Республика күніне орай Көкшетаудың ең биік нүктесінде Мемлекеттік Ту көтерілді
Tengrinews.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com жаңалық жариялайды..
Көкшетау қаласы бүкіл елмен бірге Республика күнін атап өтуде. Мерекенің негізгі шаралары "Ту тұғыры" монументі орналасқан алаңда өтті. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Әнұранының сүйемелдеуімен көк Тудың көкке көтерілу рәсімін тамашалауға жүздеген қала тұрғыны жиналды.
Ақмола облысының ішкі саясат басқармасының мәліметінше, салтанатты шараға Ақмола облысының әкімі қатысты.
Мемлекет басшысының бастамасымен бүгінде Мемлекеттік Туды салтанатты түрде көтеру рәсімі еліміздің барлық өңірінде өткізіліп, игі дәстүрге айналды.
Жиналған қауымды Ақмола облысының әкімі Марат Ахметжанов құттықтады.
"Біз – қай кезде де Туын биік ұстаған, оны ерлік пен мемлекеттіліктің символы деп білетін халықпыз. Көк байрағымыздың салтанатты түрде желбіреуі еліміздің Тәуелсіздігінің 35 жылдығы қарсаңында айрықша мәнге ие. Бұл – азаттықтың қадірін терең түсініп, жүріп өткен жолымызды бағалап, болашаққа сеніммен қарауға үндейтін маңызды сәт", – деді Марат Ахметжанов.
Ақмола облысының ішкі саясат басқармасының мәліметінше, дәстүр бойынша салтанатты рәсімнің ресми бөлімі өңірдің дамуына еңбегімен үлес қосып, қоғамдық істерге белсене атсалысып жүрген азаматтарды марапаттаумен жалғасты. Облыс әкімі 14 жас ақмолалыққа алғыс хаттар табыстады.
Шара соңында патриоттық мазмұндағы шығармашылық қойылым ұсынылды. Әуенмен астасқан салтанатты сәтте алаң үстінде желбіреген Мемлекеттік Ту мерекенің басты символына айналды.
Ақмола облысының ішкі саясат басқармасы ұсынған материал
Бізді Google-дың негізгі дереккөздер тізіміне қосыңыз
Қосу
Бұл тақырыптағы басқа жаңалықтар:
Көрілімдер:104
Бұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 25 Қазан 2026 14:10 



Кіру
Жаңалықтар
Ауа райы
Магниттік дауылдар
Намаз уақыты
Қымбат металдар
Валюта конвертері
Кредит есептегіш
Криптовалюта бағамы
Жұлдыздар
Сұрақ - Жауап
Интернет жылдамдығын тексеріңіз
Қазақстан радиосы
Қазақстан телевизиясы
Біз туралы








Ең көп оқылғандар


















