Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Алдағы сайлау партия үшін маңызды саяси кезең

Елу жастан асқан 10 мыңнан астам қазақстандық жұмысқа орналасты

Republic Day және Bereke Fest: жекелеген тауарларға 50% ға дейін жеңілдік

​Атырауда мерекелік демалыс алдында екі ХҚКО кезекпен жұмыс істейді

​Атырауда TikTok та бейәдеп сөз айтқан қыздың анасы жазаланды

Бублик Медведевпен Almaty Open финалына берілетін жолдаманы сарапқа салады

Орташа жалақы 486 мың теңгеден асты

Құлсарыда мектеп жанындағы жер қараусыз тұр

Вице Президент қоғам қайраткерлерін марапаттады

Балуан Айдос Сұлтанғали әлем біріншілігінің 1/2 финалына шықты

Дженсен Хуанг: интернатта өскен бала NVIDIA компаниясын қалай құрды

Нұртан Ыдырысов Нидерландтағы әлем чемпионатының финалында өнер көрсетті

№161 лицейде Республика күніне арналған салтанатты іс шара өтті

Кәсіпкерлерді жыл сайын әуреге салған мекеме прокуратура назарына ілікті

Қазақстанда орташа жалақы 486 мың теңгеден асып кетті

Дастан Сәтпаев ойнаса да, Бернли тағы да жеңілді

Бублик Almaty Open турнирінде қалай жарақат алғанын айтты

Абай Бегей мен Фариза Жұманова Вьетнамда гендер пати өткізді

Классик Мерей Мәулитқанов Олимпиада жүлдегерін жеңіп, әлем чемпионатының ширек финалына өтті

Алаяқтар сіздің атыңызға несие рәсімдемеуі үшін не істеу керек?

Республика күні: Трамп, Ердоған, Си Цзиньпин қазақстандықтарды құттықтады

Республика күні: Трамп, Ердоған, Си Цзиньпин қазақстандықтарды құттықтады

Qazaq24.com, Tengrinews.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып жаңалық жариялады..

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың атына ұлттық мереке – Республика күніне орай шет мемлекеттердің басшылары мен халықаралық ұйымдардың жетекшілерінен құттықтаулар түсіп жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ресей президенті Владимир Путин жеделхатта Қазақстанның экономикалық және әлеуметтік салаларда қол жеткізген табыстарына тоқталып, еліміздің халықаралық қарым-қатынаста салмақты әрі сындарлы рөл атқаратынын, сондай-ақ, әлемде абырой-беделі биік екенін атап өткен.

"Ресей мен Қазақстан арасындағы байланыстар стратегиялық серіктестік пен одақтастық рухында жемісті ілгерілеп келеді. Барлық бағыттағы өзара тиімді ынтымақтастығымызды достас халықтарымыздың игілігі үшін, сондай-ақ Еуразия кеңістігіндегі қауіпсіздік пен тұрақтылықты нығайту жолында дәйекті түрде тереңдете береміз деп сенемін", – деп жазды Владимир Путин.

Қытай Халық Республикасының төрағасы Си Цзиньпин Қазақстанда ауқымды саяси реформалар іске асырылғанын атап өтіп, қоғамдық тұрақтылықты қамтамасыз ету, экономикалық өсімнің орнықтылығын сақтау, халықтың әл-ауқатын көтеру, елдің өңірлік және халықаралық позициясын нығайту бағытында қарқынды жұмыс жүргізіліп жатқанына назар аударған.

"Қазақ-қытай қарым-қатынасын ілгерілетуге ерекше мән беремін. Екіжақты ынтымақтастықты одан әрі тереңдету мақсатында бірлесе күш жұмылдыруға, сондай-ақ, халықтарымыздың игілігі үшін ықпалдастық мазмұнын байытуға әзірмін", – деді Си Цзиньпин.

Бұған дейін Мемлекет басшысының атына құттықтау хатын АҚШ президенті Дональд Трамп та жолдаған болатын.

"Мемлекеттеріміз арасындағы Кеңейтілген стратегиялық серіктестікті жоғары бағалаймын және мен президенттік лауазымды атқарған екі мерзімде қалыптасқан берік байланысты одан әрі нығайтамыз деп сенемін. Осы қуанышты сәтті сіздермен бөлісу – мен үшін зор мәртебе", – деп жазған Дональд Трамп.

Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиёев кейінгі жылдары екі ел басшыларының бірлескен ерік-жігерінің арқасында Қазақстан мен Өзбекстан арасында орнаған стратегиялық серіктестікке және одақтастық қарым-қатынасқа көңілі толатынын жеткізген. Бұл тату көршілік пен тығыз достық қағидаттарына негізделген байланыстарымыздың соны сипатқа ие болғанын көрсетеді.

Қырғызстан президенті Садыр Жапаров 1990 жылы 25 қазанда Мемлекеттік егемендік туралы декларацияның қабылдануы Қазақстанның тәуелсіздігіне жол ашқанын, сондай-ақ елдің тарихи мұраға адалдығын және халықтың дербес ел болашағының іргесін қалау жөнінде батыл шешім қабылдағанын паш еткенін атап өткен.

Тәжікстан президенті Эмомали Рахмон Қазақстанмен арадағы тарихи дәстүрді, өзара құрметті және сенімді арқау еткен достық қарым-қатынас пен ынтымақтастықты жоғары бағалайтынын жазған.

Түрікменстан президенті Сердар Бердімұхамедов құттықтауында Қазақстан егемендік жылдарында мемлекеттілікті нығайтуда, халықтың әл-ауқатын жақсартуда және елдің халықаралық аренадағы беделін арттыруда айтарлықтай табысқа жеткеніне назар аударған.

Түркия президенті Режеп Тайип Ердоған тарихи және мәдени тамыры біте қайнасқан екі елдің ерекше қарым-қатынасы қос халықтың игілігі үшін кеңейтілген стратегиялық серіктестік рухында тереңдей беретініне сенім білдірген.

"Биыл 14 мамырда Астанада өткен Қазақстан мен Түркияның Жоғары деңгейдегі стратегиялық ынтымақтастық кеңесінің алтыншы отырысы, сондай-ақ, Түркістанда ұйымдастырылған Түркі мемлекеттері ұйымының бейресми саммиті стратегиялық серіктестігіміздің беріктігін айқын көрсетті", – деді Режеп Тайип Ердоған.

Әзербайжан президенті Ильхам Әлиев Әзербайжан халқы бауырлас ел ретінде Қазақстанның елеулі табыстарына риясыз қуанатынын жазды.

"Өзара тұрақты сапарларымыз, кездесулеріміз бен жоғары деңгейдегі белсенді диалог екіжақты қарым-қатынастарды анағұрлым қарқынды дамытып, стратегиялық серіктестікті, сондай-ақ одақтастықты нығайту және оны жаңа мазмұнмен байыту ісінде маңызды рөл атқарады. Сіздің жуырда АӨСШК жетінші саммитіне қатысу үшін Әзербайжанға сапармен келгеніңізді жоғары бағалаймын", – деді Ильхам Әлиев.

Франция президенті Эмманюэль Макрон жеделхатта ізгі тілегі мен ықыласын білдірді.

"Қазақстан жұртшылығына француз халқының шынайы достық ниетін жеткізуіңізді өтінемін. Дипломатиялық байланыстардың 35 жылдығы аясында және Қазақстан тәуелсіздік алған сәттен бері елдеріміз екіжақты ынтымақтастықты дәйекті түрде нығайтып, бейбіт, өркендеген және орнықты әлем құру жолында өзара күш-жігер біріктіріп келе жатқанын, көптеген халықаралық мәселе бойынша ұстанымдары ұқсас екенін атап өткім келеді", – делінген жеделхатта.

Ұлыбритания және Солтүстік Ирландия Біріккен Корольдігінің королі ІІІ Чарльз Қасым-Жомарт Тоқаевқа және Қазақстан азаматтарына жылы лебізін жолдады. Король ІІІ Чарльз екі ел арасындағы берік достыққа жоғары баға беріп, екіжақты байланыстардың беки түскенін және алдағы жылдары өзара тиімді ынтымақтастық аясын одан әрі кеңейтуге бейіл екенін растаған.

Корея президенті Ли Чжэ Мёң Қазақстан мемлекеттіліктің бай дәстүріне, қоғамдағы тұрақтылыққа және ұлттық бірлікке арқа сүйей отырып, жасампаздық пен жарқын келешек жолында нық қадам баса беретініне сенім білдірді.

"Биыл қыркүйек айында Сеулге жасаған мемлекеттік сапарыңыздың қорытындысы бойынша Қазақстан мен Корея Республикалары арасында болашаққа бағдарланған жан-жақты стратегиялық серіктестік қарым-қатынас орнағанын айрықша атап өткім келеді", – делінген жеделхатта.

Сондай-ақ, құттықтау лебіздерін Германия президенті Франк-Вальтер Штайнмайер, Италия президенті Серджо Маттарелла, Аустрия президенті Александр Ван дер Беллен, Швейцария президенті Ги Пармелан, Беларусь президенті Александр Лукашенко, Армения премьер-министрі Никол Пашинян, БАӘ президенті, шейх Мұхаммед бен Заид Әл Наһаян, БАӘ вице-президенті, премьер-министрі, Дубай Әміршісі, шейх Мұхаммед бен Рашид Әл Мактум, БАӘ вице-президенті, премьер-министрдің орынбасары, президент Әкімшілігінің жетекшісі, шейх Мансұр бен Заид Әл Наһаян, Оман Сұлтаны Хайсам бен Тариқ, Қос киенің сақшысы, Сауд Арабиясының королі Салман бен Әбделәзиз Әл Сауд, Сауд Арабиясының тақ мұрагері, премьер-министрі Мұхаммед бен Салман бен Әбделәзиз Әл Сауд, Бельгиялықтар королі Филипп, Испания Королі VI Фелипе, Швеция королі XVI Карл Густав, Монако князі II Альбер, Бахрейн королі Хамад бен Иса Әл Халифа, Жапония императоры Нарухито, Таиланд королі Маха Вачиралонгкорн, Рим папасы XIV Лео, Сербия президентінің міндетін атқарушы Ана Брнабич, Иран президенті Масуд Пезешкиан, Пәкістан президенті Асиф Али Зардари, Пәкістан премьер-министрі Шахбаз Шариф, Палестина президенті Махмұд Аббас, Индонезия президенті Прабово Субианто, Мьянма президенті Мин Аун Хлайн, Сингапур президенті Тарман Шанмугаратнам, Вьетнам президенті То Лам, Лаос президенті Тхонглун Сисулит, Чехия президенті Петр Павел, Румыния президенті Никушор Дан, Словения президенті Наташа Пирц-Мусар, Литва президенті Гитанас Науседа, Мальта президенті Мириам Спитери Дебоно, Болгария президенті Илияна Йотова, Эфиопия президенті Тайе Ацке-Селассие, Никарагуа тең президенттері Даниэль Ортега мен Росарио Мурильо, БҰҰ бас хатшысы Антониу Гутерриш, Еуропалық Кеңес төрағасы Антониу Кошта, ЮНЕСКО бас директоры Халед әл-Анани, ТМД бас хатшысы Сергей Лебедев және басқа да ресми тұлғалар жолдады.

Құттықтау жеделхаттары әлі де келіп түсіп жатыр.

Бізді Google-дың негізгі дереккөздер тізіміне қосыңыз

Қосу
Маңызды жаңалықтар мен жаңартуларды өткізіп алмау үшін Qazaq24.com сайтын қадағалаңыз.
seeКөрілімдер:49
embedДереккөз:https://kaz.tengrinews.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 25 Қазан 2026 15:58
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Алдағы сайлау партия үшін маңызды саяси кезең

24 Қазан 2026 01:43see141

Елу жастан асқан 10 мыңнан астам қазақстандық жұмысқа орналасты

23 Қазан 2026 19:26see140

Republic Day және Bereke Fest: жекелеген тауарларға 50% ға дейін жеңілдік

23 Қазан 2026 18:33see139

​Атырауда мерекелік демалыс алдында екі ХҚКО кезекпен жұмыс істейді

23 Қазан 2026 20:38see136

​Атырауда TikTok та бейәдеп сөз айтқан қыздың анасы жазаланды

23 Қазан 2026 20:38see134

Бублик Медведевпен Almaty Open финалына берілетін жолдаманы сарапқа салады

23 Қазан 2026 23:56see133

Орташа жалақы 486 мың теңгеден асты

23 Қазан 2026 21:12see133

Құлсарыда мектеп жанындағы жер қараусыз тұр

23 Қазан 2026 20:38see127

Вице Президент қоғам қайраткерлерін марапаттады

24 Қазан 2026 03:29see126

Балуан Айдос Сұлтанғали әлем біріншілігінің 1/2 финалына шықты

24 Қазан 2026 15:04see124

Дженсен Хуанг: интернатта өскен бала NVIDIA компаниясын қалай құрды

24 Қазан 2026 15:44see123

Нұртан Ыдырысов Нидерландтағы әлем чемпионатының финалында өнер көрсетті

23 Қазан 2026 22:07see122

№161 лицейде Республика күніне арналған салтанатты іс шара өтті

24 Қазан 2026 15:17see122

Кәсіпкерлерді жыл сайын әуреге салған мекеме прокуратура назарына ілікті

24 Қазан 2026 14:06see122

Қазақстанда орташа жалақы 486 мың теңгеден асып кетті

25 Қазан 2026 09:29see122

Дастан Сәтпаев ойнаса да, Бернли тағы да жеңілді

24 Қазан 2026 22:01see117

Бублик Almaty Open турнирінде қалай жарақат алғанын айтты

25 Қазан 2026 10:00see116

Абай Бегей мен Фариза Жұманова Вьетнамда гендер пати өткізді

25 Қазан 2026 10:13see115

Классик Мерей Мәулитқанов Олимпиада жүлдегерін жеңіп, әлем чемпионатының ширек финалына өтті

24 Қазан 2026 14:36see113

Алаяқтар сіздің атыңызға несие рәсімдемеуі үшін не істеу керек?

24 Қазан 2026 22:17see113
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары