Ақмола облысында ер адам ұлттық парк аумағынан 12 қарағай қазып алды
Qazaq24.com, Aikyn.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып мәлімдеме жасады..
Табиғатқа келтірілген шығын 520 мың теңгеден асып жығылған, – деп хабарлайды Aikyn.kz порталының тілшісі.
Оқиға Ерейментау ауданындағы «Бұйратау» мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің «Сұңқарлы таулар» учаскесінде болған. Ұлттық парк қызметкерлері тексеру кезінде Қарағайлы ауылының 44 жастағы тұрғыны басқарған мотоциклді тоқтатқан. Көлікті тексеру барысында одан табиғи аумақтан қазып алынған 12 жас қарағай табылған.
Ер адам ағаштарды басқа жерге отырғызу үшін қазып алғанын түсіндірген. Алайда оның бұл әрекеті табиғатқа 520 мың теңгеден астам залал келтірген.
Оқиға туралы полицияға хабар берілді. Қазір аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіліп жатыр.
Абзал АЛПЫСБАЙҰЛЫ, Ақмола облысы
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.
Бұл тақырыптағы басқа жаңалықтар:
Көрілімдер:78
Бұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 15 Қазан 2026 13:47 



Кіру
Жаңалықтар
Ауа райы
Магниттік дауылдар
Намаз уақыты
Қымбат металдар
Валюта конвертері
Кредит есептегіш
Криптовалюта бағамы
Жұлдыздар
Сұрақ - Жауап
Интернет жылдамдығын тексеріңіз
Қазақстан радиосы
Қазақстан телевизиясы
Біз туралы








Ең көп оқылғандар


















