Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Абу Дабидегі Украина бойынша келіссөздер үшжақты форматта өтеді Песков

Астанада ұйымдасқан қылмыстық топ 51 адамның 400 млн ақшасын иемденіп кеткен

Мемлекет басшысы ұлт мәдениеті мен біліміне үлес қосқан тұлғаларды марапаттады

Елу жастан асқан 10 мыңнан астам қазақстандық жұмысқа орналасты

Республика күнінде мамандандырылған ХҚКО мен ХҚКО лар қалай жұмыс істейді кесте

Алдағы сайлау партия үшін маңызды саяси кезең

Republic Day және Bereke Fest: жекелеген тауарларға 50% ға дейін жеңілдік

​Атырауда мерекелік демалыс алдында екі ХҚКО кезекпен жұмыс істейді

​Атырауда TikTok та бейәдеп сөз айтқан қыздың анасы жазаланды

Бублик Медведевпен Almaty Open финалына берілетін жолдаманы сарапқа салады

Орташа жалақы 486 мың теңгеден асты

Вице Президент қоғам қайраткерлерін марапаттады

Құлсарыда мектеп жанындағы жер қараусыз тұр

Балуан Айдос Сұлтанғали әлем біріншілігінің 1/2 финалына шықты

Дженсен Хуанг: интернатта өскен бала NVIDIA компаниясын қалай құрды

Нұртан Ыдырысов Нидерландтағы әлем чемпионатының финалында өнер көрсетті

№161 лицейде Республика күніне арналған салтанатты іс шара өтті

Кәсіпкерлерді жыл сайын әуреге салған мекеме прокуратура назарына ілікті

Дастан Сәтпаев ойнаса да, Бернли тағы да жеңілді

Қазақстанда орташа жалақы 486 мың теңгеден асып кетті

Республика күні қарсаңында Астанада 750 ге жуық ұландық әскери ант қабылдады

Республика күні қарсаңында Астанада 750 ге жуық ұландық әскери ант қабылдады

Qazaq24.com, Aikyn.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып түсініктеме береді..

Астанадағы ҚР ІІМ Ұлттық ұланының 5573 әскери бөлімінде күзгі шақырылымның 750-ге жуық сарбазы Отанға адал қызмет етуге ант берді, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.

Республика күні қарсаңында өткен салтанатты рәсім жас жауынгерлер үшін ерекше мәнге ие болды.

Отан қорғаушылар Қазақстанның әр өңірінен әскери қызметке шақырылған. Олар жас жауынгер курсынан сәтті өтіп, әскери істің негіздерін меңгеріп, әскери жарғылардың талаптарымен танысты. Сондай-ақ алдағы қызметтік міндеттерін орындауға қажетті дағдыларды игерді.

Жас ұландықтардың өміріндегі маңызды сәтке куә болу үшін бес мыңнан астам адам жиналды. Олардың қатарында ата-аналар, туған-туыстар, достар, ардагерлер мен құрметті қонақтар болды. Бұл күн сарбаздардың отбасы үшін де ерекше болды. Олар ұлдарының Отан алдындағы борышын өтеуге кірісіп, ел қорғаушылар қатарына қосылғанын тамашалады.

Әскери қызметшілерге Ұлттық ұлан Бас қолбасшысының орынбасары генерал-майор Бекайдар Қазкеев ақжарма тілегін арнады. Ол Республика күні қарсаңында әскери ант қабылдаудың символдық мәні бар екенін атап өтті. Өйткені әскери борышқа адалдық пен азаматтарды қорғауға дайын болу елге қызмет етудің маңызды бөлігі саналады.

– Әскери ант қабылдау арқылы сіздер Ұлттық ұланның қатарына қосылып, Қазақстан халқына адал қызмет етуге, азаматтардың тыныштығын қорғап, қоғамдық тәртіпті сақтауға міндеттеме алдыңыздар. Алда сіздерді төзімділікті, тәртіпті және қызметке жауапкершілікпен қарауды талап ететін маңызды кезең күтіп тұр. Әрқайсыңыз бұл жолдан абыроймен өтіп, біліміңіз бен дағдыларыңызды жетілдіріп, жақсы жолдастар табатыныңызға сенімдімін, – деді генерал-майор Б. Қазкеев.

Ата-аналардың атынан қатардағы жауынгер Нұрғиса Ердібаевтың анасы Зайнұр Ердібаева жас сарбаздарға ақ тілегін жеткізді. Ол сарбаздарға төзім, қайрат және қызметте табыс тілеп, туған-туыстарының оларды үйде әрдайым асыға күтетінін еске салды.

– Бүгін сіздерді өмірдің жаңа кезеңіне мақтанышпен шығарып салып, осындай таңдау жасағандарыңызға қуанып тұрмыз. Әскери қызмет сіздерді шыңдап, жауапкершіліктеріңізді арттырып, өздеріңізге деген сенімдеріңізді нығайтсын. Бір-біріңізді құрметтеп, қаруластарыңызға тірек болыңыздар. Отан қорғаушы деген атқа лайық қызмет етіңіздер. Сіздерді отбасыңыз әрдайым қолдап, сенім артып, үйге аман-есен оралуларыңызды күтіп отырғанын ұмытпаңыздар, – деді ұландықтың анасы.

Салтанатты рәсім мерзімді әскери қызметшілердің саптық жүрісімен жалғасты. Жақындарының алдында ұландықтар саптық жүріс кезінде әскери дайындығы мен саптағы үйлесімділігін көрсетті. Одан кейін Ұлттық ұлан бөлімшелерінің қару-жарағында тұрған заманауи жауынгерлік техника жүріп өтті. Бұл техникалардың бәрі әскери қызметшілердің қызметтік-жауынгерлік міндеттерді орындау кезінде қолданылады.

Әскери ант қабылдаған жас сарбаздар Астанада қоғамдық тәртіпті күзетуге кіріседі. Олар құқық қорғау органдарының қызметкерлерімен бірлесіп, елорда тұрғындары мен қонақтарының қауіпсіздігін қамтамасыз етуге, сондай-ақ қоғамдық-саяси, мәдени және спорттық іс-шаралар кезінде тәртіп сақтауға қатысады.

Қосымша ақпарат пен соңғы жаңалықтар үшін Qazaq24.com сайтын бақылаңыз.
seeКөрілімдер:22
embedДереккөз:https://aikyn.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 25 Қазан 2026 11:00
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Абу Дабидегі Украина бойынша келіссөздер үшжақты форматта өтеді Песков

23 Қазан 2026 15:58see141

Астанада ұйымдасқан қылмыстық топ 51 адамның 400 млн ақшасын иемденіп кеткен

23 Қазан 2026 11:45see141

Мемлекет басшысы ұлт мәдениеті мен біліміне үлес қосқан тұлғаларды марапаттады

23 Қазан 2026 13:47see139

Елу жастан асқан 10 мыңнан астам қазақстандық жұмысқа орналасты

23 Қазан 2026 19:26see137

Республика күнінде мамандандырылған ХҚКО мен ХҚКО лар қалай жұмыс істейді кесте

23 Қазан 2026 11:34see137

Алдағы сайлау партия үшін маңызды саяси кезең

24 Қазан 2026 01:43see136

Republic Day және Bereke Fest: жекелеген тауарларға 50% ға дейін жеңілдік

23 Қазан 2026 18:33see136

​Атырауда мерекелік демалыс алдында екі ХҚКО кезекпен жұмыс істейді

23 Қазан 2026 20:38see132

​Атырауда TikTok та бейәдеп сөз айтқан қыздың анасы жазаланды

23 Қазан 2026 20:38see130

Бублик Медведевпен Almaty Open финалына берілетін жолдаманы сарапқа салады

23 Қазан 2026 23:56see130

Орташа жалақы 486 мың теңгеден асты

23 Қазан 2026 21:12see129

Вице Президент қоғам қайраткерлерін марапаттады

24 Қазан 2026 03:29see123

Құлсарыда мектеп жанындағы жер қараусыз тұр

23 Қазан 2026 20:38see123

Балуан Айдос Сұлтанғали әлем біріншілігінің 1/2 финалына шықты

24 Қазан 2026 15:04see119

Дженсен Хуанг: интернатта өскен бала NVIDIA компаниясын қалай құрды

24 Қазан 2026 15:44see119

Нұртан Ыдырысов Нидерландтағы әлем чемпионатының финалында өнер көрсетті

23 Қазан 2026 22:07see119

№161 лицейде Республика күніне арналған салтанатты іс шара өтті

24 Қазан 2026 15:17see118

Кәсіпкерлерді жыл сайын әуреге салған мекеме прокуратура назарына ілікті

24 Қазан 2026 14:06see118

Дастан Сәтпаев ойнаса да, Бернли тағы да жеңілді

24 Қазан 2026 22:01see113

Қазақстанда орташа жалақы 486 мың теңгеден асып кетті

25 Қазан 2026 09:29see113
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары