Астанада бейнемониторинг жүйесі арқылы халықаралық іздеуде жүрген адам ұсталды
Qazaq24.com, Sputnik.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып түсініктеме береді..
АСТАНА, 23 қыркүйек – Sputnik. Астанада бейнемониторинг жүйесі арқылы халықаралық іздеуде жүрген адам ұсталды, деп хабарлайды Polisia.kz.
Тұлғаны тану функциясы бар бейнемониторинг жүйесі ұрлық жасады деген күдікпен халықаралық іздеуде жүрген 24 жастағы ер адамды анықтады.
Ақпарат полиция қызметкерлері тарапынан тексеріліп, нәтижесінде ер адам ұсталды.
"Жүйе бейнедегі адамның кескінін ақпараттық базалардағы деректермен автоматты түрде салыстырды. Іздеу тек фотосурет арқылы ғана емес, сонымен қатар адамның сыртқы белгілері – жынысы, жасы, сақалының болуы, көзілдірік, бетперде немесе бас киім тағуы сияқты сипаттамалар бойынша жүргізіледі", - делінген хабарламада.
Полицияның айтуынша, аталған жүйе іздеуде жүрген және хабар-ошарсыз кеткен азаматтардың орналасқан жерін жедел анықтауға, көші-қон заңнамасын бұзған тұлғаларды, сондай-ақ профилактикалық есепте тұрған басқа да адамдарды анықтауға мүмкіндік береді.
Бұл тақырыптағы басқа жаңалықтар:
Көрілімдер:55
Бұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 24 Қыркүйек 2026 10:33 



Кіру
Жаңалықтар
Ауа райы
Магниттік дауылдар
Намаз уақыты
Қымбат металдар
Валюта конвертері
Кредит есептегіш
Криптовалюта бағамы
Жұлдыздар
Сұрақ - Жауап
Интернет жылдамдығын тексеріңіз
Қазақстан радиосы
Қазақстан телевизиясы
Біз туралы








Ең көп оқылғандар



















