Павлодарда тісін емдеткен үш жасар қыз жансақтау бөліміне түсті
Aikyn.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com мәлімдеме жасады..
Павлодарда стоматологияда тісін емдеткен үш жасар қыз ауыр жағдайда ауруханаға жеткізілді. Қазір дәрігерлер оның өмірі үшін күресіп жатыр, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.
Оқиға 21 қазанда болған. Баланың туысының айтуынша, тісін емдеу кезінде қыздың жағдайы күрт нашарлап, тыныс алуы қиындаған. Кейін есінен танып қалған. Туысы жедел жәрдем көлігінде және ауруханада баланың жүрегі екі рет тоқтағанын мәлімдеді. Бірақ бұл ақпаратты денсаулық сақтау басқармасы ресми түрде растаған жоқ.
Павлодар облыстық денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, 2023 жылы туған қыз 21 қазанда сағат 15:45-те облыстық балалар ауруханасына жеткізілген. Ол аса ауыр жағдайда жансақтау бөліміне жатқызылып, өкпені жасанды желдету аппаратына қосылған.
22 қазанда жергілікті дәрігерлер Астанадағы жетекші медициналық орталықтардың мамандарымен кеңес өткізіп, баланы емдеу жолдарын талқылаған. Қазір оның жағдайы дәрігерлердің тұрақты бақылауында.
Ал стоматология өкілдері барлық медициналық шара бекітілген хаттамаларға сәйкес жүргізілгенін мәлімдеді. Клиникада ресми тексеру басталған. Оқиғаның мән-жайын құқық қорғау органдары да анықтап жатыр.
Бұл тақырыптағы басқа жаңалықтар:
Көрілімдер:75
Бұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 25 Қазан 2026 11:41 



Кіру
Жаңалықтар
Ауа райы
Магниттік дауылдар
Намаз уақыты
Қымбат металдар
Валюта конвертері
Кредит есептегіш
Криптовалюта бағамы
Жұлдыздар
Сұрақ - Жауап
Интернет жылдамдығын тексеріңіз
Қазақстан радиосы
Қазақстан телевизиясы
Біз туралы








Ең көп оқылғандар


















