Бурабайда ер адамның денсаулығы нашарлап қалды. Құтқарушылар көмекке келді
Tengrinews.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com хабарлама жасады..
Бурабайда құтқарушылар Бөлектау тауында жағдайы нашарлаған ер адамға көмек көрсетті. Оқиғаның мән-жайын Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметі мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengri Travel.
Бурабай ауданындағы Бөлектау тауында 1982 жылы туған ер адам бақылау алаңынан төмен түсіп келе жатқанда өзін жайсыз сезінген. Салдарынан ол шамамен 350 метр биіктен өздігінен түсе алмай қалған.
Ер адам жедел жәрдем шақырған. Кейін оқиға орнына құтқару жұмыстарын жүргізу үшін Ақмола облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері жіберілген.
Құтқарушылардың кеңесі"Төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері ер адамға көмектесіп, оны таудан төмен түсірді. Кейін жедел жәрдем бригадасына тапсырды. Алдын ала мәлімет бойынша, ер адамға транзиторлық ишемиялық шабуыл диагнозы қойылған", – деп хабарлады министрліктің баспасөз қызметі.
Бұған дейін тәжірибелі қазақстандық құтқарушы Вадим Пак тауға шықпас бұрын есте ұстау қажет бірнеше кеңес берген еді.
Оның айтуынша, тауға жалғыз емес, топпен шыққан дұрыс. Тіпті жол көрсетуші еріп жүрсе де, баратын бағытты алдын ала зерттеп алған жөн. Киім мен аяқкиімді ауа райы мен жер бедеріне қарай таңдау керек. Құтқарушылар алыстан оңай байқауы үшін ашық түсті киім киген дұрыс.
Рюкзакта жылы киім, азық-түлік қоры, дәрі қобдишасы, қолшам, қуаттағыш құрылғы (пауэрбанк) және термос болуы қажет. Жолға шығар алдында жақындарыңызға қай бағытпен жүретініңізді және шамамен қашан оралатыныңызды хабарлаған жөн. Сондай-ақ, топтағы барлық адаммен бірге суретке түсу ұсынылады.
Бұдан бөлек, құтқарушылар тауға шығатын туристерге серуенді күн батқанға дейін қайтып үлгеретіндей етіп жоспарлауға кеңес береді.
Төтенше жағдайлар министрлігі де жолға кететін уақытты алдын ала есептеп, өз күшіңізді дұрыс бағалауды ескертеді.
Еске салайық, қазанның басында Қарасай ауданында, Үлкен Алматы шыңы маңында, 3680 метр биіктікте Алматы қаласының Мониторинг және жедел әрекет ету орталығының құтқарушылары 2008 жылы туған екі жасөспірімге көмек көрсеткен болатын. Олар таудан түсіп келе жатқанда бағытынан адасып кеткен.
Бізді Google-дың негізгі дереккөздер тізіміне қосыңыз
Қосу
Бұл тақырыптағы басқа жаңалықтар:
Көрілімдер:78
Бұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 25 Қазан 2026 16:07 



Кіру
Жаңалықтар
Ауа райы
Магниттік дауылдар
Намаз уақыты
Қымбат металдар
Валюта конвертері
Кредит есептегіш
Криптовалюта бағамы
Жұлдыздар
Сұрақ - Жауап
Интернет жылдамдығын тексеріңіз
Қазақстан радиосы
Қазақстан телевизиясы
Біз туралы








Ең көп оқылғандар


















