Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Мемлекет басшысына елімізді газбен қамтамасыз ету және жаңа газ өңдеу зауыттарының құрылысы туралы есеп берілді

Алматыда тарихи ескерткіштер тізіміне тағы 27 нысан енгізілуі мүмкін

Джонни Депп өзінің аңызға айналған рөліне оралуы мүмкін. Актер маңызды сұраққа жауап берді

Министр нақты кімдердің жалақысы өсетінін айтты

Ақтөбеде неке сарайында бойжеткенді өлтіріп кетті

Орталық әмбебап дүкен (ОӘД), ҚазҰУ және Атакент : Алматыдағы қай ғимараттар ескерткіш атануы мүмкін

Әділет партиясы Adilet 365 цифрлық экожүйесін дамытып келеді

Қазақстандық жасанды интеллект әлемдік нарыққа шықты: отандық әзірлеушілер инвесторлардың назарын аударды

3 қарашадағы сауда саттықта доллар бағамы төмендеуін жалғастырды

Еуразиялық экономикалық одақтың нарықтарды қорғау тәжірибесі таныстырылды

Өзгенің көлігін майыстырып алды немесе біреу зардап шекті: жүргізушіні не күтіп тұр

Қазақстан жолдары жапон технологиясымен тексерілуі мүмкін

Президент көлік министрін қызметінен босатты

Ұмай ипотекасына талас: Алматыда тұрғындар банкке кіру үшін бірін бірі итермеледі

Әсел Жанасова көлік министрі болып тағайындалды

Ең төменгі жалақы 110 мың теңгеге дейін көтеріледі: қазақстандықтардың қайсысының табысы артады

Сарапшы Украинада туыстарын іздегендердің Киев маңындағы көтерілісі туралы ойын айтты

Атырауда өндіріс өкілдерімен ашық диалог өтті

Президент Жолдауы: дәуірдің жаңа дәптері

“Ұмай“ ипотекасы үшін кептеліс пе? Алматыдағы Отбасы банк бөлімшесінің алдында халық жиналды

“Трамп, Путин, Си Цзиньпин, Ердоған“. Әлем көшбасшылары Тоқаевты құттықтады

“Трамп, Путин, Си Цзиньпин, Ердоған“. Әлем көшбасшылары Тоқаевты құттықтады

Qazaq24.com, Tengrinews.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып мәлімет бөліседі..

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың атына Республика күніне орай құттықтау жеделхаттары келіп түсті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың атына Республика күніне орай құттықтау жеделхаттары келіп түсті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Қасым-Жомарт Тоқаевтың атына ұлттық мереке – Республика күніне орай шет мемлекеттердің басшылары мен халықаралық ұйымдардың жетекшілерінен құттықтау хаттары келіп жатыр.

Ресей Президенті Владимир Путин жеделхатта Қазақстан әлеуметтік-экономикалық даму жолында нық қадам басып, халықаралық аренадағы беделін дәйекті түрде нығайтып келе жатқанын атап өткен.

"Ресей-Қазақстан байланыстарының деңгейі өте жоғары. Елдеріміз түрлі бағытта табысты ынтымақтастық орнатқан. ТМД, Еуразиялық экономикалық одақ, ҰҚШҰ, ШЫҰ және басқа да көпжақты құрылымдар аясында тиімді қарым-қатынас жасайды", – деп жазды Владимир Путин.

Қытай Халық Республикасының Төрағасы Си Цзиньпин Қазақстан қоғамында татулық пен тұрақтылық салтанат құрып, экономика қарқынды дамып келе жатқанына, сондай-ақ халықтың тұрмыс деңгейі жоғарылап, елдің аймақтағы және халықаралық аренадағы позициясы нығая түскеніне тоқталған.

"Қытай тарапы Қазақстанмен саяси ықпалдастықты одан әрі кеңейтуге, өзара қолдау көрсетіп, даму стратегиясын ұштастыруға және «Бір белдеу, бір жол» бастамасы аясындағы жоғары деңгейлі ынтымақтастықты ілгерілетуге күш-жігер жұмылдыруға дайын", – деп жазған ҚХР Төрағасы.

Америка Құрама Штаттарының Президенті Дональд Трамп Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевпен БҰҰ Бас Ассамблеясының таяудағы сессиясында болған әңгімелесуді ықыласпен атап өткен.

"Америка Құрама Штаттары Қазақстанмен арадағы тығыз экономикалық байланысты және қауіпсіздік саласындағы ынтымақтастықты жоғары бағалайды. Алдағы жылдары кеңейтілген стратегиялық серіктестікті одан әрі нығайтуға ниетті", – делінген жеделхатта.

Франция Президенті Эмманюэль Макрон құттықтау хатында Қасым-Жомарт Тоқаевтың Францияға былтыр жасаған мемлекеттік сапары стратегиялық серіктестіктің жандануына ықпал етіп, екіжақты қарым-қатынасты әртараптандырудың перспективті бағыттарын айқындап бергеніне назар аударған.

"Франция қауіпсіздік және аймақтық тұрақтылықтың негізгі мәселелері бойынша Қазақстанмен сенімді диалогқа баса мән береді. Екі елді бейбітшілікті сақтау және халықаралық құқықты құрметтеу ұстанымы біріктіреді. Біз БҰҰ Жарғысын қатаң сақтауға үндеп, тиімді көпжақты ынтымақтастыққа ықпал етеміз деп үміттенемін", – деді Франция Президенті.

Ұлыбритания және Солтүстік Ирландия Біріккен Корольдігінің Королі III Чарльз Президент пен Қазақстан халқын Республика күнімен құттықтап, достық қарым-қатынасты одан әрі нығайтуға сенім білдірді.

Сондай-ақ қос халықтың игілігі жолында нәтижелі ынтымақтастықты дамытудың маңызын атап өтті.

Өзбекстан Президенті Шавкат Мирзиёев құттықтауында Қасым-Жомарт Тоқаевтың басшылығымен Қазақстанда соңғы жылдары экономиканы қарқынды дамыту және халықтың әл-ауқатын жақсарту үшін ауқымды жұмыс атқарылғанына тоқталып, елдің халықаралық аренадағы ықпалы мен беделі ұдайы артып келе жатқанына назар аударған.

Қырғызстан Президенті Садыр Жапаров Қасым-Жомарт Тоқаевтың басшылығымен Қазақстан экономикалық және әлеуметтік өркендеуде зор табысқа қол жеткізгенін жазған. Сондай-ақ Қырғыз елінің басшысы одақтастық қатынастар мен стратегиялық серіктестікті одан әрі нығайтуға мүдделі екенін растайды.

Президент Эмомали Рахмон Қазақстанмен одақтастық байланыстар Тәжікстанның сыртқы саясатында маңызды бағыт болып қала беретінін жеткізген.

Түрікменстан Президенті Сердар Бердімұхамедов достас екі елдің тату көршілік қарым-қатынасы конструктивті әрі стратегиялық сипатқа ие екенін айтқан. Сонымен қатар Түрікменстан Халк Маслахатының Төрағасы Гурбангулы Бердімұхамедов те өзінің жылы лебізін білдірді.

Түркия Президенті Режеп Тайип Ердоған бауырлас Қазақстанның тәуелсіздік алғаннан бері даму мен өрлеу жолында жеткен табысымен мақтанатынын жеткізген.

"Жалпы адами құндылықтарға арқа сүйеген қарым-қатынасымыздың ерекше сипатына көңіліміз толады. Өзара ықпалдастығымыз екіжақты деңгейде де, көпжақты құрылымдарда, соның ішінде Түркі мемлекеттері ұйымының аясында да қалыпты дамып келеді", – деді ол.

Әзербайжан Президенті Ильхам Әлиев Қазақстанның барлық саладағы елеулі жетістіктері, экономикалық өсімі, халықаралық беделі мен азаматтарының әл-ауқатының артуы Президент Қасым-Жомарт Тоқаев жүргізіп жатқан ауқымды реформалардың нәтижесі деп санайды.

Сонымен қатар құттықтау жеделхаттарын:

Бахрейн Королі Хамад бен Иса Әл Халифа, Бельгия Королі Филипп, Испания Королі VI Фелипе, БАӘ Президенті шейх Мұхаммед бен Заид Әл Нахаян, БАӘ Вице-президенті, Премьер-министрі, Дубай Әміршісі шейх Мұхаммед бен Рашид Әл Мактум, БАӘ Вице-Президенті, Премьер-министрдің орынбасары, Президент Әкімшілігінің басшысы шейх Мансұр бен Заид Әл Нахаян, Марокко Королі VI Мұхаммед, Оман Сұлтаны Хайсам бен Тариқ, Қос киенің сақшысы, Сауд Арабиясының Королі Салман бен Әбделазиз Әл Сауд, Сауд Арабиясының Тақ мұрагері, Премьер-министрі Мұхаммед бен Салман бен Әбделазиз Әл Сауд, Канада генерал-губернаторы Мэри Саймон, Таиланд Королі Маха Вачиралонгкорн, Таиланд Премьер-министрі Анутхин Чанвиракун, Швеция Королі Карл Густав, Жапония Императоры Нарухито, Рим Папасы XIV Лео, Германия Федеративтік Республикасының Президенті Франк-Вальтер Штайнмайер, Үндістан Президенті Драупади Мурму, Шри-Ланка Президенті Анура Кумара Диссанаяка, Корея Республикасының Президенті Ли Чжэ Мёң, Беларусь Президенті Александр Лукашенко, Италия Президенті Серджо Маттарелла, Молдова Президенті Майя Санду, Мажарстан Президенті Тамаш Шуйок, Мажарстан Премьер-министрі Виктор Орбан, Армения Премьер-министрі Никол Пашинян, Армения Президенті Ваагн Хачатурян, Сербия Президенті Александр Вучич, Украина Президенті Владимир Зеленский, Швейцария Президенті Карин Келлер-Зуттер, Чехия Президенті Петр Павел, Словакия Президенті Петер Пеллегрини, Словения Президенті Наташа Пирц-Мусар, Ирландия Президенті Майкл Хиггинс, Иран Президенті Масуд Пезешкиан, Мысыр Президенті Әбдел Фаттах Ас-Сиси, Палестина Президенті Махмұд Аббас, Сингапур Президенті Тарман Шанмугаратнам, Малайзия Премьер-министрі Ануар Ибрагим, Аустрия Президенті Александр Ван дер Беллен, Финляндия Президенті Александр Стубб, Хорватия Президенті Зоран Миланович, Хорватия Премьер-министрі Андрей Пленкович, Болгария Президенті Румен Радев, Литва Президенті Гитанас Науседа, Грузия Президенті Михаил Кавелашвили, Латвия Президенті Эдгарс Ринкевичс, Вьетнам Президенті Лыонг Кыонг, Вьетнам Коммунистік партиясы Орталық комитетінің Бас хатшысы То Лам, Эфиопия Президенті Тайе Ацке-Селассие, Пәкістан Премьер-министрі Шахбаз Шариф, Эстония Президенті Алар Карис, Румыния Президенті Никушор Дан, Куба Президенті Мигель Диас-Канель Бермудес, БҰҰ Бас хатшысы Антониу Гутерриш, Егеменді әскери Мальта Орденінің Ұлы Магистрі Джон Данлап және тағы да басқалары жолдады.

Құттықтау жеделхаттары әлі де келіп түсіп жатыр.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Маңызды жаңалықтар мен жаңартуларды өткізіп алмау үшін Qazaq24.com сайтын қадағалаңыз.
seeКөрілімдер:294
embedДереккөз:https://kaz.tengrinews.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 25 Қазан 2025 15:54
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Мемлекет басшысына елімізді газбен қамтамасыз ету және жаңа газ өңдеу зауыттарының құрылысы туралы есеп берілді

03 Қараша 2026 13:47see167

Алматыда тарихи ескерткіштер тізіміне тағы 27 нысан енгізілуі мүмкін

03 Қараша 2026 13:02see165

Джонни Депп өзінің аңызға айналған рөліне оралуы мүмкін. Актер маңызды сұраққа жауап берді

03 Қараша 2026 16:33see163

Министр нақты кімдердің жалақысы өсетінін айтты

03 Қараша 2026 17:37see160

Ақтөбеде неке сарайында бойжеткенді өлтіріп кетті

03 Қараша 2026 17:42see156

Орталық әмбебап дүкен (ОӘД), ҚазҰУ және Атакент : Алматыдағы қай ғимараттар ескерткіш атануы мүмкін

03 Қараша 2026 17:01see156

Әділет партиясы Adilet 365 цифрлық экожүйесін дамытып келеді

03 Қараша 2026 12:38see144

Қазақстандық жасанды интеллект әлемдік нарыққа шықты: отандық әзірлеушілер инвесторлардың назарын аударды

03 Қараша 2026 16:58see140

3 қарашадағы сауда саттықта доллар бағамы төмендеуін жалғастырды

03 Қараша 2026 15:52see137

Еуразиялық экономикалық одақтың нарықтарды қорғау тәжірибесі таныстырылды

03 Қараша 2026 14:08see133

Өзгенің көлігін майыстырып алды немесе біреу зардап шекті: жүргізушіні не күтіп тұр

03 Қараша 2026 12:32see130

Қазақстан жолдары жапон технологиясымен тексерілуі мүмкін

03 Қараша 2026 16:51see127

Президент көлік министрін қызметінен босатты

03 Қараша 2026 18:25see121

Ұмай ипотекасына талас: Алматыда тұрғындар банкке кіру үшін бірін бірі итермеледі

03 Қараша 2026 17:44see121

Әсел Жанасова көлік министрі болып тағайындалды

03 Қараша 2026 18:18see120

Ең төменгі жалақы 110 мың теңгеге дейін көтеріледі: қазақстандықтардың қайсысының табысы артады

03 Қараша 2026 16:49see117

Сарапшы Украинада туыстарын іздегендердің Киев маңындағы көтерілісі туралы ойын айтты

03 Қараша 2026 17:05see115

Атырауда өндіріс өкілдерімен ашық диалог өтті

03 Қараша 2026 16:50see114

Президент Жолдауы: дәуірдің жаңа дәптері

03 Қараша 2026 13:47see110

“Ұмай“ ипотекасы үшін кептеліс пе? Алматыдағы Отбасы банк бөлімшесінің алдында халық жиналды

03 Қараша 2026 13:51see107
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары