Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Абу Дабидегі Украина бойынша келіссөздер үшжақты форматта өтеді Песков

Мемлекет басшысы ұлт мәдениеті мен біліміне үлес қосқан тұлғаларды марапаттады

Алдағы сайлау партия үшін маңызды саяси кезең

Елу жастан асқан 10 мыңнан астам қазақстандық жұмысқа орналасты

Republic Day және Bereke Fest: жекелеген тауарларға 50% ға дейін жеңілдік

​Атырауда мерекелік демалыс алдында екі ХҚКО кезекпен жұмыс істейді

​Атырауда TikTok та бейәдеп сөз айтқан қыздың анасы жазаланды

Орташа жалақы 486 мың теңгеден асты

Бублик Медведевпен Almaty Open финалына берілетін жолдаманы сарапқа салады

Құлсарыда мектеп жанындағы жер қараусыз тұр

Вице Президент қоғам қайраткерлерін марапаттады

Балуан Айдос Сұлтанғали әлем біріншілігінің 1/2 финалына шықты

Дженсен Хуанг: интернатта өскен бала NVIDIA компаниясын қалай құрды

Нұртан Ыдырысов Нидерландтағы әлем чемпионатының финалында өнер көрсетті

Кәсіпкерлерді жыл сайын әуреге салған мекеме прокуратура назарына ілікті

№161 лицейде Республика күніне арналған салтанатты іс шара өтті

Қазақстанда орташа жалақы 486 мың теңгеден асып кетті

Дастан Сәтпаев ойнаса да, Бернли тағы да жеңілді

Алаяқтар сіздің атыңызға несие рәсімдемеуі үшін не істеу керек?

Классик Мерей Мәулитқанов Олимпиада жүлдегерін жеңіп, әлем чемпионатының ширек финалына өтті

Астанада Республика күніне арналған дәстүрлі бильярд турнирінің жеңімпаздары анықталды

Астанада Республика күніне арналған дәстүрлі бильярд турнирінің жеңімпаздары анықталды

Qazaq24.com, Aikyn.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып мәлімдеме жасады..

Астанада Республика күніне орай Elorda Aqparat медиахолдингінің дәстүрлі бильярд турнирі мәресіне жетті, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.

Бесінші рет ұйымдастырылған жарысқа медиахолдинг қызметкерлері, басылым ардагерлері, жазушылар мен зиялы қауым өкілдері қатысып, өзара бақ сынады.

Дәстүрлі дода әріптестер арасындағы ынтымақтастықты нығайтып, аға буын мен жас ұрпақтың сабақтастығын жалғастыруға бағытталған. Сонымен қатар мереке қарсаңында бас қосқан қатысушылардың өзара сыйластығын арттырып, салауатты өмір салтын насихаттауға мүмкіндік берді.

Турнирдің ашылу салтанатында Астана қаласы Ішкі саясат басқармасының басшысы Бақытжан Жүнісбеков қала әкімдігі атынан құттықтау сөз сөйлеп, осындай игі бастамалардың қоғамдағы ынтымақ пен өзара байланысты нығайтудағы маңызын атап өтті.

Классик жазушы Төлен Әдік қатысушыларға ақ батасын беріп, жарысқа сәттілік тіледі. Ол адамдардың жиі жүздесіп, пікір алмасуы мен қуанышты бірге бөлісуі сыйластық пен бауырмалдықты арттыратынын айтты. Сондай-ақ мұндай басқосулардың ұрпақтар сабақтастығын жалғастыруға ықпал ететінін жеткізіп, еліміздің мерейі үстем, тәуелсіздігіміз тұғырлы болуын тіледі.

Elorda Aqparat медиахолдингінің басшысы Олжас Сыдықбек те қатысушыларды құттықтап, «Астана ақшамы» және «Вечерняя Астана» басылымдарының тарихына тоқталды. Биыл қос газеттің жарық көре бастағанына 36 жыл толып отыр. Тәуелсіздікпен құрдас басылымдар осы уақыт ішінде елорданың қалыптасуы мен дамуын, қаланың тыныс-тіршілігін оқырманға жеткізіп келеді деген Олжас Сыдықбек басылымдардың қалыптасуына үлес қосқан алғашқы редакторлар мен журналистердің еңбегіне құрмет білдіріп, бүгінгі редакция ұжымы сол дәстүрді жалғастырып келе жатқанын атап өтті. Сондай-ақ мерейтой аясында ұйымдастырылған турнирге қатысушыларға сәттілік тіледі. 

Ұлттық руханиятты қолдауға үлес

Турнирдің өтуіне кәсіпкер, BELES құрылыс компаниясының бас директоры Махат Төрәлі де қолдау көрсетті. Оның айтуынша, осындай басқосулар адамдардың бір-бірімен араласып, ортақ мақсат төңірегінде топтасуына, өзара ауызбіршілікті күшейтуіне жол ашады.

Кәсіпкер мұндай шаралардың қазақы болмысымызды сақтауға, ұлттық құндылықтарымыз бен руханиятымызды дәріптеуге де маңызы зор екенін атап өтті. Сондай-ақ қазақ руханиятын қолдауға әрдайым дайын екенін жеткізді.

Жарыс нәтижесінде жүлделі орындар төмендегідей бөлінді:

І орын – Толқын Табысбек
ІІ орын – Ахмет-Әлі Сақ
ІІІ орын – Бауыржан Қарағызұлы

Сонымен қатар қатысушылардың шеберлігі мен ойын ерекшеліктері ескеріліп, бірқатар арнайы аталым бойынша жеңімпаздар анықталды.

Арнайы аталым иелері:

Үздік комбинация – Әлімжан Сабыржанұлы
Алғашқы шар – Айтмұхамбет Есдәулетов
Мерген ойыншы – Базарбек Түкібаев
Үздік соққы – Ғалым Омарханов
Үздік дуплет – Ерлан Омаров
Мәдениетті ойыншы – Дархан Мыңбай
Шебер ойыншы – Кенже Жұмағұлов
Епті ойыншы – Асқар Ахметов
Үздік серия – Дәулеткерей Кәпұлы
Тосын нәтиже – Талғат Ешенұлы

Ал Әлихан Бөкейхан атындағы арнайы сыйлық Төлен Әбдікке, Мұқағали Мақатаев атындағы арнайы сыйлықты Жанболат Ауыпбаевқа табысталды.

Қосымша ақпарат пен соңғы жаңалықтар үшін Qazaq24.com сайтын бақылаңыз.
seeКөрілімдер:95
embedДереккөз:https://aikyn.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 25 Қазан 2026 12:52
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Абу Дабидегі Украина бойынша келіссөздер үшжақты форматта өтеді Песков

23 Қазан 2026 15:58see143

Мемлекет басшысы ұлт мәдениеті мен біліміне үлес қосқан тұлғаларды марапаттады

23 Қазан 2026 13:47see140

Алдағы сайлау партия үшін маңызды саяси кезең

24 Қазан 2026 01:43see139

Елу жастан асқан 10 мыңнан астам қазақстандық жұмысқа орналасты

23 Қазан 2026 19:26see138

Republic Day және Bereke Fest: жекелеген тауарларға 50% ға дейін жеңілдік

23 Қазан 2026 18:33see137

​Атырауда мерекелік демалыс алдында екі ХҚКО кезекпен жұмыс істейді

23 Қазан 2026 20:38see134

​Атырауда TikTok та бейәдеп сөз айтқан қыздың анасы жазаланды

23 Қазан 2026 20:38see132

Орташа жалақы 486 мың теңгеден асты

23 Қазан 2026 21:12see131

Бублик Медведевпен Almaty Open финалына берілетін жолдаманы сарапқа салады

23 Қазан 2026 23:56see131

Құлсарыда мектеп жанындағы жер қараусыз тұр

23 Қазан 2026 20:38see125

Вице Президент қоғам қайраткерлерін марапаттады

24 Қазан 2026 03:29see124

Балуан Айдос Сұлтанғали әлем біріншілігінің 1/2 финалына шықты

24 Қазан 2026 15:04see121

Дженсен Хуанг: интернатта өскен бала NVIDIA компаниясын қалай құрды

24 Қазан 2026 15:44see120

Нұртан Ыдырысов Нидерландтағы әлем чемпионатының финалында өнер көрсетті

23 Қазан 2026 22:07see120

Кәсіпкерлерді жыл сайын әуреге салған мекеме прокуратура назарына ілікті

24 Қазан 2026 14:06see119

№161 лицейде Республика күніне арналған салтанатты іс шара өтті

24 Қазан 2026 15:17see119

Қазақстанда орташа жалақы 486 мың теңгеден асып кетті

25 Қазан 2026 09:29see116

Дастан Сәтпаев ойнаса да, Бернли тағы да жеңілді

24 Қазан 2026 22:01see114

Алаяқтар сіздің атыңызға несие рәсімдемеуі үшін не істеу керек?

24 Қазан 2026 22:17see110

Классик Мерей Мәулитқанов Олимпиада жүлдегерін жеңіп, әлем чемпионатының ширек финалына өтті

24 Қазан 2026 14:36see110
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары