Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Тоқаев Ақордада Бельгия королі мен патшайымын қабылдады

Саясаттанушы: Қоғам ел басқаруға сайлау арқылы ғана қатыспайды

Тоқаев пен Король Филипп БАҚ өкілдеріне арналған брифинг өткізді

ЕАЭО елдерінің астаналарында орташа жалақыға қанша азық түлік сатып алуға болады

Көкшетауда жұмысшы биіктен құлап кетті

Ақмола облысында кредит алмақ болған әйел 2 млн теңгесін алаяқтарға беріп жіберген

АҚШ Украинадағы қақтығыстың соңғы кезеңде екенін мәлімдеді

Эр Рияд әуежайындағы жойқын жарылыс видеоға түсіп қалды: қаза тапқан адам бар

Белгілі ақын Жанна Елеусіз дүниеден озды

Перизат Қайраттың туыстарының Дубайдағы пәтерлері: ҚМА не анықтады

Қазақстанда музыка мен бейнелеу өнерінің майталмандарына екі жаңа мемлекеттік награда тағайындалады

Қазақстан 2028 жылға қарай май экспортын 1,5 млрд долларға жеткізуді жоспарлап отыр

Қазақстанда 450 мыңға жуық баланың мектепке дайындығына 23 миллиард теңге қарастырылды

Just жұбайлар жыры

Жасыл энергетика: жаңа кезеңнің жаршысы

Ақтауда санитариялық эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының міндетін атқарушы ұсталды

Телефондарды верификациялау eGov жүйесіне көшірілді

Күн сәулесі Сырдағы сарқылмайтын ресурс

Король Филипп ілтипатпен қарсы алғаны үшін Тоқаевқа алғыс айтты

Тәуелсіздік шыңына шықты

Димаш Мысырдағы концертінің алдында сұхбат берді

Димаш Мысырдағы концертінің алдында сұхбат берді

Qazaq24.com, Egemen.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып жаңалық таратты..

30 қарашада Гиза қаласында өтетін «The Pyramids Echo» фестивалі аясында Димаш Құдайберген екі сағаттық жеке концертін қояды. Мысырдағы жаңа елде, жаңа континентте өнер көрсетпес бұрын, қазақстандық өнерпаз фестиваль ұйымдастырушыларының сұрақтарына жауап берді, деп хабарлайды Egemen.kz.

– Тарих пен бүгінгі күн, Қазақстан мен Мысыр арасындағы байланысты сезінесіз бе?

– Мен Қазақстаннан, Ақтөбе қаласынанмын. Мені тек ата-анам ғана емес, ата-әжем де тәрбиеледі. Бала кезімізден мен, қарындасым, інім үшеуміз халқымыздың дәстүрлері жайлы көптеген әңгімелер тыңдап өстік. Үлкендер бізге мақал-мәтелдердің мәнін түсіндіріп, өткеннің даналығын ән-күй арқылы – домбыра, қобыз және ұлттық аспаптарда орындалатын дәстүрлі әндер мен күйлер арқылы үйретті.

Біздің еліміз де Мысыр сияқты көне тарихқа ие, бірақ заманауи әлеммен бірге ілгерілеп келеді. Сондықтан, иә, мен екі халық арасында ерекше рухани байланыс барын сезінемін. Өткеніміз болмаса, бүгініміз де болмас еді.

– Пирамидалар туралы алғаш рет қашан естідіңіз?

– Алғаш рет пе? Әрине, өте ертеде – бәлкім, өткен ғасырда шығар! (күлді) Нақты есімде жоқ, бірақ Пирамидаларды алғаш мультфильмдер мен балалар кітаптарынан көрдім деп ойлаймын. Кейінірек мектепте Ежелгі Мысыр тарихын оқыдық.

– Пирамидалар мен ежелгі Мысыр өркениеті Сіз үшін нені білдіреді?

– Олар мен үшін мәдениет пен даналықтың нышаны. Олар Мысыр тарихының қаншалықты терең әрі бай екенін көрсетеді. Осындай тамаша мұраны сақтап, әлеммен бөлісіп отырғандарыңызға үлкен құрметпен қараймын.

– Бұл Сіздің Мысырдағы алғашқы концертіңіз бе? Турист ретінде осы елге бұрын-соңды келіп пе едіңіз?

– Иә, Мысырға алғаш рет келуім. Өкінішке қарай, бұған дейін турист ретінде де болмаған екенмін. Сондықтан дәл қазір осында болып, осы фестивальде еліміздің мәдениетін таныстырып отырғаныма өте қуаныштымын.

– Сіздің ойыңызша, музыка халықтар мен мәдениеттерді жақындастыруда қандай рөл атқарады? Өнер мен мәдениет әлемдегі үйлесімділікті сақтауға көмектеседі деп ойлайсыз ба?

– Әлемнің кез келген жеріндегі – Қазақстандағы, Еуропадағы немесе Америкадағы болсын концерттерімнің біріне келсеңіз, әртүрлі елдерден жиналған адамдардың бірге отырғанын көресіз. Олар түрлі тілдерде ән айтады: қытайлық жанкүйерлер – орысша, испандықтар – французша, ал барлығы бірге қазақша ән шырқап жатқанын көресіз. Менің ғажайып Dears жанкүйерлерім – музыканың сөзсіз-ақ қаншама жүректерді біріктіре алатынының ең жақсы дәлелі.

– «Пирамидалар жаңғырығы» фестивалі жөніндегі әсеріңіз қандай? Бұл фестивальдің алғашқы шығарылымына қатысу Сізге қандай әсер сыйлайды?

– Дәл осы жаңа халықаралық жобаның бір бөлігі болғаныма өте қуаныштымын. Бұл алғашқы фестиваль осынау көне тарихқа толы әсем өлкеде өтетін көптеген шаралардың бастауы болады деп үміттенемін.

– Пирамидалар жанындағы концерттеріңізді асыға күтіп отырған мысырлық жанкүйерлеріңізге және Мысырда тұратын қазақ диаспорасына айтарыңыз бар ма?

– Мұнда өмір сүріп жатқан барлық қазақтарға және Қазақстан мәдениетіне қызығушылық танытатын, алыстағы елден келген барлық жанкүйерлеріме ең жылы сәлемімді жолдаймын. Маған жаңа континентте өз Отанымды таныстыру — зор мәртебе әрі үлкен қуаныш. Қолдауларыңыз бен сүйіспеншіліктеріңіз үшін алғыс айтамын.

Билеттерді Tazkarti Events платформасынан сатып алуға болады.

Оқиғаларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан ең өзекті жаңалықтарды қарап отырыңыз.
seeКөрілімдер:146
embedДереккөз:https://egemen.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 19 Қараша 2025 05:25
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Тоқаев Ақордада Бельгия королі мен патшайымын қабылдады

12 Қазан 2026 12:25see141

Саясаттанушы: Қоғам ел басқаруға сайлау арқылы ғана қатыспайды

12 Қазан 2026 17:49see139

Тоқаев пен Король Филипп БАҚ өкілдеріне арналған брифинг өткізді

12 Қазан 2026 17:08see137

ЕАЭО елдерінің астаналарында орташа жалақыға қанша азық түлік сатып алуға болады

12 Қазан 2026 15:49see137

Көкшетауда жұмысшы биіктен құлап кетті

12 Қазан 2026 11:07see137

Ақмола облысында кредит алмақ болған әйел 2 млн теңгесін алаяқтарға беріп жіберген

12 Қазан 2026 17:59see136

АҚШ Украинадағы қақтығыстың соңғы кезеңде екенін мәлімдеді

12 Қазан 2026 09:28see136

Эр Рияд әуежайындағы жойқын жарылыс видеоға түсіп қалды: қаза тапқан адам бар

12 Қазан 2026 10:51see135

Белгілі ақын Жанна Елеусіз дүниеден озды

12 Қазан 2026 16:18see135

Перизат Қайраттың туыстарының Дубайдағы пәтерлері: ҚМА не анықтады

12 Қазан 2026 15:46see134

Қазақстанда музыка мен бейнелеу өнерінің майталмандарына екі жаңа мемлекеттік награда тағайындалады

12 Қазан 2026 17:49see132

Қазақстан 2028 жылға қарай май экспортын 1,5 млрд долларға жеткізуді жоспарлап отыр

13 Қазан 2026 01:18see130

Қазақстанда 450 мыңға жуық баланың мектепке дайындығына 23 миллиард теңге қарастырылды

13 Қазан 2026 01:18see129

Just жұбайлар жыры

13 Қазан 2026 07:01see122

Жасыл энергетика: жаңа кезеңнің жаршысы

13 Қазан 2026 06:56see122

Ақтауда санитариялық эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының міндетін атқарушы ұсталды

12 Қазан 2026 15:18see121

Телефондарды верификациялау eGov жүйесіне көшірілді

13 Қазан 2026 06:42see119

Күн сәулесі Сырдағы сарқылмайтын ресурс

13 Қазан 2026 06:16see117

Король Филипп ілтипатпен қарсы алғаны үшін Тоқаевқа алғыс айтты

12 Қазан 2026 17:20see115

Тәуелсіздік шыңына шықты

13 Қазан 2026 04:31see115
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары