Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Алдағы сайлау партия үшін маңызды саяси кезең

Елу жастан асқан 10 мыңнан астам қазақстандық жұмысқа орналасты

Republic Day және Bereke Fest: жекелеген тауарларға 50% ға дейін жеңілдік

​Атырауда мерекелік демалыс алдында екі ХҚКО кезекпен жұмыс істейді

​Атырауда TikTok та бейәдеп сөз айтқан қыздың анасы жазаланды

Бублик Медведевпен Almaty Open финалына берілетін жолдаманы сарапқа салады

Орташа жалақы 486 мың теңгеден асты

Құлсарыда мектеп жанындағы жер қараусыз тұр

Вице Президент қоғам қайраткерлерін марапаттады

Балуан Айдос Сұлтанғали әлем біріншілігінің 1/2 финалына шықты

Дженсен Хуанг: интернатта өскен бала NVIDIA компаниясын қалай құрды

Нұртан Ыдырысов Нидерландтағы әлем чемпионатының финалында өнер көрсетті

№161 лицейде Республика күніне арналған салтанатты іс шара өтті

Кәсіпкерлерді жыл сайын әуреге салған мекеме прокуратура назарына ілікті

Қазақстанда орташа жалақы 486 мың теңгеден асып кетті

Дастан Сәтпаев ойнаса да, Бернли тағы да жеңілді

Бублик Almaty Open турнирінде қалай жарақат алғанын айтты

Абай Бегей мен Фариза Жұманова Вьетнамда гендер пати өткізді

Алаяқтар сіздің атыңызға несие рәсімдемеуі үшін не істеу керек?

Классик Мерей Мәулитқанов Олимпиада жүлдегерін жеңіп, әлем чемпионатының ширек финалына өтті

Әлемдік концерттік туры аясында Димаш Құдайберген өзінің авторлық әндерін орындауда

Әлемдік концерттік туры аясында Димаш Құдайберген өзінің авторлық әндерін орындауда

Qazaq24.com, Zakon.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып ақпарат бөліседі..

Концерттік бағдарламадағы әндердің жартысынан астамында Димаш өзін орындаушы ретінде ғана емес, шығармалардың авторы ретінде де танытты, деп нақтылайды dimashnews.com.

"DIMENSIONS турының атауында көрініс тапқан жаңа өлшемдер әлемдік деңгейдегі әсерлі шоумен ғана шектелмейді. Бұл – Димаштың өзі жазған музыкалық туындыларын көпшілікке ұсынып, шығармашылығының жаңа белесіне көтерілгенін айғақтайтын кезең. Концерттік бағдарлама турдың атауымен аттас әнімен басталады. Қуатты ырғақ пен ерекше музыкалық серпінге құрылған туынды бүкіл аренаны баурап алады. Ал келесі "Somebody loves you" авторлық шығармасы тыңдарманды лирикалық әлемге жетелеп, өнерпаз шығармашылығының өзге бір эмоциялық қырын ашады", делінген ресми сайтта.

"Voice Beyond Horizon" жобасына арнайы жазылған "Fire" және "Самғау" әндерінің музыкасын да Димаштың өзі жазған. Бұл туындылар алғаш рет өткен жылы Нью-Йоркте сахнада орындалған болатын. Аталған концерт туралы толығырақ мәліметті жақын арада жарық көретін деректі фильмнен көруге болады. Фильм ТМД елдерінен шыққан өнерпаздар арасында алғаш болып әйгілі Madison Square Garden аренасында концерт берген Димаштың тарихи өнер көрсетуіне арналады.

DIMENSIONS шоуының бағдарламасы кейінгі жылдары жарық көрген жаңа туындылармен ғана шектелмейді. Оған Димаштың композитор ретінде қалыптасуы мен шығармашылық дамуының әр кезеңін айшықтайтын әндер де енген. Атап айтқанда, көрермендер композитордың алғашқы авторлық туындыларының бірі – 2016 жылы аттас концерттік турдың басталуына негіз болған "Ұмытылмас күн" әнін тыңдай алады. Сондай-ақ 2019 жылы "D-Dynasty" туры аясында алғаш орындалып, тыңдарман ықыласына бөленген "Give me your love" әнінің жігерлі ырғағынан ерекше қуат алады. Ал 2022 жылы "Stranger" шоуының басталуына орай жарық көрген ауқымды туындыларының бірі – "The story of one sky" көрерменді бейбітшілік пен адамзат тағдыры туралы терең ойға жетелейді.

Димаштың авторлық шығармаларының қатарында музыкасын ғана емес, сөзін де өзі жазған туындылар бар. Қазақ тіліндегі бұл композициялар философиялық толғаныстарға, өмір туралы пайымдарға және тыңдарманмен рухани сұхбат құруға негізделген. Солардың бірі – "Omir" әнін Димаш өз өмірінің үш түрлі жас кезеңін бейнелейтін үш дауыс арқылы орындады. Ал "Moonlight" туындысы алғаш рет осы жаңа концерттік тур аясында көпшілік назарына ұсынылды.

Композитор ретінде Димаш түрлі тілдердегі ән мәтіндерімен жұмыс істейді. Мәселен, жаңа шоу аясында ол түрік тіліндегі "Yazgi" әнін сахнада алғаш рет орындап, жуырда жарық көрген туындысын көрерменге ұсынды. Сонымен қатар ағылшын тіліндегі "Tell me why", қазақ тіліндегі "Жаңа күн" атты жаңа авторлық шығармалары мен сөзсіз-ақ терең сезімді жеткізетін, әуезділігі мен орындаушылық шеберлігі арқылы биікке самғататын вокализі де концерттік бағдарламадан орын алды.

"Димаштың жаңа авторлық туындылары жанкүйерлер тарапынан ерекше ықыласпен қабылданды. Концерттер арасындағы үзілісте Димаш шығармашылық тобының мүшелерімен бірге TikTok платформасында тікелей эфирге шығып, Dears жанкүйерлерімен тілдесті. Эфир барысында қойылған сұрақтар мен өтініштердің басым бөлігі жаңа әндердің ресми түрде жарық көруіне қатысты болды. Тыңдармандарының ыстық ықыласы мен қолдауына ризашылығын білдірген Димаш қазіргі уақытта жаңа альбом әзірленіп жатқанын хабарлады. Альбомға оның автор әрі музыкалық продюсер ретінде қатысқан шығармалары енеді", делінген мақалада.

DIMENSIONS әлемдік концерттік туры жалғасуда, келесі "аялдама" – Испанияның Мадрид қаласы.

Оқиғаларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан ең өзекті жаңалықтарды қарап отырыңыз.
seeКөрілімдер:98
embedДереккөз:https://kaz.zakon.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 25 Қазан 2026 16:29
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Алдағы сайлау партия үшін маңызды саяси кезең

24 Қазан 2026 01:43see141

Елу жастан асқан 10 мыңнан астам қазақстандық жұмысқа орналасты

23 Қазан 2026 19:26see140

Republic Day және Bereke Fest: жекелеген тауарларға 50% ға дейін жеңілдік

23 Қазан 2026 18:33see139

​Атырауда мерекелік демалыс алдында екі ХҚКО кезекпен жұмыс істейді

23 Қазан 2026 20:38see136

​Атырауда TikTok та бейәдеп сөз айтқан қыздың анасы жазаланды

23 Қазан 2026 20:38see134

Бублик Медведевпен Almaty Open финалына берілетін жолдаманы сарапқа салады

23 Қазан 2026 23:56see133

Орташа жалақы 486 мың теңгеден асты

23 Қазан 2026 21:12see133

Құлсарыда мектеп жанындағы жер қараусыз тұр

23 Қазан 2026 20:38see127

Вице Президент қоғам қайраткерлерін марапаттады

24 Қазан 2026 03:29see126

Балуан Айдос Сұлтанғали әлем біріншілігінің 1/2 финалына шықты

24 Қазан 2026 15:04see124

Дженсен Хуанг: интернатта өскен бала NVIDIA компаниясын қалай құрды

24 Қазан 2026 15:44see123

Нұртан Ыдырысов Нидерландтағы әлем чемпионатының финалында өнер көрсетті

23 Қазан 2026 22:07see122

№161 лицейде Республика күніне арналған салтанатты іс шара өтті

24 Қазан 2026 15:17see122

Кәсіпкерлерді жыл сайын әуреге салған мекеме прокуратура назарына ілікті

24 Қазан 2026 14:06see122

Қазақстанда орташа жалақы 486 мың теңгеден асып кетті

25 Қазан 2026 09:29see122

Дастан Сәтпаев ойнаса да, Бернли тағы да жеңілді

24 Қазан 2026 22:01see117

Бублик Almaty Open турнирінде қалай жарақат алғанын айтты

25 Қазан 2026 10:00see116

Абай Бегей мен Фариза Жұманова Вьетнамда гендер пати өткізді

25 Қазан 2026 10:13see115

Алаяқтар сіздің атыңызға несие рәсімдемеуі үшін не істеу керек?

24 Қазан 2026 22:17see113

Классик Мерей Мәулитқанов Олимпиада жүлдегерін жеңіп, әлем чемпионатының ширек финалына өтті

24 Қазан 2026 14:36see113
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары