Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Мемлекет басшысына елімізді газбен қамтамасыз ету және жаңа газ өңдеу зауыттарының құрылысы туралы есеп берілді

Джонни Депп өзінің аңызға айналған рөліне оралуы мүмкін. Актер маңызды сұраққа жауап берді

Министр нақты кімдердің жалақысы өсетінін айтты

Орталық әмбебап дүкен (ОӘД), ҚазҰУ және Атакент : Алматыдағы қай ғимараттар ескерткіш атануы мүмкін

Ақтөбеде неке сарайында бойжеткенді өлтіріп кетті

Қазақстандық жасанды интеллект әлемдік нарыққа шықты: отандық әзірлеушілер инвесторлардың назарын аударды

3 қарашадағы сауда саттықта доллар бағамы төмендеуін жалғастырды

Еуразиялық экономикалық одақтың нарықтарды қорғау тәжірибесі таныстырылды

Қазақстан жолдары жапон технологиясымен тексерілуі мүмкін

Ұмай ипотекасына талас: Алматыда тұрғындар банкке кіру үшін бірін бірі итермеледі

Президент көлік министрін қызметінен босатты

Әсел Жанасова көлік министрі болып тағайындалды

Ең төменгі жалақы 110 мың теңгеге дейін көтеріледі: қазақстандықтардың қайсысының табысы артады

Сарапшы Украинада туыстарын іздегендердің Киев маңындағы көтерілісі туралы ойын айтты

Атырауда өндіріс өкілдерімен ашық диалог өтті

Президент Жолдауы: дәуірдің жаңа дәптері

Министр Ақмарал Әлназарова Ақтауда дәрігерге шабуыл жасаған әкенің ісіне қатысты пікір білдірді

“Ұмай“ ипотекасы үшін кептеліс пе? Алматыдағы Отбасы банк бөлімшесінің алдында халық жиналды

Жыл сөзі аталды. Сіз оны міндетті түрде естідіңіз

Жыл сайын 300 400 мың нәрестенің дүниеге келуі балабақшаны көбейту қажет екенін көрсетеді Арман Хайруллин

Қазақстанда ұлттық мереке тойланып жатыр

Қазақстанда ұлттық мереке тойланып жатыр

Qazaq24.com, Sputnik.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып мәлімдеме жасады..

АСТАНА, 25 қазан – Sputnik. Бүгін қазақтандықтар ұлттық мереке - Республика күні тойлап жатыр. Тура 35 жыл бұрын Мемлекеттік егемендік туралы декларация қабылданған болатын. Бұл құжат еліміздің ішкі және сыртқы саясатты өз бетінше айқындау, ресурстарға иелік ету, билік органдары мен заңнамалық жүйені қалыптастыру құқығын алғаш рет заңды түрде бекітіп берді. Sputnik Қазақстан еліміздің басты мейрамының тарихына шолуды ұсынады.

Тәуелсіздік декларациясына жол ашты

1990 жылдың 25 қазанында "Қазақ КСР-нің мемлекеттік егемендігі туралы" декларация қабылданды. Декларация республика Конституциясы мен заңдарының үстемдігін және алғаш рет республикалық билік органдарының басымдығын белгіледі. Сондай-ақ, өзінің ішкі әскер, мемлекеттік қауіпсіздік органдары, қаржы-несие және салық жүйелерін, азаматтық институты құқығын бекітті.

Декларация жобасын Салық Зимановтың басшылық етуімен қазақстандық құқықтанушылар тобы дайындаған болатын. Онда дербес мемлекеттілік, елдің төл мәдениеті мен дәстүрін, тілін жандандыру және дамыту, ұлттың қадір-қасиетін нығайту негіздері айшықталды.

Мәселен, Декларацияның 8-тармағында республика аумағында Қазақ КСР Конституциясы мен заңдарының үстемдігін алғаш рет бекітілді. Бұл дегеніміз, одақтық актілер республика Конституциясына қайшы келсе немесе оның егемендік құқықтарына нұқсан келтірсе, Республика олардың қолданылуын тоқтата тұру құқығына ие болды. Осылайша, ұлттық заңнаманы сыртқы араласудан қорғаудың құқықтық тетігі жасалды.

Егемендік декларациясы Қазақстанның тәуелсіздік алуына жол ашқан маңызды құжат болып саналады. Соның негізінде тәуелсіздік жарияланды.

Республика күні неге тойланбай қалды

Қазақстан тәуелсіз мемлекет атанғаннан кейін Республика күні жыл сайын 25 қазанда тойланды. Ал 1995 жылы 18 қазанда алғаш рет "ұлттық мереке" болып жарияланды. Дегенмен Тәуелсіздік күніне көбірек басымдық берілді. Содан 2001 жылы Республика күні ұлттық мәртебеден айырылып, "мемлекеттік мерекелер" санатына өтті. Ал 2009 жылы сәуірде мерекелер қатарынан мүлдем алынып тасталды.

2022 жылы президент Қасым-Жомарт Тоқаев Республика күнін қайтаруды ұсынды. Оған "ұлттық мереке" мәртебесін беріп қана қоймай, Қазақстанның басты мейрамы ретінде тойлауға бастама көтерілді. Осылайша он жылдан астам уақыт бойы тойланбаған Республика күні қайта түледі.

Тоқаевтың бастамасы халықтың қолдауына ие болып, дәл сол жылы заңға тиісті өзгеріс енгізілді. 2022 жылы Қазақстан халқы ұзақ жылдар бойы атаусыз қалған Республика күнін алғаш рет дүркіретіп атап өтті. Бүгінде Республика күні – елдегі жалғыз ұлттық мейрам.

Тоқаевтың ұстанымы

Республика күніне арналған мерекелік жиында Қасым-Жомарт Тоқаев осы мейрамның маңыздылығын ерекше айтты.

"Көптеген елдердің тарихына қарайтын болсақ, мұндай құжаттар ұрпақтан ұрпаққа беріліп, ғасырлар бойы сақталады, азаматтық сана-сезімнің мызғымас негізі ретінде қызмет етеді. Сондықтан Егемендік туралы декларация, бұл – мемлекеттігіміздің берік арқауы, халқымыздың жарқын болашаққа ұмтылысының айқын көрінісі. Егемендігімізді жариялаған алғашқы күннен бастап мемлекеттілігімізді бекемдеп, халқымыздың әл-ауқатын арттыру жолынан айныған емеспіз. Бұл – ең дұрыс стратегия", - деді Тоқаев.

Осы орайда президент бір палаталы парламентті құру бастамасы аясында Конституцияға өзгеріс енгізілетінін жеткізді. Бұл түзетулер парламентке ғана қатысты емес, сондай-ақ президент, үкімет туралы бөлімдерді және саяси жүйенің басқа да қырларын қамтиды.

"Түзетулердің жалпы көлемін және 2022 жылғы конституциялық реформа аясында жүзеге асқан бастамаларды ескерсек, мұны жаңа Конституция қабылдауға барабар іс деуге болады. Әйтсе де, Қазақстан Республикасы күшті президенттік билікке арқа сүйеген мемлекет болып қалуға тиіс екенін атап өткім келеді. Бұл қазіргідей алмағайып заманда еліміздің сенімді келешегіне кепіл болады. Өйткені парламенттік жүйе қауіпсіздік пен тәртіп, тұрақтылық пен даму тұрғысынан өз міндетін толық атқара алмай отыр", - деп атап көрсетті мемлекет басшысы.

Ұлттық мереке қалай тойланады

Республика күні қарсаңында президент жарлығымен еліміздің әлеуметтік-экономикалық, мәдени-рухани дамуына, халықтар арасындағы достық пен ынтымақтастықты нығайтуға қосқан елеулі үлесі мен белсенді қоғамдық қызметі үшін бір топ азамат марапатталып отырады.

Биыл да білім беру, денсаулық сақтау, мәдениет және ғылым қайраткерлері, өндіріс, бизнес салаларының көрнекті өкілдері, депутаттар, мемлекеттік және құқық қорғау органдарының қызметкерлері, әскери қызметшілер, спортшылар және еңбек ардагерлері өз марапатын алды.

Ұлттық мейрам кезінде республика бойынша сан алуан мерекелік шаралар ұйымдастырылады. Өңірлерде түрлі концерттік бағдарламалар, фестивальдер, флешмобтар, ұлттық спорт түрлерінен сайыстар өтеді.

Биыл Республика күні сенбіге түсіп отыр. Осыған байланысты дүйсенбі күні тағы бір демалыс беріледі.

Жағдайды бақылауды жалғастырыңыз, Qazaq24.com әрқашан ең жаңа жаңалықтарды ұсынады.
seeКөрілімдер:149
embedДереккөз:https://sputnik.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 25 Қазан 2025 08:43
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Мемлекет басшысына елімізді газбен қамтамасыз ету және жаңа газ өңдеу зауыттарының құрылысы туралы есеп берілді

03 Қараша 2026 13:47see169

Джонни Депп өзінің аңызға айналған рөліне оралуы мүмкін. Актер маңызды сұраққа жауап берді

03 Қараша 2026 16:33see164

Министр нақты кімдердің жалақысы өсетінін айтты

03 Қараша 2026 17:37see161

Орталық әмбебап дүкен (ОӘД), ҚазҰУ және Атакент : Алматыдағы қай ғимараттар ескерткіш атануы мүмкін

03 Қараша 2026 17:01see157

Ақтөбеде неке сарайында бойжеткенді өлтіріп кетті

03 Қараша 2026 17:42see157

Қазақстандық жасанды интеллект әлемдік нарыққа шықты: отандық әзірлеушілер инвесторлардың назарын аударды

03 Қараша 2026 16:58see141

3 қарашадағы сауда саттықта доллар бағамы төмендеуін жалғастырды

03 Қараша 2026 15:52see138

Еуразиялық экономикалық одақтың нарықтарды қорғау тәжірибесі таныстырылды

03 Қараша 2026 14:08see134

Қазақстан жолдары жапон технологиясымен тексерілуі мүмкін

03 Қараша 2026 16:51see128

Ұмай ипотекасына талас: Алматыда тұрғындар банкке кіру үшін бірін бірі итермеледі

03 Қараша 2026 17:44see122

Президент көлік министрін қызметінен босатты

03 Қараша 2026 18:25see122

Әсел Жанасова көлік министрі болып тағайындалды

03 Қараша 2026 18:18see121

Ең төменгі жалақы 110 мың теңгеге дейін көтеріледі: қазақстандықтардың қайсысының табысы артады

03 Қараша 2026 16:49see118

Сарапшы Украинада туыстарын іздегендердің Киев маңындағы көтерілісі туралы ойын айтты

03 Қараша 2026 17:05see116

Атырауда өндіріс өкілдерімен ашық диалог өтті

03 Қараша 2026 16:50see115

Президент Жолдауы: дәуірдің жаңа дәптері

03 Қараша 2026 13:47see111

Министр Ақмарал Әлназарова Ақтауда дәрігерге шабуыл жасаған әкенің ісіне қатысты пікір білдірді

03 Қараша 2026 14:24see108

“Ұмай“ ипотекасы үшін кептеліс пе? Алматыдағы Отбасы банк бөлімшесінің алдында халық жиналды

03 Қараша 2026 13:51see108

Жыл сөзі аталды. Сіз оны міндетті түрде естідіңіз

03 Қараша 2026 18:15see106

Жыл сайын 300 400 мың нәрестенің дүниеге келуі балабақшаны көбейту қажет екенін көрсетеді Арман Хайруллин

03 Қараша 2026 14:39see105
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары