Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

​Атырау вокзалындағы құрылыс жұмыстары екі ауысыммен атқарылып жатыр

Жетісу облысының тұрғыны бірден төрт ұл босанды

Атырауда түнде төбелеске қатысқандар полицияға жеткізілді

​Бензин 300, ал дизель 400 теңге болады ма? Үкімет сарапшылардың болжамына жауап берді

“Қазақ тілі барлық салада кең қолданыс тауып жатыр“ Тоқаев

17 жастағы Фатима Сұпығалиева жаттығу кезінде Олимпиада чемпионын жеңді

​Атырауда миллиардтаған келісімшарттары мердігер Ертістің тең иегері атанды

Вакцинация жүргізілді ме, жоқ па: екпе алу деректерін бақылау қызметі іске қосылды

Отбасы құндылығы мемлекет саясатының тірегі

Күйсандық пен қылтима Президент кейбір сөздердің қазақ тіліне аудармасын күмәнді деп атады

Алматыда бұрынғы вице министрлер мен Бірінші кредиттік бюроның экс басшысы сотталды

Месси жаңа рекорд орнатты: әлемнің үздік футболшыларынан құралған символикалық құрама жарияланды

ЖИ инвестициялары ақталмаса не болады: ХВҚ ықтимал сценарийді атады

​Атырау облысына көшіп келгендерден көшіп кеткендер саны көп

“Мың көбелек“: Apple Қазақстанда түсірілген роликке тәнті болды

Баға өседі, бірақ баяулайды: Ұлттық банк 2027 жылға арналған болжам жасады

Польшада көліктен оқ жаудырған ер адам ауруханада көз жұмды

Қазақстанға алдағы қажылық маусымына 4300 орын бөлінді

Қауіпсіз шотқа аударыңыз! : полиция алаяқтардың жаңа айласы туралы ескертті

Тұрғын үйлердің аулаларында өрт сөндіру көлігіне арналған орын пайда болады

Біз ондаған мың жұмсадық! Navai жанкүйерлері турдың кейінге шегерілуіне наразылық білдірді

Біз ондаған мың жұмсадық! Navai жанкүйерлері турдың кейінге шегерілуіне наразылық білдірді

Qazaq24.com, Tengrinews.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып жаңалық жариялады..

Ресейлік орындаушы Navai-дың (Наваи Бакиров) 2026 жылғы 16 қазанға жоспарланған Кишиневтегі концерті 8 желтоқсанға ауыстырылды. Бұл туралы іс-шараны ұйымдастырушылар жариялады. Турне кестесінің өзгеруіне әртістің Қазақстанда есірткі контрабандасы күдігімен ұсталғаны туралы жаңалықтар себеп болды, деп хабарлайды Tengri Life.

Концерт ұйымдастырушылары не деді?

Бастапқыда Navai-дың жеке концерті Chișinău Arena-да өтуі тиіс болатын. LiveTickets.md билет операторының командасы өнер көрсету "ұйымдастырушыға байланысты емес техникалық себептермен" кейінге қалдырылғанын хабарлады.

Ұйымдастырушылар бұрын сатып алынған барлық билет жаңа күнге - 2026 жылғы 8 желтоқсанға жарамды екенін атап өтті. Оларды айырбастаудың немесе қосымша әрекет жасаудың қажеті жоқ. Желтоқсандағы іс-шараға бара алмайтын жанкүйерлер қаражатты толық қайтаруды талап етуге құқылы.

"Егер сіз іс-шараға жаңа күні барғыңыз келмесе, LiveTickets.md сайтындағы жеке кабинет арқылы билет ақшасын қайтаруды сұрай аласыз немесе [email protected] электронды поштасына сұраныс жібере аласыз. Сұраныста билетте көрсетілген тапсырыс нөмірін жазу керек. Қаражатты қайтару туралы өтініш іс-шараның ауыстырылғаны туралы хабарланған күннен бастап 14 жұмыс күні ішінде қабылданады", - делінген LiveTickets.md үндеуінде.

Басқа концерттер не болмақ?

Айта кетейік, әртіс жоспарланған концерттері ішінде 10 қазанда Алматыда және 12 қазанда Бішкектегі кештерін өткізіп үлгерді. Navai бұдан бөлек мына қалаларда өнер көрсетуі тиіс еді:

22 қазан - Мәскеу, VK Stadium; 23 қазан - Санкт-Петербург, А2; 15 қараша - Тюмень, "Золотые ворота Сибири"; 17 қараша - Нижний Новгород, MILO Concert Hall; 18 қараша - Казань, Корстон; 19 қараша - Самара, МТС Live Холл.

Әртістің жоспарланған турнесі өте ме белгісіз болып отыр.

Navai концерттеріне билеттердің орташа құны алаң мен орын санатына байланысты әртүрлі:

би алаңы мен фан-аймақ: 15 000-нан 25 000 теңгеге дейін (шамамен 3 000–5 000 рубль немесе 30–50 доллар); VIP-аймақтар мен трибуналар: 30 000-нан 75 000+ теңгеге дейін (шамамен 6 000–15 000+ рубль немесе 65–160 доллар); билеттің орташа бағасы: шамамен 22 000 – 28 000 теңге (шамамен 4 500–5 500 рубль).

Концерт нарығы сарапшыларының алдын ала болжамы бойынша, егер қалған концерттер өтпей қалса, ұйымдастырушылар, алаңдар мен промоутерлердің жалпы шығыны жүздеген мың долларға жетуі мүмкін.

Жанкүйерлердің реакциясы

Наваи Бакировтың ұсталуы және одан кейінгі концерттердің тоқтатылуы мен ауыстырылуы туралы жаңалық әлеуметтік желілерде қызу талқыланды. Ұйымдастырушылар наразылықтың астында қалды.

"Сонда қалай болғаны... Navai-дың жеке концертіне барып үлгермеп едім, оны шекарада ұстап алыпты. Оны би алаңына жіберіңіздер!", "Қарағандыдан жолға шығып, Аршалыдан өткенде концерттің ауыстырылғаны туралы хабарлама келді. Бұл жауапсыздық!", "Сегіз жылдан кейінгі күзге", "Ұйымдастырушылар мен әртіске ұят! Қандай жауапсыз адамдар. Біз басқа қаладан келдік, қаншама ақшамыз далаға кетті!" - деп сапарын алдын ала жоспарлаған тыңдармандар ашуланды.

Скриншот: Threads

Мәскеу, Санкт-Петербург және Ресейдің басқа да аймақтарынан келген жанкүйерлердің қазіргі басты сұрағы: "Соңғы оқиғаларға байланысты 22 қазанда Мәскеудегі концерт бола ма?" Бірақ ресейлік жанкүйерлер әзірге концерт алаңдарынан ресми жауап ала алған жоқ.

Скриншот: Threads

Концерттер неге ауыстырылды?

Гастрольдік кестенің бұзылуына Наваи Бакировтың Қазақстанның құқық қорғау органдары тарапынан ұсталуы себеп болды. Жамбыл облыстық полиция департаментінің мәліметінше, орындаушы 13 қазанда елге кірмек болған кезде "Қордай" шекара бекетінде тоқтатылған. Бірлескен операцияны полиция қызметкерлері мен Шекара қызметі жүргізді.

Музыкант мінген көлікті тексеру барысында тәртіп сақшылары есірткі заты ретінде жіктелген затты тауып, тәркіледі.

14 қазанда әртіске қатысты процессуалдық әрекеттер басталғаны белгілі болды.

"Есірткі заттарының контрабандасына оқталу күдігі бойынша қылмыстық іс қозғалды (ред. еск.: сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды). Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды. Сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр. Өзге ақпарат жария етуге жатпайды", - деп хабарлады полиция департаменті.

Кейін сот әнші Navai-ға қатысты бұлтартпау шарасын тағайындады. Ол алдағы екі ай қамауда болады.

Полицияның мәліметінше, есірткі контрабандасы мен заңсыз сақтауға қатысты қылмыстық заңнаманың екі бабы бойынша тергеу жүргізіліп жатыр.

Instagram-дағы бұл жарияланымды көру

ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫНЫҢ ПОЛИЦИЯ ДЕПАРТАМЕНТІ (@zhambyl_police) жариялаған жазба

Осыған байланысты Navai-дың 14 қазанға Астанада жоспарланған концерті де өтпеді - ол тоқтатылды немесе белгісіз мерзімге кейінге қалдырылды. Жергілікті ұйымдастырушылар да "техникалық себептерге" сілтеме жасады.

Әртіс несімен танымал?

Наваи Бакиров (Navai) - шығу тегі әзірбайжандық танымал ресейлік рэп және поп-орындаушы. Ол көпшілікке "Прятки", "Девочка-война" және "Пустите меня на танцпол" сияқты хиттерді тарту еткен HammAli & Navai дуэті құрамында кеңінен танымал болды.

Жеке шығармашылығы мен коллаборациялары аясында артист сахнадағы әріптестерімен, соның ішінде Jah Khalib сияқты танымал қазақстандық музыканттармен шығармашылық байланыста болған.

Тағы оқыңыз: Қырғызстанда рэпер Navai-дың шекарадан есірткімен қалай өткені тексеріліп жатыр

Бізді Google-дың негізгі дереккөздер тізіміне қосыңыз

Қосу
Оқиғаларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан ең өзекті жаңалықтарды қарап отырыңыз.
seeКөрілімдер:132
embedДереккөз:https://kaz.tengrinews.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 15 Қазан 2026 13:57
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

​Атырау вокзалындағы құрылыс жұмыстары екі ауысыммен атқарылып жатыр

10 Қараша 2026 17:41see130

Жетісу облысының тұрғыны бірден төрт ұл босанды

10 Қараша 2026 17:19see130

Атырауда түнде төбелеске қатысқандар полицияға жеткізілді

10 Қараша 2026 17:23see125

​Бензин 300, ал дизель 400 теңге болады ма? Үкімет сарапшылардың болжамына жауап берді

10 Қараша 2026 15:40see122

“Қазақ тілі барлық салада кең қолданыс тауып жатыр“ Тоқаев

10 Қараша 2026 13:25see121

17 жастағы Фатима Сұпығалиева жаттығу кезінде Олимпиада чемпионын жеңді

10 Қараша 2026 17:57see120

​Атырауда миллиардтаған келісімшарттары мердігер Ертістің тең иегері атанды

10 Қараша 2026 17:00see117

Вакцинация жүргізілді ме, жоқ па: екпе алу деректерін бақылау қызметі іске қосылды

10 Қараша 2026 18:30see117

Отбасы құндылығы мемлекет саясатының тірегі

10 Қараша 2026 05:37see116

Күйсандық пен қылтима Президент кейбір сөздердің қазақ тіліне аудармасын күмәнді деп атады

10 Қараша 2026 13:22see116

Алматыда бұрынғы вице министрлер мен Бірінші кредиттік бюроның экс басшысы сотталды

11 Қараша 2026 15:16see115

Месси жаңа рекорд орнатты: әлемнің үздік футболшыларынан құралған символикалық құрама жарияланды

10 Қараша 2026 14:37see115

ЖИ инвестициялары ақталмаса не болады: ХВҚ ықтимал сценарийді атады

11 Қараша 2026 19:05see115

​Атырау облысына көшіп келгендерден көшіп кеткендер саны көп

10 Қараша 2026 12:01see114

“Мың көбелек“: Apple Қазақстанда түсірілген роликке тәнті болды

11 Қараша 2026 19:42see114

Баға өседі, бірақ баяулайды: Ұлттық банк 2027 жылға арналған болжам жасады

11 Қараша 2026 18:35see113

Польшада көліктен оқ жаудырған ер адам ауруханада көз жұмды

10 Қараша 2026 08:04see113

Қазақстанға алдағы қажылық маусымына 4300 орын бөлінді

10 Қараша 2026 08:43see112

Қауіпсіз шотқа аударыңыз! : полиция алаяқтардың жаңа айласы туралы ескертті

11 Қараша 2026 17:03see112

Тұрғын үйлердің аулаларында өрт сөндіру көлігіне арналған орын пайда болады

10 Қараша 2026 11:28see111
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары