Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Астанада ұйымдасқан қылмыстық топ 51 адамның 400 млн ақшасын иемденіп кеткен

Абу Дабидегі Украина бойынша келіссөздер үшжақты форматта өтеді Песков

Мемлекет басшысы ұлт мәдениеті мен біліміне үлес қосқан тұлғаларды марапаттады

Елу жастан асқан 10 мыңнан астам қазақстандық жұмысқа орналасты

Республика күнінде мамандандырылған ХҚКО мен ХҚКО лар қалай жұмыс істейді кесте

Алдағы сайлау партия үшін маңызды саяси кезең

Republic Day және Bereke Fest: жекелеген тауарларға 50% ға дейін жеңілдік

​Атырауда мерекелік демалыс алдында екі ХҚКО кезекпен жұмыс істейді

​Атырауда TikTok та бейәдеп сөз айтқан қыздың анасы жазаланды

Бублик Медведевпен Almaty Open финалына берілетін жолдаманы сарапқа салады

Орташа жалақы 486 мың теңгеден асты

Құлсарыда мектеп жанындағы жер қараусыз тұр

Вице Президент қоғам қайраткерлерін марапаттады

Нұртан Ыдырысов Нидерландтағы әлем чемпионатының финалында өнер көрсетті

Балуан Айдос Сұлтанғали әлем біріншілігінің 1/2 финалына шықты

Дженсен Хуанг: интернатта өскен бала NVIDIA компаниясын қалай құрды

Кәсіпкерлерді жыл сайын әуреге салған мекеме прокуратура назарына ілікті

№161 лицейде Республика күніне арналған салтанатты іс шара өтті

Дастан Сәтпаев ойнаса да, Бернли тағы да жеңілді

Қазақстанда орташа жалақы 486 мың теңгеден асып кетті

Қазақстанда Республика күні тойланып жатыр

Қазақстанда Республика күні тойланып жатыр

Sputnik.KZ парақшасынан алынған ақпаратқа сәйкес, Qazaq24.com хабарлайды..

АСТАНА, 25 қазан – Sputnik. Бүгін Қазақтанда ұлттық мереке - Республика күні тойланып жатыр. 36 жыл бұрын Қазақ КСР-нің мемлекеттік егемендігі туралы декларация қабылданған болатын. Дәл осы құжат елімізге ішкі және сыртқы саясатты өз бетінше айқындауға, билік органдары мен заңнамалық жүйені қалыптастыруға, ал ең бастысы, тәуелсіздікке жол ашты. Sputnik Қазақстан еліміздің басты мейрамының тарихына шолуды ұсынады.

Егемендіктен кейінгі Тәуелсіздік

1990 жылдың 25 қазанында қабылданған Декларация жобасын Салық Зимановтың басшылық етуімен қазақстандық құқықтанушылар тобы дайындаған болатын. Онда дербес мемлекеттілік, елдің төл мәдениеті мен дәстүрін, тілін жандандыру және дамыту, ұлттың қадір-қасиетін нығайту негіздері айшықталды.

Мәселен, Декларацияның 8-тармағында республика аумағында Қазақ КСР Конституциясы мен заңдарының үстемдігін алғаш рет бекітілді. Бұл дегеніміз, одақтық актілер республика Конституциясына қайшы келсе немесе оның егемендік құқықтарына нұқсан келтірсе, Республика олардың қолданылуын тоқтата тұру құқығына ие болды. Осылайша, ұлттық заңнаманы сыртқы араласудан қорғаудың құқықтық тетігі жасалды.

Егемендік декларациясы Қазақстанның тәуелсіздік алуына жол ашқан маңызды құжат болып саналады. Соның негізінде тәуелсіздік жарияланды.

Республика күні неге тойланбай кетті

Қазақстан тәуелсіз мемлекет атанғаннан кейін Республика күні жыл сайын 25 қазанда тойланған. 1995 жылы 18 қазанда алғаш рет "ұлттық мереке" болып жарияланса да, Тәуелсіздік күніне көбірек басымдық берілген. Содан 2001 жылы Республика күні ұлттық мәртебеден айырылып, "мемлекеттік мерекелер" санатына өтті. Ал 2009 жылы сәуірде мерекелер қатарынан мүлдем алып тастады.

2022 жылы президент Қасым-Жомарт Тоқаев Республика күнін қайтаруды ұсынды. Оған "ұлттық мереке" мәртебесін беріп қана қоймай, Қазақстанның басты мейрамы ретінде тойлауға бастама көтерілді. Осылайша он жылдан астам уақыт бойы тойланбаған Республика күні қайта түледі.

2022 жылы Қазақстан халқы ұзақ жылдар бойы атаусыз қалған Республика күнін алғаш рет дүркіретіп атап өтті. Бүгінде Республика күні – елдегі жалғыз ұлттық мейрам.

Тоқаевтың ұстанымы

Қазіргі кезде Қасым-Жомарт Тоқаев Республика күніне қарсаңында міндетті түрде мерекелік жиын өткізеді. Осы жолы да президент мейрамның маңыздылығын ерекше атап өтті.

"Бұл – бүкіл халқымыз үшін мән-мағынасы ерекше және қастерлі мейрам! 25 қазанда ақжолтай құжат – Қазақстанның Егемендігі туралы декларация қабылданды. Дәл сол күні ұлт жылнамасының жаңа кезеңі басталды. Көп ұзамай өз алдына дербес ел атандық. Тарихи әділдік орнап, қасиетті қазақ жеріне Тәуелсіздіктің алтын қазығы қағылды. Сондықтан бұл күнді Ұлы даладағы мемлекеттілік дәстүрі қайта жаңғырған күн деп айтсақ, артық емес", - деді Тоқаев.

Президенттің айтуынша, Республика күні – күллі халқымыздың басын қосатын, жалпыұлттық сипаты бар бірегей мереке.

"Егемендік пен Тәуелсіздік – бәрінен қымбат қазынамыз, ең асыл құндылығымыз! Сондықтан мемлекеттігімізді күшейтіп, еліміздің іргесін бекіте түсу – баршамыздың қасиетті борышымыз. Біз егемендікке ата-бабаларымыздың бойындағы мықты ерік-жігер мен өшпес рухтың арқасында қол жеткіздік. Халқымыз Тәуелсіздік жолында құрбан болған ерлердің, бостандық үшін жанқиярлықпен күрескен тұлғалардың есімін әрқашан жадында сақтайды", - деп атап көрсетті мемлекет басшысы.

Биыл дәстүр бойынша Ақордада Республика күніне орай бір топ азамат мемлекеттік наградамен марапатталды.

Ұлттық мереке қалай тойланады

Республика кезінде республика бойынша сан алуан мерекелік шаралар ұйымдастырылады. Өңірлерде түрлі концерттік бағдарламалар, фестивальдер, флешмобтар, ұлттық спорт түрлерінен сайыстар өтеді.

Биыл ұлттық мейрам жексенбіге түсіп тұр. Осыған байланысты дүйсенбі күні тағы бір демалыс беріледі.

Соңғы жаңалықтар мен жаңартуларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан бақылауды жалғастырыңыз, біз жағдайды қадағалап, ең өзекті ақпаратты ұсынамыз.
seeКөрілімдер:51
embedДереккөз:https://sputnik.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 25 Қазан 2026 09:12
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Астанада ұйымдасқан қылмыстық топ 51 адамның 400 млн ақшасын иемденіп кеткен

23 Қазан 2026 11:45see141

Абу Дабидегі Украина бойынша келіссөздер үшжақты форматта өтеді Песков

23 Қазан 2026 15:58see141

Мемлекет басшысы ұлт мәдениеті мен біліміне үлес қосқан тұлғаларды марапаттады

23 Қазан 2026 13:47see139

Елу жастан асқан 10 мыңнан астам қазақстандық жұмысқа орналасты

23 Қазан 2026 19:26see137

Республика күнінде мамандандырылған ХҚКО мен ХҚКО лар қалай жұмыс істейді кесте

23 Қазан 2026 11:34see137

Алдағы сайлау партия үшін маңызды саяси кезең

24 Қазан 2026 01:43see136

Republic Day және Bereke Fest: жекелеген тауарларға 50% ға дейін жеңілдік

23 Қазан 2026 18:33see136

​Атырауда мерекелік демалыс алдында екі ХҚКО кезекпен жұмыс істейді

23 Қазан 2026 20:38see132

​Атырауда TikTok та бейәдеп сөз айтқан қыздың анасы жазаланды

23 Қазан 2026 20:38see130

Бублик Медведевпен Almaty Open финалына берілетін жолдаманы сарапқа салады

23 Қазан 2026 23:56see130

Орташа жалақы 486 мың теңгеден асты

23 Қазан 2026 21:12see129

Құлсарыда мектеп жанындағы жер қараусыз тұр

23 Қазан 2026 20:38see123

Вице Президент қоғам қайраткерлерін марапаттады

24 Қазан 2026 03:29see123

Нұртан Ыдырысов Нидерландтағы әлем чемпионатының финалында өнер көрсетті

23 Қазан 2026 22:07see119

Балуан Айдос Сұлтанғали әлем біріншілігінің 1/2 финалына шықты

24 Қазан 2026 15:04see119

Дженсен Хуанг: интернатта өскен бала NVIDIA компаниясын қалай құрды

24 Қазан 2026 15:44see119

Кәсіпкерлерді жыл сайын әуреге салған мекеме прокуратура назарына ілікті

24 Қазан 2026 14:06see118

№161 лицейде Республика күніне арналған салтанатты іс шара өтті

24 Қазан 2026 15:17see118

Дастан Сәтпаев ойнаса да, Бернли тағы да жеңілді

24 Қазан 2026 22:01see113

Қазақстанда орташа жалақы 486 мың теңгеден асып кетті

25 Қазан 2026 09:29see112
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары