2022 жылдан бері халықаралық іздеуде жүрген қазақстандық ұсталды
Tengrinews.KZ парақшасынан алынған ақпаратқа сәйкес, Qazaq24.com хабарлайды..
Солтүстік Қазақстан облысының полицейлері Түркияда 2022 жылдан бері халықаралық іздеуде жүрген 30 жастағы Қазақстан азаматын ұстады, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Polisia.kz-ке сілтеме жасап.
Алаяқтық жасады деген күдікке ілінген қазақстандық Түркияның Анталья қаласында ұсталды. Оны Солтүстік Қазақстан облысы полиция департаментінің криминалдық полиция басқармасы, ҚР ІІМ криминалдық полиция департаменті және Қазақстанның Антальядағы Бас консулдығы бірлесіп жүргізген іс-шаралар барысында қолға түсірген.
Тергеу мәліметінше, күдікті 2021 жылдың тамыз-қыркүйек айларында сыбайластарымен бірге адамдардың сеніміне кіріп, алдау арқылы 6 миллион теңгеден астам қаржыны иемденген.
16 шілдеде күдікті Түркиядан Қазақстанға депортацияланды. Оны елге қайтару жұмыстарына Қазақстанның Антальядағы Бас консулдығы мен ҚР ІІМ қызметкерлері атсалысты.
Жыл басынан бері Солтүстік Қазақстан облысының полицейлері алаяқтыққа қатысы бар деген күдікпен іздеуде жүрген төрт адамды ұстады. Тергеу материалдарына сәйкес, олардың әрекетінен келген жалпы материалдық шығын 568 миллион теңгеге жеткен.
Google News арқылы жаңалықтарымызды қадағалаңыз
Жазылу
Бұл тақырыптағы басқа жаңалықтар:
Көрілімдер:36
Бұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 18 Шілде 2026 09:41 



Кіру
Жаңалықтар
Ауа райы
Магниттік дауылдар
Намаз уақыты
Қымбат металдар
Валюта конвертері
Кредит есептегіш
Криптовалюта бағамы
Жұлдыздар
Сұрақ - Жауап
Интернет жылдамдығын тексеріңіз
Қазақстан радиосы
Қазақстан телевизиясы
Біз туралы








Ең көп оқылғандар


















