» кі­табын оқытқаны да есімізде қалыпты, – деді Серік Негимов.

Ғалым Темірбек Қожакеевтің ше­шендік қабілетің де жоғары еке­нін де әңгіме арасына қосты. Ай­туынша, 1948 жылы Мұхтар Әуе­зов дәріс оқыр алдында жас Те­мірбек Қожакеев алты-жеті ми­нут құттықтау сөз сөйлегенде, оған ұлы жазушы риза болған екен. 

Қазақ-қырғыз сатирасындағы сабақтастық

Халықаралық кон­фе­рен­ция­ға Жүсіп Баласағұн атын­дағы Қырғыз ұлттық уни­вер­си­тетінің Журналистика және ком­муникация институтындағы «Телевизия» білім беру бағдарла­ма­сының жетекшісі, филология ғы­лымдарының кандидаты, доцент Айна Дүйшекеева да онлайн форматта қатысты. Ол Темірбек Қо­жакеевтің ғылыми мұрасын қыр­ғыз әдебиетіндегі сатиралық дәстүрмен салыстыра талдап, екі халықтың сатирасындағы ортақ ерекшеліктерге тоқталды.

– Бүгінгі конференция Темір­бек Қожакеевтің 100 жылдық мерейтойына арналып отыр. Сон­дық­тан біз ғалымның өмір жолын ғана емес, оның сатира мен журналистиканы зерттеудегі ғылыми тұжырымдарын, жаңашылдығын да қарастыруымыз керек. Қожа­кеевтің ғылыми концепциясы жө­­­нінде бүгін мазмұнды баян­дама­лар жасалды. Мен қазақ сатирасын зерттеудегі оның тұжы­рым­дарын қырғыз сатирасымен салыстыруға тоқталғым келеді. Мұндай салыстыру екі халық сатирасының арасында бірқатар ортақ сипат бар екенін көрсетеді. Бірінші ортақ белгі – қазақ және қырғыз сатирасының бастауында халықтың ауыз әдебиеті мен ақындық дәстүрінің жатуы. Ирония, өткір сөз бен юмор екі халық­тың да сөз өнерінен ежелден орын алған. Екінші ұқсастық – сатираны тарихи даму үстіндегі құбылыс ретінде қарастыру. Яғни қоғам өз­герген сайын сатираның ма­з­мұны мен көркемдік формасы да жаңарып отырады. Ал үшінші ерекшелік – сатираның қоғамдық сипатымен байланысты, – деді шетелдік ғалым.

Айна Дүйшекееваның айтуынша, қазақ және қырғыз сатиратануында сатира қоғамдық шын­дықпен тығыз байланыста қарас­тырылады. Қырғыз әдебиетінде фо­льклор мен ақындар шығар­ма­шылығы жазба әдебиеттің қалып­тасуына негіз болған. Бұл мәселе Халил Бапаев пен Кубан Мамбе­та­лиевтің еңбектерінде де жан-жақ­ты зерттелген. Ғалым Темірбек Қожакеевтің сатираны тек әдеби құбылыс ретінде қарастырмай, оның теориялық негіздерін жүйе­ле­геніне назар аударды. Сондай-ақ ол ұлттық сатираның қалыпта­суы мен даму жолдарын, сатира­лық жанрлардың жіктелуін, әде­биет пен журналистиканың өзара байланысын кешенді түрде зерттеген.

Жиын соңында қазақ журналистикасы мен руханиятының да­муына үлес қосып жүрген бір топ зиялы қауым өкіліне Темірбек Қожакеев атындағы медаль табыс­талды. Мерейтойлық марапат ға­лымның өнегелі өмірі мен ғы­лы­ми мұрасын ұлықтаудың, оның есімін кейінгі ұрпаққа дәріптеудің бір белгісі болды.

Сымбат БАУЫРЖАНҚЫЗЫ

Соңғы жаңалықтар мен жаңартуларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан бақылауды жалғастырыңыз, біз жағдайды қадағалап, ең өзекті ақпаратты ұсынамыз.
seeКөрілімдер:94
embedДереккөз:https://aikyn.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 26 Қыркүйек 2026 07:11
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Еңбек дауы: қос тараптан кететін қателік

24 Қыркүйек 2026 10:15see151

Депутат СК Фармацияның 2027 жылғы медициналық бұйымдарды сатып алуларын тексеруді талап етті

24 Қыркүйек 2026 09:59see149

Жігер Ауыпбаев жұбайына ерекше сый жасады (видео)

24 Қыркүйек 2026 10:11see148

Қазақстан шетелдіктердің тұрақты тұруына (ТТҚ) рұқсат беретін мамандықтар тізімін үш есе кеңейтуге дайындалып жатыр

24 Қыркүйек 2026 10:19see148

Каспийдегі қасірет: құтқарылған адамның жағдайы туралы ақпарат пайда болды

24 Қыркүйек 2026 19:41see147

Қасым Жомарт Тоқаев Сауд Арабиясының Короліне құттықтау жеделхатын жолдады

24 Қыркүйек 2026 10:12see146

Қазақстанда 25 қыркүйекте жалпыұлттық аза тұту жарияланды

24 Қыркүйек 2026 19:09see143

iPhone 18 ге қызығушылықты пайдаланған алаяқтар жаңа схема ойлап тапты

24 Қыркүйек 2026 10:08see143

Жемісті жеті жыл

24 Қыркүйек 2026 10:10see142

Шымкентте екі маңызды нысан бой көтереді

24 Қыркүйек 2026 10:12see141

XXI ғасырдың технологиясын өткен ғасырдың құралдарымен басқаруға тырысып отырмыз депутат

24 Қыркүйек 2026 10:16see141

“Бостон некесі“. Неге қазақстандық әйелдер бірге тұратын “әйел“ іздейді?

24 Қыркүйек 2026 11:03see141

Орталық сайлау комиссиясының мүшелері тағайындалды

24 Қыркүйек 2026 10:13see140

Ұлттық сана сезімге серпіліс беріп, қоғамдық диалогті одан әрі дамыта түсуіміз қажет Тоқаев

24 Қыркүйек 2026 12:48see140

БҰҰ да Украина жөніндегі Ресейге қарсы мәлімдемені 193 елдің 51 і қолдады

24 Қыркүйек 2026 10:34see139

Көркем жазу баллды төмендетпейді 23 қыркүйектен бастап Қазақстанда 2 4 сынып оқушыларын не күтіп тұр

24 Қыркүйек 2026 10:20see138

Ұлытауда XXXIV республикалық “Ұлытау үні“ фестивалі басталды

24 Қыркүйек 2026 18:58see138

Шымкентте перинаталдық орталық пен әуежайдың екінші ұшу қону жолағын салуға 33,5 млрд теңге бөлінді

24 Қыркүйек 2026 09:58see138

Зейнеткерлер үшін бе? Қазақстандық зумерлер “бәрі қосылғаннан“ бас тартып, “санаторингті“ таңдады

24 Қыркүйек 2026 10:21see136

Ақтауға балықтан уланған пациенттерге көмектесу үшін дәрігерлер ұшып келеді

24 Қыркүйек 2026 10:19see136
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары