Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Ауыл шаруашылығы өкілдері аграрлық саланы дамыту мәселелерін талқылады

​Қазақстанда екі жаңа МӨЗ салу жоспарланып отыр: оның бірі Атырау облысында салынуы мүмкін

Рыбакина қатысатын WTA қорытынды турнирінің алғашқы ойындарының кестесі жарияланды

Атырау Орал жолындағы жөндеу жұмыстарының қарқыны қандай?

Ақтөбе облысында мұнай өңдеу зауыты салынады

Қазақстанның элиталық арнайы жасағында алғаш рет “Китана“ атты бойжеткен пайда болды

Жолдау жаңа жоспарлар мен іс қимылдың доктринасы

Өсімдік майының өндірісі 25 пайызға өсті

Путин Ресей халқы бөлінбеуі үшін көп жұмыс жасады Мемлекеттік Дума депутаты

Мұнай барлық жерде бола бермейді : Қазақстанда 112 учаске аукционға шығарылады

Қазақстанның Қытайға май өнімдерінің экспорты 1 миллион тоннаға жетпек

Маңғыстауда әскери қызметшілердің қаза табуы: сегіз лауазымды тұлға қамауға алынды

Кушнер АҚШ тың Украинадағы қақтығысты тоқтату мақсатын түсіндірді

Құрылтай депутаттары Павлодар облысында тұрғындармен кездесті

Криштиану Роналду ұлттық құрамадан кететінін мәлімдеді

Үйдегі газ үлкен жауапкершілік

Өзбекстанда кеден қызметінің өкілдігі ашылады: заңға қол қойылды

Қазақстан Ыстамбұлда сауда кеңсесін ашты

Барни ісі : 19 жастағы Мадинаның мәйітін қайта қазып алды

“Оның қалай кеткенін ешкім көрмеген“: Теміртауда үш баланың анасы екінші ай бойы іздестірілуде

Ұлттық ғылым академиясында II халықаралық Shoqan Forum басталды

Ұлттық ғылым академиясында II халықаралық Shoqan Forum басталды

Aikyn.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып, Qazaq24.com түсініктеме жасады..

Отандық және шетелдік ғалымдар, тарихшылар, зерттеушілер, академиялық қауымдастық, мәдениет және медиа өкілдерінің басын қосқан форум ҚР ҰҒА-ның 80 жылдық мерейтойына орай ұйымдастырылған. Қатысушылар Шоқан Уәлихановтың ғылыми мұрасын, оның Орталық Азияны зерттеуге қосқан үлесін және еңбектерінің қазіргі заман үшін маңызын талқылады.

Форум Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Ұлттық ғылым академиясы, Almaty Management University-нің (AlmaU) «Ұлы Дала академиясы» ғылыми орталығы және креативті индустриялар орталығы, Жетісу облысы әкімдігінің қолдауымен бірлесіп ұйымдастырылды.

Іс-шара Шоқан Уәлиханов ескерткішіне гүл шоқтарын қоюдан басталды. Рәсімге Ұлттық ғылым академиясының академиктері мен Шоқан Уәлиханов атындағы екі мектептің оқушылары қатысып, ғалымның рухына тағзым етті. Оқушылар арнаулар мен өлеңдер оқып, ұрпақтар сабақтастығын айшықтады.

Форумда ҚР Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбектің құттықтау хаты таныстырылды. «Ұлттық ғылымның болашағы – тарихи мұрамызды терең танып, оны жаңа ғылыми жетістіктермен сабақтастыра білуде», – деп атап өтілген құттықтауында. Министр тарихи мұраны заманауи ғылыми ізденістермен ұштастырудың және халықаралық әріптестікті дамытудың маңызына назар аударды.

ҚР Ұлттық ғылым академиясының президенті Ақылбек Күрішбаевтың құттықтау сөзін Академияның вице-президенті Абай Серікқанов  оқып берді. «Шоқан мұрасына деген қызығушылық жүйелі ғылыми ізденіске ұласқанда ғана оның мол танымдық және ғылыми әлеуеті жан-жақты ашыла түседі», – делінген құттықтауда. Сондай-ақ архив құжаттары мен қолжазбаларды ғылыми айналымға енгізу, дереккөздердің сенімділігін қамтамасыз ету және бірлескен зерттеулерді кеңейту қажеттігі атап өтілді. Сондай-ақ ғалым мұрасын заманауи цифрлық технологиялар арқылы зерделеудің мүмкіндіктеріне тоқталып, жасанды интеллект құралдарын қолдануда ғылыми дәлдік пен жауапкершілікті сақтау маңызды екенін атап өтті. Форум аясындағы ғылыми пікірталас нақты зерттеу бастамаларына ұласып, отандық және шетелдік ғалымдар арасындағы ынтымақтастықты нығайтуға негіз болуы тиіс екені айтылды.

AlmaU университетінің президенті әрі негізін қалаушысы Асылбек Қожахметов өз сөзінде форумның негізгі мақсаты мен маңызына тоқталды:

«Шоқан Уәлихановтың мұрасы – Қазақстанның интеллектуалдық тарихының маңызды бөлігі және бүгін де өзектілігін жоғалтқан жоқ. Осы мұраны тереңірек зерттеу және кеңінен насихаттау мақсатында AlmaU университетінде зерттеушілердің басын қосып, Ұлы даланың тарихи-мәдени мұрасын дәріптеуге үлес қосып келе жатқан «Ұлы Дала Академиясы» ғылыми-зерттеу орталығы жұмыс істейді», – деді.

Сонымен қатар Ресей географиялық қоғамының бірінші вице-президенті Артем Манукян қатысушыларға бейнеүндеу жолдады. Ал халықаралық түркі мәдениеті мен мұрасы халықаралық қорының президенті Ақтоты Райымқұлова конференцияның әлеуеті мен маңызын негізге алды.

Форумның негізгі спикерлері ретінде тарих ғылымдарының докторы, Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институтының директоры Зиябек Қабылдинов және жазушы, журналист әрі Орталық Азияны зерттеуші Ник Филдинг сөз сөйледі. Өз баяндамасында Ник Филдинг Шоқан Уәлихановтың ғылыми еңбектерінің XXI ғасырдағы маңызы туралы айтты. 

«Шоқан Уәлиханов көрнекті ғалым ғана емес, өз білімін халқының мүддесі мен мәдени мұрасын қорғауға арнаған қоғам қайраткері болды. Қазір оның еңбектері халықаралық деңгейде қайта зерделеуді қажет етеді, ал ғылыми ұстанымы зерттеудегі объективтілік, әлеуметтік жауапкершілік және мәдениетаралық диалогтың үйлесімін көрсететін үлгі болып қала береді» – деді Ник Филдинг.

Форум аясында Шоқан Уәлихановтың тарихи мұрасы мен оны дәріптеудің заманауи тәсілдеріне арналған екі панельдік сессия өтті. Бірінші панельдік сессия Шоқан Уәлиханов зерттеулеріндегі Ұлы Дала бейнесіне арналды. Қатысушылар қазақ тарихы, тарихи әдебиеттегі Шоқан тұлғасының көрінісі, сондай-ақ оның қырғыздың «Манас» эпосын зерттеуге қосқан үлесі туралы мәселелерді талқылады.

Сессия модераторы – PhD, AlmaU жанындағы «Ұлы Дала Академиясы» орталығының директоры Нұржан Құлымжанов. Сессияға қатысушылар Уәлихановтың ғылыми және тарихи мұрасының түрлі қырларын, соның ішінде XIX ғасырдағы қазақ халқының тарихын, сол кезеңнің геосаяси ахуалын, мәдениетаралық байланыстарды және этнографиялық зерттеулердің маңызын қарастырды.

Пікірталас барысында профессор, Халықаралық шығармашылық академиясының бірінші вице-президенті Майрам Акаева өз сөзінде Шоқан Уәлихановты «даланың Леонардо да Винчиі» деп атап, оның жан-жақты ғылыми дарыны мен зияткерлік әлеуеті туралы айтты. Тарих ғылымдарының кандидаты, Тарих және әлеуметтік ғылымдар академиясының академигі Дәурен Ескекбаев Шоқан өмір сүрген кезеңдегі қазақ тарихына тереңірек тоқталып, сол дәуірдің тарихи ерекшеліктерін баяндады. Сонымен бірге жазушы, Орталық Азияның XIX ғасырдағы тарихына арналған тарихи романдардың авторы (Ташкент, Өзбекстан) Владимир Фетисов «Шоқан Уәлиханов – Ұлы ойынның жарқын өкілдерінің бірі» тақырыбында баяндама жасады. Философия ғылымдарының докторы, профессор, «Ала-Тоо» халықаралық университетінің (Бішкек, Қырғызстан) пәнаралық қоғамдық және медицина ғылымдары кафедрасының меңгерушісі Чолпон Алиева мәдениетаралық диалог мәселесін және Шоқан Уәлихановтың «Манас» эпосын зерттеуге қосқан үлесін қарастырды. Одан бөлек тарих ғылымдарының кандидаты, әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Қазақстан тарихы кафедрасының аға оқытушысы  Сәуле Үдербаева Шоқан мен Ғази Уәлихановтардың өмірі, мұрасы және олар өмір сүрген тарихи кезеңнің ерекшеліктері туралы баяндады. Қолданбалы экономикалық зерттеулер орталығының (AERC) ғылыми жетекшісі, «Білім-Инновация» халықаралық қоғамдық қоры Қамқоршылық кеңесінің төрағасы Жақсыбек Құлекеев әлі де терең зерттеулер қажет екенін ескертті.

«Шоқан Уәлиханов көрнекті ғалым әрі ағартушы ғана емес, XIX ғасырдағы Орталық Азияның тарихи-мәдени келбетін өз туындыларында бейнелеген дарынды суретші-график те болды. Оның көркем мұрасы қазақ бейнелеу өнерінің бастауында тұрған құнды мұралардың бірі ретінде терең әрі жан-жақты зерттеуді қажет етеді», - деп атап өтті Жақсыбек Құлекеев.

Екінші панельдік сессия цифрлық дәуірде Шоқан мұрасын насихаттаудың жаңа форматтарын талқылауға арналды. Пікірталас барысында оның өмірбаяны мен ғылыми мұрасын деректі және анимациялық кино, сондай-ақ цифрлық платформалар арқылы жаңаша пайымдауға бағытталған жобаларға ерекше назар аударылды.

Сессия модераторы – PhD, AlmaU Жоғары бизнес мектебінің Креативті индустриялар орталығының директоры Әсел Қамза болды. Журналист, AlmaU Media and Film School көркемдік жетекшісі Дархан Әбдік  «Аққан жұлдыз» деректі фильмі: Шоқан Уәлихановтың өмір жолына жаңа көзқарас» тақырыбында баяндама жасады. Журналист, деректі фильм режиссері және Қазақстанның ізгі ниет елшісі Майя Бекбаева «Шоқан» атты жаңа деректі фильмі туралы әңгімеледі. «Idea Cinema» продакшн-компаниясының продюсері, «Шоқан. Қашғарияға саяхат» анимациялық фильмінің продюсері Самат Әлім анимациялық жобаны әзірлеу тәжірибесін бөлісті. Ол тарихи деректерді көркемдік қиялмен ұштастыру, тарихтан фэнтези жанрына көшу және «Шоқан. Қашғарияға саяхат» анимациялық фильмін жасау процесі туралы баяндады. Сессияны журналист, www.shoqan.kz жобасының жетекшісі Дәурен Меркеев қорытындылады. 

Форум аясында «Shoqan AI: Ғалым мұрасына жаңа көзқарас» республикалық бейнебайқауының жеңімпаздары марапатталды. Байқауға еліміздің әр өңірінен 96 қатысушы жасанды интеллект технологияларын қолдана отырып әзірлеген 90 бейнежұмыс ұсынды.

6 қарашада форум Жетісу облысы Кербұлақ ауданының Шанханай ауылындағы Шоқан Уәлиханов мемориалдық кешенінде жалғасады. Жиынның көшпелі бөлігін Жетісу облысы әкімдігінің қолдауымен өткізу өңірдің тарихи тұлғаларды ұлықтау мен тарихи жадты сақтаудағы маңызды рөлін көрсетеді.

II Халықаралық Shoqan Forum Шоқан Уәлихановтың ғылыми мұрасын заманауи зерттеулермен сабақтастырып, оның тарихи және зияткерлік құндылығын халықаралық деңгейде жаңаша пайымдауға мүмкіндік берді. Форум отандық және шетелдік ғалымдардың ғылыми ынтымақтастығын нығайтуға, тарихи мұраны сақтау мен цифрлық кеңістікте насихаттаудың жаңа бағыттарын айқындауға, сондай-ақ жас ұрпақтың ғылымға қызығушылығын арттыруға бағытталған маңызды алаң болды.

Оқиғаларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан ең өзекті жаңалықтарды қарап отырыңыз.
seeКөрілімдер:112
embedДереккөз:https://aikyn.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 06 Қараша 2026 14:29
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Ауыл шаруашылығы өкілдері аграрлық саланы дамыту мәселелерін талқылады

05 Қараша 2026 14:56see160

​Қазақстанда екі жаңа МӨЗ салу жоспарланып отыр: оның бірі Атырау облысында салынуы мүмкін

05 Қараша 2026 16:01see145

Рыбакина қатысатын WTA қорытынды турнирінің алғашқы ойындарының кестесі жарияланды

05 Қараша 2026 14:15see143

Атырау Орал жолындағы жөндеу жұмыстарының қарқыны қандай?

05 Қараша 2026 16:01see142

Ақтөбе облысында мұнай өңдеу зауыты салынады

05 Қараша 2026 14:21see141

Қазақстанның элиталық арнайы жасағында алғаш рет “Китана“ атты бойжеткен пайда болды

05 Қараша 2026 14:08see141

Жолдау жаңа жоспарлар мен іс қимылдың доктринасы

05 Қараша 2026 14:59see140

Өсімдік майының өндірісі 25 пайызға өсті

05 Қараша 2026 14:21see139

Путин Ресей халқы бөлінбеуі үшін көп жұмыс жасады Мемлекеттік Дума депутаты

05 Қараша 2026 14:21see138

Мұнай барлық жерде бола бермейді : Қазақстанда 112 учаске аукционға шығарылады

05 Қараша 2026 14:11see138

Қазақстанның Қытайға май өнімдерінің экспорты 1 миллион тоннаға жетпек

05 Қараша 2026 18:53see138

Маңғыстауда әскери қызметшілердің қаза табуы: сегіз лауазымды тұлға қамауға алынды

05 Қараша 2026 14:57see138

Кушнер АҚШ тың Украинадағы қақтығысты тоқтату мақсатын түсіндірді

05 Қараша 2026 14:21see137

Құрылтай депутаттары Павлодар облысында тұрғындармен кездесті

05 Қараша 2026 16:33see136

Криштиану Роналду ұлттық құрамадан кететінін мәлімдеді

05 Қараша 2026 17:38see136

Үйдегі газ үлкен жауапкершілік

05 Қараша 2026 14:58see135

Өзбекстанда кеден қызметінің өкілдігі ашылады: заңға қол қойылды

05 Қараша 2026 14:16see135

Қазақстан Ыстамбұлда сауда кеңсесін ашты

05 Қараша 2026 19:27see135

Барни ісі : 19 жастағы Мадинаның мәйітін қайта қазып алды

05 Қараша 2026 15:01see135

“Оның қалай кеткенін ешкім көрмеген“: Теміртауда үш баланың анасы екінші ай бойы іздестірілуде

05 Қараша 2026 14:10see134
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары