Соңғы үш жылда Балқаш көліне шамамен 40 млрд текше метр су жіберілді
Qazaq24.com, Sputnik.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып жаңалық жариялады..
АСТАНА, 27 қазан — Sputnik. Соңғы үш жылда Балқаш көліне шамамен 40 млрд текше метр су түсіп, бұл көл деңгейін тұрақтандыруға мүмкіндік берді, деп хабарлады Су ресурстары және ирригация министрлігі.
Атап айтқанда, 2024 жылы Балқаш көліне шамамен 15,9 млрд текше метр су жіберілсе, 2025 жылы бұл көрсеткіш 13,9 млрд текше метрді құрады. Ал биыл жыл басынан бері көлге 9,7 млрд текше метрден астам су келіп түсті.
"Іле өзені арқылы Балқашқа келетін су көлемі көпжылдық орташа көрсеткішке сай. Бұл көлдегі су деңгейін тұрақты ұстап тұруға мүмкіндік беріп отыр. Қазір Балқаштың су деңгейі Балтық биіктік жүйесі бойынша теңіз деңгейінен 341 метр белгісінде сақталып отыр", - деді су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов.
Ведомство басшысының айтуынша, сонымен қатар француз сарапшыларымен бірлесіп, Балқаш көлін 2040 жылға дейін сақтауға арналған бас жоспар әзірленіп жатыр. Далалық зерттеулер жүргізілді және қазіргі уақытта алынған нәтижелерге талдау жасалып жатыр.
Балқашқа су Қапшағай су қоймасынан жіберіледі. Ол трансшекаралық Іле өзенінің суын реттеп отырады. Биыл Қапшағай су қоймасы 98%-ға толды. Ал алдыңғы екі жылда су қоймасы толық көлемде 100% толтырылған.
Бұл тақырыптағы басқа жаңалықтар:
Көрілімдер:104
Бұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 27 Қазан 2026 14:49 



Кіру
Жаңалықтар
Ауа райы
Магниттік дауылдар
Намаз уақыты
Қымбат металдар
Валюта конвертері
Кредит есептегіш
Криптовалюта бағамы
Жұлдыздар
Сұрақ - Жауап
Интернет жылдамдығын тексеріңіз
Қазақстан радиосы
Қазақстан телевизиясы
Біз туралы








Ең көп оқылғандар



















