Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

СІМ Түркияда қазақстандық бойжеткеннің қаза тапқанын растады

Ресей Қазақстандағы ауқымды реформаларды құптайды елші Бородавкин

Киіз үй мен Каспий толқындары: Атырау әуежайының жаңа терминалы қандай болады?

Ыстамбұлдағы қайғылы оқиға: Қазақстан азаматының қазасын СІМ растады

Еуразиялық экономикалық одақ елдерінде өнеркәсіп өндірісі артты

Жауынгерлік өнер түрлерінен жабық ғимараттағы VI Азия ойындары 2027 жылға шегерілді

Тоқаев Лула да Силваны Бразилия президенті лауазымына қайта сайлануымен құттықтады

Мектептерде күзгі демалыс басталды

Ақтөбеде 1,5 мың жаңа жұмыс орны ашылады

Астана қаласының әкімі тағы бір лауазымды қызметтің тізгінін ұстады

45 ел қатысатын Азия ойындарын өткізу мерзімі келесі жылға шегерілді

Елде дрон иелеріне қатысты жаңа талаптар енгізілмек

Қазақстандықтарға 5 миллионға дейінгі несиелер мен айыппұлдарды кешіруге уәде беруде: TikTok тағы роликтердің астарында не жатыр

Президент Қасым Жомарт Тоқаев 28 қазан күні Қазақстан халқына Жолдауын жариялайды

Эстакада астындағы өмір: Астанада LRT ға жақын тұратындар қалай өмір сүріп жатыр?

Зеленский АҚШ тан зымыран жеткізу мәселесін қайта көтеруді тапсырды

Ақмола облысында көлік өртенді

Қасым Жомарт Тоқаев 28 30 қазан күндері Түркияға ресми сапармен барады

Желтоқсандағы кездесуді асыға күтемін : Трамптың Тоқаевқа жолдаған хаты жарияланды

Қазақстанда бірден 7 микроқаржы ұйымы лицензиясынан айырылды

Ұлттық ғылым академиясында физика және математика пәнінің мұғаліміне су жаңа автокөліктің кілті табысталды

Ұлттық ғылым академиясында физика және математика пәнінің мұғаліміне су жаңа автокөліктің кілті табысталды

Qazaq24.com, Aikyn.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып ақпарат бөліседі..

Бүгін Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Ұлттық ғылым академиясында көрнекті математик, академик Асқар Жұмаділдаевтың 70 жылдық мерейтойына орай физика және математика пәндерінің жас мұғалімдері арасында өткен қалалық олимпиаданың жеңімпаздарын салтанатты марапаттау рәсімі өтті, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.

Ғылымның болашағы мектеп қабырғасынан басталады. Осы идеяны арқау еткен мерекелік іс-шара жас педагогтердің кәсіби шеберлігін дәріптеуге, олардың зияткерлік әлеуетін қолдауға және қоғамдағы ұстаз мәртебесін арттыруға бағытталды.

Олимпиадаға Алматы қаласындағы 75-тен астам мектептен 115 жас мұғалім қатысып, олардың 45-і жүлделі орындарға ие болды.

Байқаудың ең басты жаңалығы – екі Гран-при иегерінің әрқайсысына Changan автокөлігінің берілуі. Математика пәнінен ең жоғары нәтиже көрсеткен №208 мектеп-гимназияның мұғалімі Еркегүл Шынарбек 38 ұпай жинап, қарсыластарынан айқын басым түсті. Ал физика пәнінен №126 мамандандырылған лицейдің мұғалімі Айсана Советхан 16,5 ұпаймен үздік атанды. Осылайша, екі жас педагогтің кәсіби жетістігі жоғары бағаланып, олардың еңбегі айрықша құрметке ие болды.

Олимпиада қорытындысы бойынша Гран-приден бөлек, бес мұғалім І орын, 12 педагог ІІ орын, 26 қатысушы ІІІ орын иеленді. Бұл нәтижелер қала мектептерінде жоғары кәсіби әлеуетке ие жас педагогтер буыны қалыптасып келе жатқанын көрсетті.

Салтанатты жиында ҚР Президентінің жанындағы Ұлттық ғылым академиясының президенті Ақылбек Күрішбаев жас ұрпақты ғылымға баулуда ұстаздардың рөлі ерекше екенін атап өтті. «Бұл бағыттағы жұмыстың негізі мектеп қабырғасынан қаланатыны сөзсіз. Сондықтан өскелең ұрпақтың ғылымға қызығушылығын оятып, дарынды шәкірттерді тәрбиелеп жүрген ұстаздардың еңбегі айрықша құрметке лайық», – деді Академия президенті. Ол жастарды ғылымға тарту, ғылыми кадрлар даярлау және олардың кәсіби әлеуетін арттыру Академия қызметінің негізгі басымдықтарының бірі екенін жеткізді. Осы тұрғыдан алғанда, үздік жас ұстаздардың Ұлттық ғылым академиясының шаңырағында ұлықталуы ғылым мен білім сабақтастығының маңызын айқындай түсті.

Академия басшысы өз сөзінде Ұлттық ғылым академиясының жас ғылыми кадрларды даярлау және еліміздің зияткерлік әлеуетін нығайту бағытындағы жүйелі жұмыстарына тоқталды. Атап айтқанда, Академия жанынан жас зерттеушілердің ғылыми-технологиялық саясатты қалыптастыруға қатысуына мүмкіндік беретін Жас ғалымдар кеңесі, сондай-ақ оқушыларды ерте жастан ғылыми ізденіске баулуға бағытталған Жас зерттеушілер академиясы (Кіші академия) құрылғанын атап өтті. Аталған құрылымдардың қатысуымен жас ғалымдардың форумдары мен конгрестері, ғылыми-инновациялық жобалар көрмелері және дарынды жастарды қолдауға арналған байқаулар ұйымдастырылып келеді. Сонымен қатар 12–13 қарашада ҚР Оқу-ағарту министрлігімен бірлесіп, еліміз бен шетелден 1000-нан астам жас ғалымның басын қосатын ІІІ Халықаралық жас ғалымдар конгресі өтетінін хабарлады. Бұл бастамалар ғылымдағы ұрпақтар сабақтастығын қамтамасыз етуге, жас таланттардың әлеуетін ашуға және Қазақстанның ғылыми кадрлық резервін нығайтуға бағытталған.

Іс-шараның академик Асқар Жұмаділдаевтың 70 жылдық мерейтойымен сабақтасуының символдық мәні зор. Қазақ математика ғылымының дамуына елеулі үлес қосқан ғалымның өмір жолы мен ғылыми ұстанымы – білімге адалдықтың, терең ойлаудың және үздіксіз ізденістің жарқын үлгісі.

«Қазақтың байлығы жердің астында емес, жердің үстінде. Балалардың басында», – деген академик Асқар Жұмаділдаевтың тағылымды сөзі бүгінгі іс-шараның негізгі идеясын айқындай түседі. Өйткені елдің зияткерлік әлеуеті ең алдымен сапалы біліммен, ал білім сапасы білікті ұстазбен тікелей байланысты.

Байқау Алматы қаласының Білім басқармасы, қалалық Әдістемелік орталық, Қазақстан математика мұғалімдері қауымдастығы және бас демеуші - Beta High School-дың бірлескен ұйымдастыруымен өтті. Бұл бастама жас педагогтердің кәсіби жетістіктерін бағалау мен ұстаз мәртебесін арттыруда мемлекеттік құрылымдар мен білім беру саласындағы серіктестердің өзара ықпалдастығының нәтижелі үлгісін көрсетті. Әсіресе, екі Гран-при иегеріне автокөліктердің табысталуы педагог еңбегін бағалауға тың серпін берген айрықша марапат болды.

Аталған олимпиада жас педагогтердің кәсіби әлеуетін анықтап қана қоймай, олардың тәжірибе алмасуына, пәндік құзыреттілігін жетілдіруіне және білім беру саласында жаңа кәсіби белестерге ұмтылуына мүмкіндік береді.

Бүгінгі жас ұстазға көрсетілген құрмет – ертеңгі ғалымға, жаңашыл ұрпаққа және Қазақстанның зияткерлік болашағына жасалған инвестиция.

Оқиғаларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан ең өзекті жаңалықтарды қарап отырыңыз.
seeКөрілімдер:49
embedДереккөз:https://aikyn.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 27 Қазан 2026 20:06
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

СІМ Түркияда қазақстандық бойжеткеннің қаза тапқанын растады

26 Қазан 2026 14:59see135

Ресей Қазақстандағы ауқымды реформаларды құптайды елші Бородавкин

26 Қазан 2026 10:23see131

Киіз үй мен Каспий толқындары: Атырау әуежайының жаңа терминалы қандай болады?

26 Қазан 2026 20:30see130

Ыстамбұлдағы қайғылы оқиға: Қазақстан азаматының қазасын СІМ растады

26 Қазан 2026 14:52see129

Еуразиялық экономикалық одақ елдерінде өнеркәсіп өндірісі артты

26 Қазан 2026 18:37see128

Жауынгерлік өнер түрлерінен жабық ғимараттағы VI Азия ойындары 2027 жылға шегерілді

26 Қазан 2026 21:17see128

Тоқаев Лула да Силваны Бразилия президенті лауазымына қайта сайлануымен құттықтады

26 Қазан 2026 09:51see128

Мектептерде күзгі демалыс басталды

26 Қазан 2026 18:37see119

Ақтөбеде 1,5 мың жаңа жұмыс орны ашылады

26 Қазан 2026 20:18see119

Астана қаласының әкімі тағы бір лауазымды қызметтің тізгінін ұстады

27 Қазан 2026 17:52see117

45 ел қатысатын Азия ойындарын өткізу мерзімі келесі жылға шегерілді

26 Қазан 2026 19:04see116

Елде дрон иелеріне қатысты жаңа талаптар енгізілмек

27 Қазан 2026 17:19see114

Қазақстандықтарға 5 миллионға дейінгі несиелер мен айыппұлдарды кешіруге уәде беруде: TikTok тағы роликтердің астарында не жатыр

27 Қазан 2026 14:44see114

Президент Қасым Жомарт Тоқаев 28 қазан күні Қазақстан халқына Жолдауын жариялайды

27 Қазан 2026 18:34see113

Эстакада астындағы өмір: Астанада LRT ға жақын тұратындар қалай өмір сүріп жатыр?

27 Қазан 2026 14:43see113

Зеленский АҚШ тан зымыран жеткізу мәселесін қайта көтеруді тапсырды

26 Қазан 2026 20:18see113

Ақмола облысында көлік өртенді

27 Қазан 2026 15:30see113

Қасым Жомарт Тоқаев 28 30 қазан күндері Түркияға ресми сапармен барады

27 Қазан 2026 17:35see113

Желтоқсандағы кездесуді асыға күтемін : Трамптың Тоқаевқа жолдаған хаты жарияланды

27 Қазан 2026 16:40see112

Қазақстанда бірден 7 микроқаржы ұйымы лицензиясынан айырылды

27 Қазан 2026 14:44see112
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары