Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Мемлекет басшысына елімізді газбен қамтамасыз ету және жаңа газ өңдеу зауыттарының құрылысы туралы есеп берілді

Алматыда тарихи ескерткіштер тізіміне тағы 27 нысан енгізілуі мүмкін

Джонни Депп өзінің аңызға айналған рөліне оралуы мүмкін. Актер маңызды сұраққа жауап берді

Министр нақты кімдердің жалақысы өсетінін айтты

Орталық әмбебап дүкен (ОӘД), ҚазҰУ және Атакент : Алматыдағы қай ғимараттар ескерткіш атануы мүмкін

Ақтөбеде неке сарайында бойжеткенді өлтіріп кетті

Әділет партиясы Adilet 365 цифрлық экожүйесін дамытып келеді

Қазақстандық жасанды интеллект әлемдік нарыққа шықты: отандық әзірлеушілер инвесторлардың назарын аударды

3 қарашадағы сауда саттықта доллар бағамы төмендеуін жалғастырды

Еуразиялық экономикалық одақтың нарықтарды қорғау тәжірибесі таныстырылды

Өзгенің көлігін майыстырып алды немесе біреу зардап шекті: жүргізушіні не күтіп тұр

Қазақстан жолдары жапон технологиясымен тексерілуі мүмкін

Президент көлік министрін қызметінен босатты

Ұмай ипотекасына талас: Алматыда тұрғындар банкке кіру үшін бірін бірі итермеледі

Әсел Жанасова көлік министрі болып тағайындалды

Ең төменгі жалақы 110 мың теңгеге дейін көтеріледі: қазақстандықтардың қайсысының табысы артады

Сарапшы Украинада туыстарын іздегендердің Киев маңындағы көтерілісі туралы ойын айтты

Атырауда өндіріс өкілдерімен ашық диалог өтті

Президент Жолдауы: дәуірдің жаңа дәптері

Министр Ақмарал Әлназарова Ақтауда дәрігерге шабуыл жасаған әкенің ісіне қатысты пікір білдірді

Қан мен тер : Тәңірбергеннің бейнесін Тұңғышбай Жаманқұлов ағамыздың биігінен құлатпай алып шығуға тырыстым Жасұлан Ерболат

Қан мен тер : Тәңірбергеннің бейнесін Тұңғышбай Жаманқұлов ағамыздың биігінен құлатпай алып шығуға тырыстым Жасұлан Ерболат

Qazaq24.com, Aikyn.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып ақпарат жариялайды..

Әртістің айтуынша, оның өнерге бет алуына отбасының ықпалы тиген.

– Анам – Чайковский атындағы училищесін бітірген академиялық, опералық әнші. Әкем – ақын, жазушы, филология ғылымдарының кандидаты және философия ғылымдарының докторы, түркітанушы. Ата-әжем де филологтар болған. Әкемнің сыйлас достарының арасында елге белгілі журналистер, ақын-жазушылар, өнер адамдары көп болатын. Әсіресе, Сәкен Жүнісов, Баянғали Әлімжанов, Ерік Асқаров сияқты атақты адамдар үйге жиі келіп, бала кезімізден етене жақын араласып өстік. Сол бір кезеңде Көкшетауда әдебиет пен өнердің үлкен толқыны жүріп жатты. 1996 жылы Жақып Омаров театры ашылып, оған Жүргенов академиясын бітірген бір топ жас келді. Сонда үйде айтылатын әңгіменің бәрі тек әдебиет пен өнер төңірегінде өрбитін. Осындай ортада өскендіктен, өзім анам секілді әнші болғым келді. Ал әке-шешем менің ақын-жазушы немесе журналист болғанымды қалады. Шынын айтсам, екеуіне де бейімім болды. Бірақ 7-8 сыныпта актерлік өнер бойынша театрға барып, олардың ойнын көріп, сахна өнерімен танысқаным сол еді. Осы бір сәтте актерлік өнер – әнге де, журналистикаға да, өзімнің қалауым да барлық өнердің жиынтығы боп көрінді. Содан кейін осы жолды таңдадым. «Ұяда не көрсең, ұшқанда соны ілесің» дегендей, өнерге жанашыр әулеттің ұрпағы ретінде бүгінгі жетістігім ата-анамның ықпалы зор деп айта аламын, – дейді ол.  

Жасұлан Ерболат әр театрдың өзіндік ерекшелігі бар деп санайды.  

«Әуезов атындағы театрдың да, Қаллеки (Қалибек Қуанышбаев) театрының да орны бөлек. Көптеген актердің арманы – осындай аңызға айналған театрда жұмыс істеу. Қуанышбаев театрының өзіндік тарихы, салт-дәстүрі және қазақ театр әлемінде өз соқпағы бар. Бұл театрдың негізін салған Жақып Омаров ағамыз – қазақ театр тарихында есімі алтын әріппен жазылған тұлға. Одан кейін режиссер Қадыр Жетпісбае, Халық қаһарманы Әзірбайжан Мәмбетовтер осы театрдың қалыптасуына өз ықпалын тигізді. Өнердегі аға-әпкелеріміз Әзекеңнен (Әзірбайжан Мәмбетовтен) тәлім алып, үлкен сүзгіден өткен. Бүгінде біздің олардан үйренетініміз көп. Мысалы, сахнада ғана емес, сахнадан тыс өмірдегі сыйластық, үлкен мен кішінің арасындағы қарым-қатынас, ұрпақ сабақтастығы үзілмеген», –  деді ол.

Актер сахнадағы әр рөлдің өзіндік қиындығы мен қызығы барын тілге тиек етіп, өзінің ойнаған алғашқы рөлін еске алды. 2009 жыл, сол кезеңде ол – ІІІ курстың студенті. Сонда оған «Үйлену» спектакліндегі Тамаданың рөлін сомдау бұйырған екен.

– Сахнаға алғаш шыққандықтан, қобалжуымен есте қалды. Одан кейін Болат Ұзақов ағамыз қойған, Қанат Жүнісовтің «Махаббат мелодрамасы» спектакліндегі Дарын рөлі, Ә. Мәмбетов Ш.Айтматовтың шығармасы бойынша қойған «Ана –  Жер-Ана» спектакліндегі Толғанайдың кіші баласы Жайнақтың рөлін ойнадым. Әсіресе, Рақымжан Отарбаевтың «Көлеңкесіз жолаушы» нашақорлыққа байланысты спектаклінде ұстазымыз Нұрлан Жұманиязовпен бірге жұмыс істеу процесі ұнады. Мұхтар Әуезовтің Абай спектакліндегі – Керім рөлі, Ғ.Мүсіреповтің «Баян Сұлу – Қозы Көрпеш» музыкалық драмасындағы Қарабайдың рөлін ойнау да бұйырды. Соның арасында «Күшік күйеудегі» Тюренчик рөлін таңертең сағат 11-де алып, кешкі 6-да сахнаға шығып кеттім. Қасымдағы Шах-Мұрат Кубиктің рөлінде еді, сөйтіп екеуміз қойылымды сәтті алып шықтық. Жақында Әбдіжәмил Нұрпейісовтің «Қан мен тер» спектаклінде Тәңірбергеннің рөлін ойнадым. Меніңше, бұл шығарманы – әр қазақ білуі және оқуы тиіс. Тәңірберген десе, көз алдымызға бірден Тұңғышбай Жаманқұлов ағамыз келеді. Сондықтан бұл рөлді сол биіктіктен құлатпай, жақсы деңгейде алып шығуға тырыстым. Әрине, оның толық бағасын көрермен береді, –  деді  Жасұлан Ерболат.

«Егер Тәңірбергенмен бетпе-бет кездессеңіз, қандай сұрақ қояр едіңіз» дегенге актер «Еламан екеуіңнің келіспеушілігіңнен қарапайым халықтың қырылатынын білмедің бе? «Екі түйе сүйкенсе, ортада шыбын өлетінін» қалай ойламадың? Неге халықты қидың?» деп сұрар едім. Ол ел басқарған, оқыған, бай тұқымнан шыққан адам ғой. Соны неге түсінбеді деген сұрақ мазалайды» деп жауап берді.

Оның айтуынша, қойылымды көрерменге жеткізу, оған ой салу – міндет. Ал одан қандай ой түйеді, нені алады оны көрерменнің өзі шешеді. Алайда әртіс театр актеріне ең қажет қасиет атап өтті. «Бұл –  тәртіп. Сахнаға шықпас бұрын 10-15 минут дайын тұруы өзіне ғана емес, әріптесіңе, сахнаға, өнерге деген құрмет» деп санайды.

– Өзімді белгілі бір қатаң принциптермен шектегім келмейді. Ішкі дүниеңді «мынау – менің принципім» деген тар шеңберлерге толтырып алсаң, ол сенің мүмкіндігіңді тұсаулап тастайды. Меніңше, адам өмірге келген соң екі-ақ ұлы миссияны орындауы керек: ол – жақсы көру және жаңа дүние жасау. Жаратушыны, Отанды, ата-ананы, баланы шынайы махаббатпен сүю – әлемді құтқаратын ұлы күш. Сонымен қатар, қолыңнан келгенше тарих жасап, өзіңді, ұлтыңды, мемлекетіңді, керек десеңіз, бүкіл адамзатты өнеріңмен немесе ісіңмен алға дамыту – басты мұрат.

Ал біздің жұмысты тек шабытқа байлап қоюға болмайды. Шабыт деген келеді, кетеді. Егер шабыт үш ай келмей қойса, жұмыс істемей отыра береміз бе? Бұл да — ғылым сияқты. Химиктер шабыт күтіп отырмайды, зерттей береді. Сол сияқты біз де көңіл-күй болмаса да, жұмыс істеуіміз керек. сондықтан мені қарапайым нәрсенің бәрі шабыттандырады: кино, музыка, әдемі ауа райы, тіпті бұлтты күннің өзі. Біреудің күлкісінен, табиғаттың әдемілігінен, пейзаждан, әдемі суреттен немесе әдеміліктің кез келген көрінісінен шабыт аламын. Құдайдың жаратқан кез келген әдемілігі мені шабыттандырады. Әсіресе, музыканың менің ішкі әлеміме әсері бөлек. «Сөз біткен жерде музыка басталады» делуі тегін емес, өйткені сөзбен жеткізе алмаған сезімді әуен арқылы космостық деңгейде сезіну – ғажайып күш, – деді Жасұлан Ерболат.

Ғазиза Ерланова,

ЕҰУ Журналистика мамандығының ІІІ курс студенті

Оқиғаларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан ең өзекті жаңалықтарды қарап отырыңыз.
seeКөрілімдер:139
embedДереккөз:https://aikyn.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 15 Қыркүйек 2026 17:37
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Мемлекет басшысына елімізді газбен қамтамасыз ету және жаңа газ өңдеу зауыттарының құрылысы туралы есеп берілді

03 Қараша 2026 13:47see166

Алматыда тарихи ескерткіштер тізіміне тағы 27 нысан енгізілуі мүмкін

03 Қараша 2026 13:02see163

Джонни Депп өзінің аңызға айналған рөліне оралуы мүмкін. Актер маңызды сұраққа жауап берді

03 Қараша 2026 16:33see162

Министр нақты кімдердің жалақысы өсетінін айтты

03 Қараша 2026 17:37see159

Орталық әмбебап дүкен (ОӘД), ҚазҰУ және Атакент : Алматыдағы қай ғимараттар ескерткіш атануы мүмкін

03 Қараша 2026 17:01see155

Ақтөбеде неке сарайында бойжеткенді өлтіріп кетті

03 Қараша 2026 17:42see155

Әділет партиясы Adilet 365 цифрлық экожүйесін дамытып келеді

03 Қараша 2026 12:38see143

Қазақстандық жасанды интеллект әлемдік нарыққа шықты: отандық әзірлеушілер инвесторлардың назарын аударды

03 Қараша 2026 16:58see139

3 қарашадағы сауда саттықта доллар бағамы төмендеуін жалғастырды

03 Қараша 2026 15:52see136

Еуразиялық экономикалық одақтың нарықтарды қорғау тәжірибесі таныстырылды

03 Қараша 2026 14:08see132

Өзгенің көлігін майыстырып алды немесе біреу зардап шекті: жүргізушіні не күтіп тұр

03 Қараша 2026 12:32see129

Қазақстан жолдары жапон технологиясымен тексерілуі мүмкін

03 Қараша 2026 16:51see126

Президент көлік министрін қызметінен босатты

03 Қараша 2026 18:25see120

Ұмай ипотекасына талас: Алматыда тұрғындар банкке кіру үшін бірін бірі итермеледі

03 Қараша 2026 17:44see120

Әсел Жанасова көлік министрі болып тағайындалды

03 Қараша 2026 18:18see119

Ең төменгі жалақы 110 мың теңгеге дейін көтеріледі: қазақстандықтардың қайсысының табысы артады

03 Қараша 2026 16:49see116

Сарапшы Украинада туыстарын іздегендердің Киев маңындағы көтерілісі туралы ойын айтты

03 Қараша 2026 17:05see114

Атырауда өндіріс өкілдерімен ашық диалог өтті

03 Қараша 2026 16:50see113

Президент Жолдауы: дәуірдің жаңа дәптері

03 Қараша 2026 13:47see109

Министр Ақмарал Әлназарова Ақтауда дәрігерге шабуыл жасаған әкенің ісіне қатысты пікір білдірді

03 Қараша 2026 14:24see106
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары