Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Қазақстан тұрғыны Майк Тайсонмен кездесті (видео)

Что мы вдыхаем? Жители Усть Каменогорска получили доступ к данным о качестве воздуха

Павлодар облысында жас қызбен жыныстық қатынас үшін сотталған жігіт түрмеде өлі табылды

Әділет партиясы тау кен металлургия кешенінің тұрақты дамуына бағытталған жүйелі шешімдер әзірлейді

Енем өзімнен бес жас қана үлкен : әнші Бүркіт отбасы туралы айтты (видео)

Путин Қызыл алаңда Минин мен Пожарский ескерткішіне гүл шоғын қойды видео

Қазақстан отын экспортына шектеуді күшейтті

Ұлттық ғылым академиясында II халықаралық Shoqan Forum басталды

Возвращение короля. Зачем глава Иордании снова приехал в Казахстан

2027 жылы көп адамның бетпердесі шешіледі : Көріпкел Ақгүл Әсетқызы елді елең еткізді

Меруерт Өтекешова: Қыз Жібек өмірімдегі ең үлкен мектеп

Ақтаудағы мектепте мұғалімнің әдепсіздігі: оқиға салдарынан еңбек шарты бұзылды

Дорожные сборы в Казахстане пересмотрят: кого коснутся изменения

Күліп барып, жылап шықтық... : Астанада деменцияға шалдыққан қарттарға арналған балабақша ашылды

ЖИ COVID 19 дан да жаман пандемияға әкелуі мүмкін Билл Гейтс

Медициналық мекемелердің әрбір бесінші басшысы аттестациядан өте алмады

Астанадағы Соғым FEST жәрмеңкесінде ет арзанға сатылып жатыр

Школьник высмеял опоздавшего на урок одноклассника: суд наказал его отца

Қасым Жомарт Тоқаев пен Эмомали Рахмон Қазақстандағы Тәжікстан елшілігінің жаңа ғимаратын ашты

“Закажите инкассаторскую машину“: казахстанцев обманывают от имени Нацбанка

Біз де жәбірленушіміз : Bek Air сотында ұшқыштардың әйелдері тағылған айыпқа наразылық білдірді

Біз де жәбірленушіміз : Bek Air сотында ұшқыштардың әйелдері тағылған айыпқа наразылық білдірді

Qazaq24.com, Inform.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып жаңалық таратады..

Түрксіб аудандық сотындағы айыпталушылар орындығы бос тұр. Себебі іс бойынша айыпталушылар ретінде көрсетілген ұшқыштар – Мейіржан Молдақұлов пен Марат Мұратбаев апат кезінде қаза тапқан. Бұған дейін сотта прокурор Айдос Палманов ұшақ апатына әуе кемесін басқарған ұшқыштар кінәлі екенін айтты.

Алайда сот жарыссөзінде өмірден өткен ұшқыштардың жұбайлары марқұм күйеулерін айыптауды тоқтатуды өтінді. Мейіржан Молдақұловтың жары Зауреш Молдақұлова олардың отбасы да ауыр қайғыға ұшырағанын айтты.

— Біз де жәбірленушіміз. Біз де сол жағдайдың құрбандарымыз. Күйеуім қаза тапқанда қызым небәрі 2 жаста еді. Ол әлі күнге дейін әкесін іздейді, балам да психологиялық жарақат алды. Жалғыз қалғысы келмейді, қорқады, мен де өмірінен кетем бе деп ойлайды. Егер олар ұшып үлгергенде, әуеде жарылып, бәрі қаза табар ма еді. Сол үй болмағанда, бәрі тірі қалар еді, — деді ол.

Оның айтуынша, апаттан кейін ауруханада жатқан күйеуі ауыр халде болса да, тергеуші оны сұрақтың астына алған.

— Күйеуіме операция жасалды, бірақ 30 желтоқсанда-ақ тергеуші оны ауыр жағдайына қарамастан тергей бастады. Бұл азаптаумен тең болды. Осыдан кейін оның жағдайы нашарлады, дәрігерлер де мұны растады, — деді ол.

Зауреш Молдақұлова тергеу тарапынан олардың отбасына қысым көрсетіліп, ұшқыштардың кінәсін мойындатуға тырысқанын атап өтті.

— Тергеуші операциядан кейін күйеуімнің оңалуына мүмкіндік бермеді. Бізді ауруханаға кіргізбеді. Тек дәрігерлер оның жауап алуға жарамсыз екенін айтқанда ғана тергеуді тоқтатты. Біз әділдіктің орнағанын қалаймыз. Біздің артымызда халықаралық ұйым — Адам құқықтары жөніндегі бюро тұр. Біз күйеулеріміздің ақталуын, рухтарының тыныштық тапқанын қалаймыз. 6 жыл бойы олардың рухын мазалап келеміз, — деді ұшқыштың жұбайы.

Екінші ұшқыш Марат Мұратбаевтың жұбайы да сотта сөз сөйлеп, көзіне жас алды. Ол күйеуінің барлық медициналық тексеруден және ұшу алдындағы комиссиядан сәтті өткенін, тәжірибелі әрі жауапты ұшқыш болғанын, экипаж бен жолаушылардың өмірі үшін соңына дейін күрескенін айтты.

— Ұшақтың сол немесе оң қанатында, нақты есімде жоқ, 6,5 тонна керосин болған. Олар сол қанатты жоғары көтеріп үлгерді. Егер қанат үйге соғылғанда бәрі өртеніп кетер еді. Біз де жақындарымызды жоғалттық. Әлі күнге дейін өз-өзімізге келе алмаймыз. Жолаушылар ұшқыштарды кінәлайды… Сол үй болмағанда, олар ұшақты қондырар еді. Бізге де ауыр, біз де адамбыз. Неге тек ұшқыштар айыпталады? Бізге де ауыр — біз де жәбірленушіміз, — деді ол.

Бүгін сот отырысында жәбірленуші тараптың адвокат Алматы әуежайы мен Азаматтық авиация комитеті қызметкерлеріне айып тақты.

Оған дейін сотта Bek Air ұшақ апатының себебін дәлірек анықтау үшін жасанды интеллект сараптамасын пайдалану ұсынылды. Сондай-ақ сот Bek Air әуе компаниясының мүлкіне шектеу қойды. 

Еске салайық, 2019 жылдың 27 желтоқсанында Алматыдан Астана қаласына ұшып шыққан Bek Air компаниясының ұшағы радардан жоғалып кетті. Кейін 95 жолаушысы және 5 экипаж мүшесі бар ұшақтың апатқа ұшырағаны мәлім болды.

Ұшақ жерге құлаған соң сырғанап барып әуежай аумағына жақын тұстағы ауыл шетіндегі екі қабатты үйге соғылған. Салдарынан 12 адам қаза тапты. Осыдан кейін Bek Air әуе компаниясына тиесілі тоғыз Fokker-100 ұшағының қызметі тоқтатылды.

Жағдайды бақылауды жалғастырыңыз, Qazaq24.com әрқашан ең жаңа жаңалықтарды ұсынады.
seeКөрілімдер:209
embedДереккөз:https://kaz.inform.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 04 Қараша 2025 16:41
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Қазақстан тұрғыны Майк Тайсонмен кездесті (видео)

05 Қараша 2026 23:13see139

Что мы вдыхаем? Жители Усть Каменогорска получили доступ к данным о качестве воздуха

06 Қараша 2026 19:55see138

Павлодар облысында жас қызбен жыныстық қатынас үшін сотталған жігіт түрмеде өлі табылды

06 Қараша 2026 17:53see134

Әділет партиясы тау кен металлургия кешенінің тұрақты дамуына бағытталған жүйелі шешімдер әзірлейді

06 Қараша 2026 17:51see134

Енем өзімнен бес жас қана үлкен : әнші Бүркіт отбасы туралы айтты (видео)

06 Қараша 2026 21:45see133

Путин Қызыл алаңда Минин мен Пожарский ескерткішіне гүл шоғын қойды видео

06 Қараша 2026 01:33see132

Қазақстан отын экспортына шектеуді күшейтті

06 Қараша 2026 17:03see132

Ұлттық ғылым академиясында II халықаралық Shoqan Forum басталды

06 Қараша 2026 14:29see130

Возвращение короля. Зачем глава Иордании снова приехал в Казахстан

06 Қараша 2026 14:34see128

2027 жылы көп адамның бетпердесі шешіледі : Көріпкел Ақгүл Әсетқызы елді елең еткізді

07 Қараша 2026 09:53see125

Меруерт Өтекешова: Қыз Жібек өмірімдегі ең үлкен мектеп

07 Қараша 2026 07:15see123

Ақтаудағы мектепте мұғалімнің әдепсіздігі: оқиға салдарынан еңбек шарты бұзылды

06 Қараша 2026 17:20see122

Дорожные сборы в Казахстане пересмотрят: кого коснутся изменения

06 Қараша 2026 14:33see121

Күліп барып, жылап шықтық... : Астанада деменцияға шалдыққан қарттарға арналған балабақша ашылды

07 Қараша 2026 01:50see120

ЖИ COVID 19 дан да жаман пандемияға әкелуі мүмкін Билл Гейтс

06 Қараша 2026 14:35see118

Медициналық мекемелердің әрбір бесінші басшысы аттестациядан өте алмады

06 Қараша 2026 18:08see117

Астанадағы Соғым FEST жәрмеңкесінде ет арзанға сатылып жатыр

07 Қараша 2026 16:27see117

Школьник высмеял опоздавшего на урок одноклассника: суд наказал его отца

06 Қараша 2026 16:46see116

Қасым Жомарт Тоқаев пен Эмомали Рахмон Қазақстандағы Тәжікстан елшілігінің жаңа ғимаратын ашты

07 Қараша 2026 16:55see115

“Закажите инкассаторскую машину“: казахстанцев обманывают от имени Нацбанка

06 Қараша 2026 15:20see115
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары