Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Джонни Депп өзінің аңызға айналған рөліне оралуы мүмкін. Актер маңызды сұраққа жауап берді

Министр нақты кімдердің жалақысы өсетінін айтты

Ақтөбеде неке сарайында бойжеткенді өлтіріп кетті

Орталық әмбебап дүкен (ОӘД), ҚазҰУ және Атакент : Алматыдағы қай ғимараттар ескерткіш атануы мүмкін

Қазақстандық жасанды интеллект әлемдік нарыққа шықты: отандық әзірлеушілер инвесторлардың назарын аударды

3 қарашадағы сауда саттықта доллар бағамы төмендеуін жалғастырды

Қазақстан жолдары жапон технологиясымен тексерілуі мүмкін

Президент көлік министрін қызметінен босатты

Ұмай ипотекасына талас: Алматыда тұрғындар банкке кіру үшін бірін бірі итермеледі

Әсел Жанасова көлік министрі болып тағайындалды

Ең төменгі жалақы 110 мың теңгеге дейін көтеріледі: қазақстандықтардың қайсысының табысы артады

Сарапшы Украинада туыстарын іздегендердің Киев маңындағы көтерілісі туралы ойын айтты

Атырауда өндіріс өкілдерімен ашық диалог өтті

Жыл сөзі аталды. Сіз оны міндетті түрде естідіңіз

Ауыл шаруашылығы өкілдері аграрлық саланы дамыту мәселелерін талқылады

Ақтөбе облысында мұнай өңдеу зауыты салынады

Өсімдік майының өндірісі 25 пайызға өсті

Кушнер АҚШ тың Украинадағы қақтығысты тоқтату мақсатын түсіндірді

Рыбакина қатысатын WTA қорытынды турнирінің алғашқы ойындарының кестесі жарияланды

Путин Ресей халқы бөлінбеуі үшін көп жұмыс жасады Мемлекеттік Дума депутаты

Ұлттық мереке ұлықталған күн

Ұлттық мереке ұлықталған күн

24.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com жаңалық жариялайды..

Қазақ елінің тәуел­сіз­дігіне жол ашқан «Мем­лекеттік егемендік туралы» декларацияның қабылдан­ғанына биыл – 35 жыл.

25 қазан - тәуелсіз Қазақстанның негізі қаланды.  Бұл күн еліміздің өз тағдырын өзі шешуге қабілетті, дербес ел екенін айқындайтын халқымыз үшін маңызды мереке. Республика күні – тәуелсіз Қазақстанның болашағына сенімді қадам жасап, ұлттық құндылықтарды ұлықтайтын күн.

1990 жылдың 25 қазанында қабылданған декларация Қазақстанның саяси және экономикалық тәуелсіздігін жариялап, оның егемен мемлекет ретінде қалыптасуының алғашқы заңнамалық негізін қалады. Қазақ елінің тәуелсіздік алған жылдардан бергі табысы толағай. Әсіресе экономикалық өсу, саяси тұрақтылық, халықаралық байланыстар мен ұлттық мәдениетті дамыту салаларында елеулі ілгерілеу бар.

Мәулен Әшімбаев, ҚР Парламенті Сенатының Төрағасы:

- Тәуелсіздігіміздің 35 жылдығы ішінде бірталай үлкен жұмыстар жасадық. Әсіресе соңғы жылдары өздеріңіз білесіздер мемлекетімізді жүйелі түрде реформалауға бағытталған Президентіміздің бастамасымен көптеген бағдарламалар жүзеге асырылып жатыр. Соның нәтижесінде біздің тәуелсіздігіміз жаңа деңгейге шығып, мемлекеттілігіміз күшейіп Қазақстан Тәуелсіз мемлекет ретінде әлемде өз орнын алып жан-жақты саясат жүргізіп келе жатыр деп ауыз толтырып айта аламыз. Осы мүмкіндікті пайдаланып, барлық көрермендерді келе жатқан Республика күнімен құттықтаймын. Бұл еліміздің негізгі ұлттық мейрамы. 

Тағдыр шешті құжатта еліміздің дербестігі, ішкі және сыртқы саясаттағы тәуелсіздігі, заңнамалық, экономикалық және мәдени дербестігі анық көрсетілді. 

Абзал Құспан, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты:

- Республика күнінің маңызы деген ерекше. Биыл 35 жылдығын атағалы отырмыз. Мен заңгер ретінде декларацияны оқып, танысып, таңқалған адаммын. 1990 жылы СССР құрамында тұрған Қазақстан мынадай маңызды құжатты қабылдау деген өте үлкен ерік-жігерді қажет етеді. Ол кезде бізде Салық Зиманов, Сұлтан Сартаев, конституционалист тағы басқа мықты тұлғалар болды. Олар үлкен беделге ие болды. Сонда қараңыз, егемендік декларациясында Қазақстанның қабылдаған заңы СССР заңымен қарама-қайшы келіп қалса, Қазақстанның заңы басымдыққа ие болады деген норма бар. Қазақстан сыртқы басқа елдермен, халықаралық ұйымдармен дербес с саясат жүргізеді дейді. Сондай батыл нормалар енгізілген.

Енді елдегі жалғыз ұлттық мейрамның тарихына көз жүгіртсек.  Қазақстан тәуелсіздік алғаннан кейін Республика күні жыл сайын 25 қазанда аталып өте бастады. 1995 жылы алғаш рет "ұлттық мереке" болып жарияланды. Алайда 2001 жылы бұл мәртебеден айырылып, "мемлекеттік мереке" санатына өтті. Ал 2009 жылы сәуірде мерекелер қатарынан мүлде алынып тасталды. Осылайша он жылдан астам уақыт бойы 25 қазан Республика күні тойланған жоқ. Тек 2022 жылы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Республика күнін қайтаруды ұсынды. Президент оған "ұлттық мереке" мәртебесін берді. Сөйтіп, 2022 жылы отандастарымыз ұзақ жылдар бойы атаусыз қалған Республика күнін алғаш рет атап өте бастады.

Дулат Құсдәулетов, ҚР «Заңнама және құқықтық ақпарат институтының» аға ғылыми қызметкері:

- Біздің мемлекеттің бағыты қандай болатынын, оның ішінде биліктің үш тарапта бөлінетіні айтылған. Бүгінге дейін декларацияның айтылған бағыттары сол қазір іске асырылып жатыр деп айтуға болады. 

Қазақстан алғашқы жылдардан-ақ БҰҰ толыққанды мүшесі атанды. Одан кейінгі кезеңде 30 астам аймақтық және халықаралық ұйымдармен екі жақты және көп жақты келісімдер жасап, жаһандық институттармен ынтымақтастық орнатты. 

Айнұр Қуатқызы, Мұрат Әріпханов

Жағдайды бақылауды жалғастырыңыз, Qazaq24.com әрқашан ең жаңа жаңалықтарды ұсынады.
seeКөрілімдер:171
embedДереккөз:https://24.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 24 Қазан 2025 17:17
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Джонни Депп өзінің аңызға айналған рөліне оралуы мүмкін. Актер маңызды сұраққа жауап берді

03 Қараша 2026 16:33see167

Министр нақты кімдердің жалақысы өсетінін айтты

03 Қараша 2026 17:37see163

Ақтөбеде неке сарайында бойжеткенді өлтіріп кетті

03 Қараша 2026 17:42see159

Орталық әмбебап дүкен (ОӘД), ҚазҰУ және Атакент : Алматыдағы қай ғимараттар ескерткіш атануы мүмкін

03 Қараша 2026 17:01see159

Қазақстандық жасанды интеллект әлемдік нарыққа шықты: отандық әзірлеушілер инвесторлардың назарын аударды

03 Қараша 2026 16:58see143

3 қарашадағы сауда саттықта доллар бағамы төмендеуін жалғастырды

03 Қараша 2026 15:52see140

Қазақстан жолдары жапон технологиясымен тексерілуі мүмкін

03 Қараша 2026 16:51see130

Президент көлік министрін қызметінен босатты

03 Қараша 2026 18:25see124

Ұмай ипотекасына талас: Алматыда тұрғындар банкке кіру үшін бірін бірі итермеледі

03 Қараша 2026 17:44see124

Әсел Жанасова көлік министрі болып тағайындалды

03 Қараша 2026 18:18see123

Ең төменгі жалақы 110 мың теңгеге дейін көтеріледі: қазақстандықтардың қайсысының табысы артады

03 Қараша 2026 16:49see120

Сарапшы Украинада туыстарын іздегендердің Киев маңындағы көтерілісі туралы ойын айтты

03 Қараша 2026 17:05see118

Атырауда өндіріс өкілдерімен ашық диалог өтті

03 Қараша 2026 16:50see117

Жыл сөзі аталды. Сіз оны міндетті түрде естідіңіз

03 Қараша 2026 18:15see108

Ауыл шаруашылығы өкілдері аграрлық саланы дамыту мәселелерін талқылады

05 Қараша 2026 14:56see107

Ақтөбе облысында мұнай өңдеу зауыты салынады

05 Қараша 2026 14:21see105

Өсімдік майының өндірісі 25 пайызға өсті

05 Қараша 2026 14:21see104

Кушнер АҚШ тың Украинадағы қақтығысты тоқтату мақсатын түсіндірді

05 Қараша 2026 14:21see104

Рыбакина қатысатын WTA қорытынды турнирінің алғашқы ойындарының кестесі жарияланды

05 Қараша 2026 14:15see104

Путин Ресей халқы бөлінбеуі үшін көп жұмыс жасады Мемлекеттік Дума депутаты

05 Қараша 2026 14:21see104
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары