Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Тоқаев Ақордада Бельгия королі мен патшайымын қабылдады

Саясаттанушы: Қоғам ел басқаруға сайлау арқылы ғана қатыспайды

ЕАЭО елдерінің астаналарында орташа жалақыға қанша азық түлік сатып алуға болады

Көкшетауда жұмысшы биіктен құлап кетті

Тоқаев пен Король Филипп БАҚ өкілдеріне арналған брифинг өткізді

Ақмола облысында кредит алмақ болған әйел 2 млн теңгесін алаяқтарға беріп жіберген

Белгілі ақын Жанна Елеусіз дүниеден озды

Эр Рияд әуежайындағы жойқын жарылыс видеоға түсіп қалды: қаза тапқан адам бар

Перизат Қайраттың туыстарының Дубайдағы пәтерлері: ҚМА не анықтады

АҚШ Украинадағы қақтығыстың соңғы кезеңде екенін мәлімдеді

Қазақстанда музыка мен бейнелеу өнерінің майталмандарына екі жаңа мемлекеттік награда тағайындалады

Қазақстан 2028 жылға қарай май экспортын 1,5 млрд долларға жеткізуді жоспарлап отыр

Қазақстанда 450 мыңға жуық баланың мектепке дайындығына 23 миллиард теңге қарастырылды

Just жұбайлар жыры

Жасыл энергетика: жаңа кезеңнің жаршысы

Ақтауда санитариялық эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының міндетін атқарушы ұсталды

Телефондарды верификациялау eGov жүйесіне көшірілді

Күн сәулесі Сырдағы сарқылмайтын ресурс

Тәуелсіздік шыңына шықты

Король Филипп ілтипатпен қарсы алғаны үшін Тоқаевқа алғыс айтты

Тұлғалар тағылымы тоғысқан туынды

Тұлғалар тағылымы тоғысқан туынды

Aikyn.KZ парақшасынан алынған ақпаратқа сүйене отырып, Qazaq24.com хабарлама жасады..

Ел руханиятының айшықты кезеңдерін зерттеуге елеулі үлес қосып жүрген ғалымның бұл еңбегі – тұлғатану бағытындағы жаңа көзқарастар мен архивтік деректерге сүйенген естеліктер жиынтығы. Жинаққа автордың кейінгі жиырма жыл ішінде жазылып, халықтың жоғары бағасына ие болған аса көрнекті мемлекет және қоғам, ғылым мен мәдениет қайраткерлері туралы таңдаулы эсселері енгізілген. Жиын барысында зиялы қауым өкілдері аталған еңбекті қазіргі әдеби-ғылыми айналымдағы маңызды құбылыс ретінде бағалады.

Жазушы, драматург Нұрғали Ораз «Менің аға­ларым» кітабының басты құндылығы – шы­ғармада баяндалған тұлғалардың адамдық болмысын шы­найы жеткізе білуінде екенін айтады. Әр кезеңде жа­зылған дүниелер оқырманға тұлғаларды жаңа қы­ры­нан тануға мүмкіндік береді. Қаламгер бұл жинаққа ен­ген эсселер деректерге негізделгенімен, көркемдік қуаты жоғары екенін алға тартты.

– Бұл кітап – ең алдымен, аға буынға деген құр­мет­тің көрінісі. Өткенді бағалау, үлкендерге сыйластық та­ныту, ағалардың қадірін дер кезінде білу – еш нәр­семен салыстыруға келмейтін қасиет. Мұхтардың шы­ғармаларында осындай ізеттіліктің нышаны сезіледі. Мұхаңның еңбегін оқығанда біз бұрын сырттай ғана таныс көрнекті тұлғаларға жақындай түскендей бол­дық. Ағаларымыздың өмірін оқыған кезде Мұхаңмен бірге жүріп, бірге араласқандай күй кештік.  Эссе жан­ры­ның табиғаты да сол – әрі көркем, әрі деректі, – деді ол.

Сондай-ақ Нұрғали Ораз туынды атауының өзі ерек­­ше мәнге ие екенін, оның рухани аста­рын­да өзін­дік салмағы бар ой жатқанын негізге алды.

– Меніңше, әрбір үйдің тұңғыш баласының кө­кейін­де «Менің де бір ағам болса...» деген құпия әрі тәт­ті арман жатады. Мұны мен өзімнің өмір тәжі­ри­бемнен білемін. Себебі бір отбасында өскен тоғыз ба­ланың тұңғышымын. Сондықтан «Менің ағаларым» ат­ты кітаптың атауы алғаш көзіме оттай басылды. Бұл кі­таптың негізін құрайтын эсселер жиырма жыл бойы әр кезеңде жазылып, «Қазақ әдебиеті», «Ана тілі», «Түр­­­­кістан» сияқты басылымдарда, сондай-ақ «Жұл­дыз» журналында жарық көрді, – деді Нұрғали Ораз.

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, Қ­азақстан тарихы кафедрасының меңгерушісі, тарих ғы­лымдарының докторы, ҚР Ұлттық ғылым ака­де­миясының академигі Берекет Кәрібаевтың сөзінше, ең­бекте баяндалған тұлғалар автордың өмірінде бағ­дар­шы болып, оның дүниетанымында терең із қалдыр­ған­дықтан, кітап «Менің ағаларым» атауын иеленген.

– Кітапқа енген он бес тарихи тұлға – Мұхтар Құл-Мұхаммедтің өз өмірінде сыйлап, өнеге тұтқан аза­маттары. Ол әрқайсысының қоғамға сіңірген еңбегін, қай­таланбас мінез-бітімін, адами болмысын терең әрі шы­найы сипаттайды.Әңгіме барысында Мұхтар аға­мыз кітаптағы әр тұлғаны неге «аға» деп атағанын да түсіндірді. Кей өңірлерде әкені «көке» десе, кей жерде «аға» дейді. Мұхтардың «аға» деп отырғандары – әке­сіндей ықпал еткен, өмір жолында бағыт-бағдар берген аза­маттар. Олардың қатарында академик Манаш Қо­зы­баев, академик Салық Зиманов, Төрегелді Шарманов жә­не басқа да қоғам қайраткерлері, тіпті Рақымжан Қош­қарбаев, Қасым Қайсенов сияқты батыр тұлғалар бар, – деді Берекет Бақытжанұлы.

Сөз соңында академик автордың жазу шебер­лі­гіне тоқталып, алып тұлғалар туралы еңбек қа­зақ руханиятының алтын қорын толықтырған құнды ең­бек екенін жеткізді. 

– Оның тағы бір ерекшелігі – жұртқа белгілі фак­тілерді ғана тізбелеумен шектелмейді. Керісінше, ха­лыққа беймәлім болып келген, архивтің арасында қал­ған деректерді жарыққа шығара біледі. Мысалы, Ра­қымжан Қошқарбаевтың майдандағы әрбір сәтін, Салық Зимановтың ғылым жолындағы күрделі ке­зең­дерін, Манаш Қозыбаевтың зерттеушілік мінезін жан-жақты ашады, – деді Берекет Кәрібаев.

Алтынай БАУЫРЖАНҚЫЗЫ,

Алматы қаласы

Соңғы жаңалықтар мен жаңартуларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан бақылауды жалғастырыңыз, біз жағдайды қадағалап, ең өзекті ақпаратты ұсынамыз.
seeКөрілімдер:215
embedДереккөз:https://aikyn.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 25 Қараша 2025 12:24
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Тоқаев Ақордада Бельгия королі мен патшайымын қабылдады

12 Қазан 2026 12:25see138

Саясаттанушы: Қоғам ел басқаруға сайлау арқылы ғана қатыспайды

12 Қазан 2026 17:49see136

ЕАЭО елдерінің астаналарында орташа жалақыға қанша азық түлік сатып алуға болады

12 Қазан 2026 15:49see134

Көкшетауда жұмысшы биіктен құлап кетті

12 Қазан 2026 11:07see134

Тоқаев пен Король Филипп БАҚ өкілдеріне арналған брифинг өткізді

12 Қазан 2026 17:08see133

Ақмола облысында кредит алмақ болған әйел 2 млн теңгесін алаяқтарға беріп жіберген

12 Қазан 2026 17:59see133

Белгілі ақын Жанна Елеусіз дүниеден озды

12 Қазан 2026 16:18see132

Эр Рияд әуежайындағы жойқын жарылыс видеоға түсіп қалды: қаза тапқан адам бар

12 Қазан 2026 10:51see131

Перизат Қайраттың туыстарының Дубайдағы пәтерлері: ҚМА не анықтады

12 Қазан 2026 15:46see130

АҚШ Украинадағы қақтығыстың соңғы кезеңде екенін мәлімдеді

12 Қазан 2026 09:28see130

Қазақстанда музыка мен бейнелеу өнерінің майталмандарына екі жаңа мемлекеттік награда тағайындалады

12 Қазан 2026 17:49see129

Қазақстан 2028 жылға қарай май экспортын 1,5 млрд долларға жеткізуді жоспарлап отыр

13 Қазан 2026 01:18see126

Қазақстанда 450 мыңға жуық баланың мектепке дайындығына 23 миллиард теңге қарастырылды

13 Қазан 2026 01:18see124

Just жұбайлар жыры

13 Қазан 2026 07:01see119

Жасыл энергетика: жаңа кезеңнің жаршысы

13 Қазан 2026 06:56see119

Ақтауда санитариялық эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының міндетін атқарушы ұсталды

12 Қазан 2026 15:18see118

Телефондарды верификациялау eGov жүйесіне көшірілді

13 Қазан 2026 06:42see116

Күн сәулесі Сырдағы сарқылмайтын ресурс

13 Қазан 2026 06:16see114

Тәуелсіздік шыңына шықты

13 Қазан 2026 04:31see112

Король Филипп ілтипатпен қарсы алғаны үшін Тоқаевқа алғыс айтты

12 Қазан 2026 17:20see112
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары