Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Исхар Курбаев әлем чемпионатында қола жүлдегер атанды

Әлемдік концерттік туры аясында Димаш Құдайберген өзінің авторлық әндерін орындауда

СІМ Түркияда қазақстандық бойжеткеннің қаза тапқанын растады

Ресей Қазақстандағы ауқымды реформаларды құптайды елші Бородавкин

Ыстамбұлдағы қайғылы оқиға: Қазақстан азаматының қазасын СІМ растады

Киіз үй мен Каспий толқындары: Атырау әуежайының жаңа терминалы қандай болады?

Тоқаев Лула да Силваны Бразилия президенті лауазымына қайта сайлануымен құттықтады

Жауынгерлік өнер түрлерінен жабық ғимараттағы VI Азия ойындары 2027 жылға шегерілді

Еуразиялық экономикалық одақ елдерінде өнеркәсіп өндірісі артты

Мектептерде күзгі демалыс басталды

Ақтөбеде 1,5 мың жаңа жұмыс орны ашылады

45 ел қатысатын Азия ойындарын өткізу мерзімі келесі жылға шегерілді

Зеленский АҚШ тан зымыран жеткізу мәселесін қайта көтеруді тапсырды

Қазақстандықтарға 5 миллионға дейінгі несиелер мен айыппұлдарды кешіруге уәде беруде: TikTok тағы роликтердің астарында не жатыр

Эстакада астындағы өмір: Астанада LRT ға жақын тұратындар қалай өмір сүріп жатыр?

Көз өтеді дейді : Дариға Бадықова қазіргі күйеуінің өзіне қойған талабын айтты

Астанадағы мамандандырылған ХҚКО да қылмыстық топ құрылған: мемлекеттік корпорация түсініктеме берді

Ақмола облысында көлік өртенді

Соңғы үш жылда Балқаш көліне шамамен 40 млрд текше метр су жіберілді

Полицей басынан ауыр жарақат алған науқасты ауруханаға жеткізуге көмектесті видео

Qazaq24.com, Tengrinews.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып жаңалық таратады..

TikTok желісінде 18 жастан асқан қазақстандықтардың 5 млн теңгеге дейінгі несиелері мен айыппұлдарын есептен шығаруға уәде беретін бейнероликтер таралып жатыр. Президент жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінің Жалған ақпаратқа қарсы іс-қимыл орталығы бұл видеоларды зерделеді, деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Бейнеролик авторлары сенімді болу үшін мемлекеттік рәміздерді пайдаланып, профиль сипаттамасындағы сілтеме арқылы өтуге шақырады. Сілтеме бойынша ашылатын сайт ресми әлеуметтік көмек көрсететін сервис ретінде ұсынылған. Пайдаланушыға туған жылын көрсету ұсынылады, одан кейін бағдарлама шарттарына сәйкес келетіні хабарланып, Telegram-ға өтуге бағыттайды. Ал кері санақ таймері уақыттың шектеулі екенін көрсетіп, пайдаланушыны асығыс шешім қабылдауға итермелейді.

"Telegram-да авторизацияны растаған пайдаланушы іс жүзінде бөгде адамдарға өз аккаунтына, жеке хат алмасуларына және оған байланысты деректерге қол жеткізуге мүмкіндік береді", - деп ескертті орталық.

Арнайы сервистер бұл ресурсты фишинг және спам ретінде жіктейді. Бұған қоса тексеру кезінде домен небәрі 17 күн бұрын тіркелгені анықталды. Бұл дерек алаяқтық әрекетті толық дәлелдемейді, бірақ басқа белгілермен бірге қарастырғанда үлкен күдік тудырады.

"Аталған белгілер мемлекеттік көмек алу сылтауымен жасалатын фишингтік алаяқтық қаупі бар екенін көрсетеді, - деп толықтырды орталық мамандары.

Анықтама: Фишинг - интернет-алаяқтықтың түрі, оның мақсаты - алдау жолымен пайдаланушылардың құпия деректеріне (құпиясөздер, банк карталарының нөмірі, PIN-кодтар және жеке ақпарат) қол жеткізу.

Сондай-ақ Жалған ақпаратқа қарсы іс-қимыл орталығының өкілдері қалай күдікті сайтты анықтап, жеке деректерді қорғауға болатынын айтты:

Домен атауын тексеріңіз. Қазақстанның ресми мемлекеттік ресурстары .gov.kz домендік аймағын, ал басқа да көптеген ресми ұйым .kz доменін қолданады. Мемлекеттік органдар мен ұйымдардың сайт атауларында көбіне қазақ тіліндегі сөздер мен олардың қысқартылған нұсқалары латын әріптерімен жазылады. Бейтаныс домендерге назар аударыңыз. Егер сайт атауы мысалы .cfd, .xyz, .top немесе .click сияқты бейтаныс домендік аймақтармен аяқталса, оны мұқият тексерген жөн. Сыртқы көрінісіне ғана сенбеңіз. Сайтта мемлекеттік рәміздер, логотиптер мен қорғалған қосылым байланыс белгілерінің болуы оның мемлекеттік органға тиесілі екенін растамайды. Уәделерді тексеріңіз. Несиелер мен айыппұлдарды есептен шығару туралы қандай да бір ақпарат тараса, оны тек мемлекеттік органдардың ресми ақпарат көздерінен қараңыз. Күдікті авторизацияны растамаңыз. Егер сілтеменің немесе қосымшаның қайдан шыққанына және кімге қандай құқық беріп жатқаныңызға сенімді болмасаңыз, Telegram және басқа да жеке аккаунттарыңызға рұқсат бермеңіз. Егер күдікті сілтеме арқылы кіріп қойған болсаңыз, Telegram-дағы белсенді сеанстарды тексеріңіз, бейтаныс құрылғыларды өшіріңіз және екі кезеңді аутентификацияны қосыңыз.

ОКҚ Жалған ақпаратқа қарсы іс-қимыл орталығы алаяқтар пайдаланушыларды өз айласына түсірудің әр кезеңін мұқият ойластыратынын еске салды: олар қарыздарды есептен шығаруға, қаржылай көмек көрсетуге уәде береді немесе қоғамдағы өзекті мәселелерді пайдаланып, адамдардың сеніміне кіруге және оларды өздеріне қажетті әрекеттерге итермелеуге тырысады.

"Сырт көзге сенімді көрінетін мұндай жарияланымдардың артында азаматтардың жеке деректері мен аккаунттарына қол жеткізуді көздейтін фишингтік схемалар жасырынуы мүмкін. Сондықтан құрғақ уәделерге сенбей, ақпаратты ресми дереккөздер арқылы тексеріп, күмәнді сілтемелер мен аккаунтқа кіруге рұқсат беру туралы сұрауларға мұқият қараған жөн", - делінген хабарламада.

Бұған дейін Қазақстанда алаяқтар жаңа схеманы қолдана бастағаны хабарланған еді: олар қызметкерлерге басшылықтың немесе әріптестерінің атынан қоңырау шалып, кейін мессенджерде деректемелерді, кодтарды немесе басқа ақпаратты жіберуді сұрайды. Бұл ретте телефон экранында расында таныс адамның нөмірі көрінуі мүмкін. Толығырақ мына сілтеме арқылы оқыңыз.

Тағы оқыңыз: Қазақстандықтарды қалай алдайды: кеңінен таралған үш схема

Бізді Google-дың негізгі дереккөздер тізіміне қосыңыз

Қосу
Қосымша ақпарат пен соңғы жаңалықтар үшін Qazaq24.com сайтын бақылаңыз.
seeКөрілімдер:108
embedДереккөз:https://kaz.tengrinews.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 27 Қазан 2026 14:44
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Исхар Курбаев әлем чемпионатында қола жүлдегер атанды

25 Қазан 2026 18:29see145

Әлемдік концерттік туры аясында Димаш Құдайберген өзінің авторлық әндерін орындауда

25 Қазан 2026 16:29see140

СІМ Түркияда қазақстандық бойжеткеннің қаза тапқанын растады

26 Қазан 2026 14:59see132

Ресей Қазақстандағы ауқымды реформаларды құптайды елші Бородавкин

26 Қазан 2026 10:23see129

Ыстамбұлдағы қайғылы оқиға: Қазақстан азаматының қазасын СІМ растады

26 Қазан 2026 14:52see127

Киіз үй мен Каспий толқындары: Атырау әуежайының жаңа терминалы қандай болады?

26 Қазан 2026 20:30see127

Тоқаев Лула да Силваны Бразилия президенті лауазымына қайта сайлануымен құттықтады

26 Қазан 2026 09:51see126

Жауынгерлік өнер түрлерінен жабық ғимараттағы VI Азия ойындары 2027 жылға шегерілді

26 Қазан 2026 21:17see126

Еуразиялық экономикалық одақ елдерінде өнеркәсіп өндірісі артты

26 Қазан 2026 18:37see125

Мектептерде күзгі демалыс басталды

26 Қазан 2026 18:37see117

Ақтөбеде 1,5 мың жаңа жұмыс орны ашылады

26 Қазан 2026 20:18see116

45 ел қатысатын Азия ойындарын өткізу мерзімі келесі жылға шегерілді

26 Қазан 2026 19:04see114

Зеленский АҚШ тан зымыран жеткізу мәселесін қайта көтеруді тапсырды

26 Қазан 2026 20:18see111

Қазақстандықтарға 5 миллионға дейінгі несиелер мен айыппұлдарды кешіруге уәде беруде: TikTok тағы роликтердің астарында не жатыр

27 Қазан 2026 14:44see107

Эстакада астындағы өмір: Астанада LRT ға жақын тұратындар қалай өмір сүріп жатыр?

27 Қазан 2026 14:43see107

Көз өтеді дейді : Дариға Бадықова қазіргі күйеуінің өзіне қойған талабын айтты

26 Қазан 2026 12:40see106

Астанадағы мамандандырылған ХҚКО да қылмыстық топ құрылған: мемлекеттік корпорация түсініктеме берді

26 Қазан 2026 09:30see105

Ақмола облысында көлік өртенді

27 Қазан 2026 15:30see105

Соңғы үш жылда Балқаш көліне шамамен 40 млрд текше метр су жіберілді

27 Қазан 2026 14:49see105

Полицей басынан ауыр жарақат алған науқасты ауруханаға жеткізуге көмектесті видео

25 Қазан 2026 18:12see104
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары