Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Мемлекет басшысына елімізді газбен қамтамасыз ету және жаңа газ өңдеу зауыттарының құрылысы туралы есеп берілді

Алматыда тарихи ескерткіштер тізіміне тағы 27 нысан енгізілуі мүмкін

Джонни Депп өзінің аңызға айналған рөліне оралуы мүмкін. Актер маңызды сұраққа жауап берді

Министр нақты кімдердің жалақысы өсетінін айтты

Ақтөбеде неке сарайында бойжеткенді өлтіріп кетті

Орталық әмбебап дүкен (ОӘД), ҚазҰУ және Атакент : Алматыдағы қай ғимараттар ескерткіш атануы мүмкін

Әділет партиясы Adilet 365 цифрлық экожүйесін дамытып келеді

Қазақстандық жасанды интеллект әлемдік нарыққа шықты: отандық әзірлеушілер инвесторлардың назарын аударды

3 қарашадағы сауда саттықта доллар бағамы төмендеуін жалғастырды

Еуразиялық экономикалық одақтың нарықтарды қорғау тәжірибесі таныстырылды

Өзгенің көлігін майыстырып алды немесе біреу зардап шекті: жүргізушіні не күтіп тұр

Қазақстан жолдары жапон технологиясымен тексерілуі мүмкін

Президент көлік министрін қызметінен босатты

Ұмай ипотекасына талас: Алматыда тұрғындар банкке кіру үшін бірін бірі итермеледі

Әсел Жанасова көлік министрі болып тағайындалды

Ең төменгі жалақы 110 мың теңгеге дейін көтеріледі: қазақстандықтардың қайсысының табысы артады

Сарапшы Украинада туыстарын іздегендердің Киев маңындағы көтерілісі туралы ойын айтты

Атырауда өндіріс өкілдерімен ашық диалог өтті

Президент Жолдауы: дәуірдің жаңа дәптері

“Ұмай“ ипотекасы үшін кептеліс пе? Алматыдағы Отбасы банк бөлімшесінің алдында халық жиналды

Қайта оралған ұлы күн нағыз ұлттық мереке

Қайта оралған ұлы күн нағыз ұлттық мереке

Qazaq24.com, Egemen.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып жаңалық жариялады..

1990 жылы 25 қазанда Қазақстанның Егемендігі туралы декларация қабылданды, биыл оған 35 жыл. Ақжолтай құжат – еліміздің Тәуелсіздік алуына жол ашты. Халқымыз егемендікке бастайтын жолды ұзақ жылдар бойы жүріп өтті. Зиялылар ұлт санасын сақтау үшін қолдарынан келгеннің бәрін жасады. Бостандыққа ұмтылыс Желтоқсан оқиғасында айқын көрінді. Декларация – халқымыздың ұзақ жылғы күресінің нәтижесі. Бұл – қазақтың сан ғасырлық мемлекеттілік дәстүрі жаңғырып, азаттық үшін күрескен бабалар арманы ақиқатқа айналған күн, сол себепті баға жетпес құбылыс іспетті, деп жазады Egemen.kz.

Фото: Zakon.kz

1990-ыншы жылдар – құр арман кезеңі емес еді, бұл – қуанышты күннің жақындағаны білінген, дербес ел болудың мүмкін екеніне көз жете түскен шақ еді. Миллиондаған адамдардың жүрегі «Ел!, Жер!» деп соққан буырқанған кезеңде ұлт қайраткерлері мен зиялылары бірлік пен табандылық танытып, Азаттықтың негізін заңмен де, кісілік ұстаныммен де қалап, білім-білік, тәжірибе алға шықты.

1990 жылдың 25 қазанында он екінші шақырылған Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің талқылауында 360 депутаттың 71-і қарсы дауыс берсе де, Қазақстанның мемлекеттік егемендігі туралы декларация қабылданды.

Декларацияның кіріспесіндегі «...Қазақ ұлтының тағдыры үшін жауапкершілікті ұғына отырып ізгілікті демократиялық праволық мемлекетті құруға бел байлауды негізге ала отырып...» деген жолдар жаңа кезеңнің басталғанын паш етіп, халықтың сенімін нығайтты. Құжаттың әсері көп уақыт өтпей-ақ байқалып, қоғамның іргетасы жаңарып, жаңа белестерге ұмтылыстар басталып кеткен еді.

Дербес мемлекет пен қоғамды қалыптастыру-жаңғырту процесінде күрделі әрі мол еңбекті қажет ететін және алуан түрлі міндеттерді шешуге бағытталған Егемендік декларациясы – 1991 жылғы 16 желтоқсанда «Қазақстан Республикасының мемлекеттік тәуелсіздігі туралы» Конституциялық заңның қабылдануына негіз болды және 1993 жылғы Конституцияның, 1995 жылғы қолданыстағы Конституцияның негізіне айналды.

Мәскеудің шексіз билігін шектеу бағытында батыл шешімдерге бару  Егемендік декларациясының алтын өзегі болды. Мәскеуге бағынатын кәсіпорындар республикалық меншікке өтті. Декларация – сол кездегі зор мәселе болған Семей полигонын жабуға да көп септесті. Жалпылай айтқанда, Егемендік декларациясы көптеген мүмкіндіктерге жол ашты, барлық игіліктердің негізіне айналды.

Өкінішке қарай, ел тарихындағы осынау ұлы күннің аталынбаған (он жылдан астам уақыт) кезеңі болды. Ал 2022 жылы Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен 25 қазан – Республика күні болып қайта белгіленді. «Биылдан бастап  Республика күні – ұлттық мереке. Енді бұл мейрамды күллі ел болып атап өтетін боламыз» деп айтқан Мемлекет басшысының бастамасы халқымыздың көңілінен шықты. Осылайша, шын шаттанатын шуақты мереке қайта оралды.

( Фото: tolqyn.kz)

Осы ұлы күнде қаншама қазақ азаматтарының білім-білігі, қажыр-қайраты, ұлтжанды пейілі жатыр. Республика күнінің мән-маңызы уақыт өткен сайын арта беретіні анық.

Республика күні ұлтымыздың айрықша мейрамы ғана емес, ел Президенті ұсынған Әділетті Қазақстанның берік бастауы, ал оның қайнарында Егемендік декларациясы тұр.

Мемлекет тарихындағы аса маңызды айтулы мереке Республика күні – баладан данаға дейін, бұқарадан билікке дейін таным тереңімен түсініп, жан-жүрегімен қабылдап қуанатын нағыз ұлттық мереке.

Маңызды жаңалықтар мен жаңартуларды өткізіп алмау үшін Qazaq24.com сайтын қадағалаңыз.
seeКөрілімдер:288
embedДереккөз:https://egemen.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 24 Қазан 2025 12:37
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Мемлекет басшысына елімізді газбен қамтамасыз ету және жаңа газ өңдеу зауыттарының құрылысы туралы есеп берілді

03 Қараша 2026 13:47see167

Алматыда тарихи ескерткіштер тізіміне тағы 27 нысан енгізілуі мүмкін

03 Қараша 2026 13:02see165

Джонни Депп өзінің аңызға айналған рөліне оралуы мүмкін. Актер маңызды сұраққа жауап берді

03 Қараша 2026 16:33see163

Министр нақты кімдердің жалақысы өсетінін айтты

03 Қараша 2026 17:37see160

Ақтөбеде неке сарайында бойжеткенді өлтіріп кетті

03 Қараша 2026 17:42see156

Орталық әмбебап дүкен (ОӘД), ҚазҰУ және Атакент : Алматыдағы қай ғимараттар ескерткіш атануы мүмкін

03 Қараша 2026 17:01see156

Әділет партиясы Adilet 365 цифрлық экожүйесін дамытып келеді

03 Қараша 2026 12:38see144

Қазақстандық жасанды интеллект әлемдік нарыққа шықты: отандық әзірлеушілер инвесторлардың назарын аударды

03 Қараша 2026 16:58see140

3 қарашадағы сауда саттықта доллар бағамы төмендеуін жалғастырды

03 Қараша 2026 15:52see137

Еуразиялық экономикалық одақтың нарықтарды қорғау тәжірибесі таныстырылды

03 Қараша 2026 14:08see133

Өзгенің көлігін майыстырып алды немесе біреу зардап шекті: жүргізушіні не күтіп тұр

03 Қараша 2026 12:32see130

Қазақстан жолдары жапон технологиясымен тексерілуі мүмкін

03 Қараша 2026 16:51see127

Президент көлік министрін қызметінен босатты

03 Қараша 2026 18:25see121

Ұмай ипотекасына талас: Алматыда тұрғындар банкке кіру үшін бірін бірі итермеледі

03 Қараша 2026 17:44see121

Әсел Жанасова көлік министрі болып тағайындалды

03 Қараша 2026 18:18see120

Ең төменгі жалақы 110 мың теңгеге дейін көтеріледі: қазақстандықтардың қайсысының табысы артады

03 Қараша 2026 16:49see117

Сарапшы Украинада туыстарын іздегендердің Киев маңындағы көтерілісі туралы ойын айтты

03 Қараша 2026 17:05see115

Атырауда өндіріс өкілдерімен ашық диалог өтті

03 Қараша 2026 16:50see114

Президент Жолдауы: дәуірдің жаңа дәптері

03 Қараша 2026 13:47see110

“Ұмай“ ипотекасы үшін кептеліс пе? Алматыдағы Отбасы банк бөлімшесінің алдында халық жиналды

03 Қараша 2026 13:51see107
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары