Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Үкімет қазақстандықтардың жалақысы өсетінін жариялады

Үкімет қазақстандықтардың жалақысы өсетінін жариялады

Tengrinews.KZ парақшасынан алынған ақпаратқа сәйкес, Qazaq24.com хабарлайды..

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен өтіп жатқан Үкіметтің кеңейтілген отырысында премьер-министр Олжас Бектенов халықтың табысын өсіру жұмыстары туралы баяндады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен өтіп жатқан Үкіметтің кеңейтілген отырысында премьер-министр Олжас Бектенов халықтың табысын өсіру жұмыстары туралы баяндады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Азаматтардың табыс деңгейі артуы экономиканың өсу қарқынына сәйкес келмейтіні айтылды. Еңбекақының жалпы ішкі өнімдегі үлесінің көрсеткіші - шамамен 31%, бұл - Орталық Азия үшін жоғары көрсеткіш.

"Жалақының өсу қарқыны бизнес табысының, соның ішінде өз күшімен әрі мемлекеттік қолдау есебінен алынған табыс динамикасынан артта қалып отыр. Осыған орай Үкімет халықтың табысын арттыру үшін кешенді шаралар әзірлеп жатыр. Соның аясында қаржы, салық және басқа да ынталандыру шаралары көзделіп отыр. Олар еңбекақыны көтеруге, лайықты жалақы төлейтін жұмыс орындарын көбейтуге, кәсіби дағды мен біліктілікті дамытуға, сондай-ақ, азаматтар үшін қаржы жүктемесін азайтуға бағытталған", - деді Олжас Бектенов.

Айта кетейік, бүгінгі жиында еліміздің 2025 жылғы әлеуметтік-экономикалық дамуы қорытындыланып, Үкіметтің алдағы кезеңге арналған негізгі міндеттері айқындалады.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Следите за нашими новостями в Google News

Подписаться
Қосымша ақпарат пен соңғы жаңалықтар үшін Qazaq24.com сайтын бақылаңыз.
seeКөрілімдер:168
embedДереккөз:https://kaz.tengrinews.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 10 Ақпан 2026 11:27
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары