Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Президентке Қорғаныс министрлігіндегі жоспардан тыс аудиттің барысы туралы баяндалды

Мүгедектігі бар адамдарды жұмысқа орналастыру квотасының орындалуы тоқсан сайын бақыланады

Қазақстандағы Тікенектер белгісі айыппұл болмаса, оны жабыстырудың не қажеті бар

Алматыдағы түнгі ойын сауық орнында қызғаныштан жаппай төбелес болды

Алматыда сазандар мен ақ амурлар мекендейтін құпия су айдыны табылды

Қазақстанда Иранның үш азаматы сотталды

13 жастағы баланың өлімі: Ақтауда хирург күдікті ретінде ұсталды

ҰҚК ұстаған сот төрағасы мен судья ірі көлемде пара алғаны үшін 9 жылға сотталды

Венгрия Украинаның Еуроодаққа кіру келіссөздеріне қойылған ветоны алып тастайды БАҚ

Үржар және Атырау әуежайларында өзгерістер күтілуде: жолаушылар үшін не өзгереді

Қазақстанда кептеліс мәселесімен жаңаша айналысады: премьер әкімдіктерге тапсырма берді

Сапарды кейінге қалдырыңыз : Көлік министрлігі жүргізушілерге ескерту жасады

Банктер қандай жағдайда адамның несиесін толық кешіретіні белгілі болды

Министр цифрландырудың арқасында үнемделген қаржы көлемін айтты

Қолайсыз ауа райы: полиция азаматтарды жолда сақ болуға шақырды

Тоқаев балаларға ерте жастан не түсіндіру керектігін айтты

Астанада шатырдан құлаған құрылыс материалдарынан автомобильдер зардап шекті

БАӘ Қазақстанға іздеуде жүрген үш адамды берді: олар не үшін күдікті деп танылды

Тоқаев Қазақстан мен Оман қандай салаларда бірлескен жобаларды жүзеге асыра алатынын айтты

Тоқаев қылмыстық істер бойынша Еуропамен өзара құқықтық көмекті реттейтін заңға қол қойды

Қайта оралған Қан мен тер

Қайта оралған Қан мен тер

Qazaq24.com, Aikyn.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып жаңалық таратты..

Мәмбетов қойған «Қан мен тер» спектаклі КСРО Мемлекеттік сыйлығын иемденіп, театр өнерінің биік белесін бағындырды. Бұл шығарма ғана дүркіреген жоқ, спектакльде басты кейіпкерлерді сомдаған актерлердің де есімі бірге жарқырады. Еламан бейнесін Асанәлі Әшімов сомдап, кейіпкерінің ішкі күйзелісін, арпалысын, намысын терең психологиялық қуатпен айрықша жеткізе білді. Ақбала рөліндегі Фарида Шәріпова да әйел жанының нәзіктігін, тағдыр тәлкегіне түскен қайшылықты болмысын шынайы көркемдеп берді. Бұл спектакль көрермен арасында аңызға айналды. Режиссерлік шешім, актерлік құрам, трилогияның даңқы осылай аспандап еді. 

Бұдан кейін де бір рет қайта сахналанды. 2007 жылы Қазақстанның Еңбек Ері Әзірбайжан Мәмбетов Қалибек Қуанышбаев театрында қайта қойған болатын. Одан бері де жиырма жыл өтіпті. Шығарманы көп режиссер сахналауға жүрегі дауаламағаны рас. Өйткені трилогияның сюжеті оңай емес, оны кез келген режиссер қоюға жүрек­сінер еді. Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, режиссер Нұрлан Жұманиязов араға ұзақ жылдар салып, туындыны қайта сахналап отыр. Шығар­маны сахнаға лайықтап дайындаған – көрнекті актер Тілектес Мейрамов. Екі мық­тының тан­демінен құралған «Қан мен тер» спектаклінің премьерасы өтті.

Кеңес заманында цензураға ұшырады

Режиссер бұл шығармаға қалай келді? Оны қайта қоюдың сыры неде? Режиссер Нұржан Жұманиязов: «Бұл шығарма М.Әуезов театрының сахнасында кеңестік уақытта қойылды. Дүркіреп шыққаны рас. Көрерменін де тәнті еткен, сол замандағы театр өнерін де биікке шығарған қойылым болды. Біз Әзірбайжан Мәмбетовтің мектебін бітірдік. Менімен бірге еврей, татар, орыс, поляк қыз-жігіттері болды. Сол кездерде Әзекең марқұм ұстаз ретінде көп ақыл-кеңесін берді. Сол кісінің тәлім-тәрбиесін көп көрдік. 

«Қан мен терді» автор шығарма ретінде астарлап жеткізгенімен, сахналық нұсқасында оны шығару өте ауыр. Кеңестік кезеңде мұндай шығарманы беру үшін кеңестік цензураның талабына сай келу керек еді. Кей тұстары цензураның сынынан өтпей қалатын. Сол үшін де шығарманы тұспалдап көрсетуге тырысты. Кейбір тұстарын ашық бере алмады. Екіншіден, автор «Қан мен терді» өмірлік кредосы ретінде ұстап, өмірінің соңына дейін кей тұстарын өзгертіп, кей тұстарын редакциялап кетті. Сондықтан соңғы шығарған кітабын, өзгерткен тұстарын қарасаңыз, көп дүние өзгергенін байқайсыз. Соңғы шығарылымын оқығаннан кейін көп ойландым.  «Шығармадағы негізгі қайшылық неде?» деген ой туды. Өмір бойы малмен айналысқан қазақ үшін Аралды игеру, балық шаруашылығымен айналысу таңсық болғаны рас. Әрі қазақ ауылдарына Кеңес үкіметінің келуі, иелік етуі қазақ шаруасына ауыр тигені анық. «Қан мен терге» қайта үңілуіме осы дүниелер әсер еткен болар», – дейді.

Шығарманы сахнаға лайықтап, инсцениров­касын жасаған Тілектес Мейрамов екені белгілі. Әрине, Нұрпейісовтің әйгілі шығармасын қайта жазуға болмайтын шығар. Дегенмен сахналық нұсқасын әзірлеп, дайындау да оңай дүние емес. «Тілектес Мейрамовты автор деп айтуға келмес. Бұл туындының авторы – біреу, ол – Әбдіжәміл Нұрпейісов. Инсценировка деген – сахнаға бейімдеу, икемдеу дегенді білдіреді. Сол үшін де Тілектес Мейрамовқа «Сен осыны қолға алшы, екеуміздің идеямыз, мақсат-мүддеміз бірге шықсын» деп өтініш жасадым. «Қан мен тер» аяқты кең басып, еркін шабуыңа мүмкіндік беретін дүние ғой. Бұл шығарманың тақырыбы әлі де өзекті, ескіре қойған жоқ. Бүгінгі прогресті де ұмыттырмайтын, адами қас­иеттерді басты орынға қоятын туындыны қайта қоюдың басты себебі де осында», – дейді режиссер. 

Аралдың жайы – бүкіл адамзаттың қайғысы

Суреткер ретінде, режиссер ретінде осы шығарманы таңдауының себебін осылай түсіндіреді. «Елдікті сақтаудың жолында күресе білуіміз керек» деген кредоны ұстанады. «Қан мен тердің» әлі де қажеттілігі бар екенін айтады. Бұл шығарма кеңестік кезеңде өз миссиясын орындап қойған деп  шешім қабылдауға болмайды. Оның әлі де айтары бар. Сол себепті де «Қан мен тер» – уақыт өткен сайын көмескі тартпайтын, қайта жаңғырып, қайта оқылатын, қайта қойылатын классикалық туынды. Бұған жастардың (жас актерлер) көзқарасын, ойынын, шығарма­шылық ізденісін қоссақ, режиссер мен инсцени­ровка авторының көздеген мақсаты орындалды деп айтуға негіз бар. Ал оған баға беретін – тағы да жас көрермендер болары анық. 

«Сахналық ізденістерді көрсетуге дыбыс, музыка, актерлік құрам – толық сай келуі керек. Сонда ғана театрдың мүмкіндігі арқылы спектакльді жаңа деңгейге шығаруға болады», – дейді режиссер. Жұманиязовтың айтуынша, «Арал мәселесі – барша қазақтың жанына батар дүние. Аралдың бүгінгі жағдайы әлемдік деңгейдегі үлкен трагедияға айналды. Сондықтан бұл – қазақтың ғана емес, бүкіл адамзаттың қайғысы. Экологияға жаны ашитын кез келген мемлекет Арал тағдырына бейжай қарамауы қажет. Көрермен тарихты білу үшін осы спектакльді көруі керек», – дейді.

Театр өзінің 35-ші маусымын осылай қорытындылады. «Қан мен тер» жаңа маусымның да шымылдық ашар шығармасы болары анық. Әзірге көрермен тарапынан да беріліп жатқан баға жаман емес. Ауыр шығарманы, оқиғасы терең дүниені көрерменге де қабылдау оңай тимейтіні хақ.

«Актерлік құрамның өнері бейжай қалдырған жоқ. Спектакль басталған сәттен соңына дейін сахна ымырт жамылған күйде тұрды. Сахнадағы қою қара тұман сол заманның (өткен ғасырдың алғашқы жылдары) аласапыранын еске түсіріп тұрғандай әсер қалдырады. Өмір бойы мал баққан қазақ ауылы патша үкіметінің келуімен Аралдағы балықты азық етеді. Бірде балық түссе, бірде құр қалады. Бұл кезең – ақ пен қызылдың таласы өршіп тұрған кез. Бірде аш, бірде аз-маз балықты қанағат тұтқан қазақ өмірінің ащы бейнесі бір ауылдың тарихы арқылы көрсетіп берді», – дейді Ақерке Игісін атты көрермен. 

Режиссер Нұрлан Жұманиязов сахналаған «Қан мен тер» – өткеннің қасіретін бүгінгі күнмен сабақтастырған, көрермен жүрегіне ауыр сауал тастаған қойылым.

Сахнаға қайта оралған «Қан мен тер» қазақ әдебиетінің мәңгілік мұрасын театр тілінде қайта сөйлетіп, ұлттық руханияттағы салмағын тағы бір мәрте айқындап берді. 

Гүлзина БЕКТАС

Қосымша ақпарат пен соңғы жаңалықтар үшін Qazaq24.com сайтын бақылаңыз.
seeКөрілімдер:92
embedДереккөз:https://aikyn.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 02 Шілде 2026 09:25
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Президентке Қорғаныс министрлігіндегі жоспардан тыс аудиттің барысы туралы баяндалды

05 Қазан 2026 16:26see138

Мүгедектігі бар адамдарды жұмысқа орналастыру квотасының орындалуы тоқсан сайын бақыланады

05 Қазан 2026 15:44see136

Қазақстандағы Тікенектер белгісі айыппұл болмаса, оны жабыстырудың не қажеті бар

05 Қазан 2026 09:29see135

Алматыдағы түнгі ойын сауық орнында қызғаныштан жаппай төбелес болды

05 Қазан 2026 19:06see135

Алматыда сазандар мен ақ амурлар мекендейтін құпия су айдыны табылды

05 Қазан 2026 18:33see134

Қазақстанда Иранның үш азаматы сотталды

05 Қазан 2026 13:04see133

13 жастағы баланың өлімі: Ақтауда хирург күдікті ретінде ұсталды

05 Қазан 2026 12:30see132

ҰҚК ұстаған сот төрағасы мен судья ірі көлемде пара алғаны үшін 9 жылға сотталды

05 Қазан 2026 17:52see126

Венгрия Украинаның Еуроодаққа кіру келіссөздеріне қойылған ветоны алып тастайды БАҚ

05 Қазан 2026 22:07see126

Үржар және Атырау әуежайларында өзгерістер күтілуде: жолаушылар үшін не өзгереді

05 Қазан 2026 15:34see124

Қазақстанда кептеліс мәселесімен жаңаша айналысады: премьер әкімдіктерге тапсырма берді

06 Қазан 2026 10:57see122

Сапарды кейінге қалдырыңыз : Көлік министрлігі жүргізушілерге ескерту жасады

06 Қазан 2026 10:24see121

Банктер қандай жағдайда адамның несиесін толық кешіретіні белгілі болды

06 Қазан 2026 14:54see121

Министр цифрландырудың арқасында үнемделген қаржы көлемін айтты

06 Қазан 2026 12:42see120

Қолайсыз ауа райы: полиция азаматтарды жолда сақ болуға шақырды

05 Қазан 2026 19:42see120

Тоқаев балаларға ерте жастан не түсіндіру керектігін айтты

05 Қазан 2026 15:02see119

Астанада шатырдан құлаған құрылыс материалдарынан автомобильдер зардап шекті

06 Қазан 2026 13:27see118

БАӘ Қазақстанға іздеуде жүрген үш адамды берді: олар не үшін күдікті деп танылды

06 Қазан 2026 11:27see114

Тоқаев Қазақстан мен Оман қандай салаларда бірлескен жобаларды жүзеге асыра алатынын айтты

06 Қазан 2026 19:40see113

Тоқаев қылмыстық істер бойынша Еуропамен өзара құқықтық көмекті реттейтін заңға қол қойды

06 Қазан 2026 20:27see113
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары