Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Ауыл шаруашылығы өкілдері аграрлық саланы дамыту мәселелерін талқылады

​Қазақстанда екі жаңа МӨЗ салу жоспарланып отыр: оның бірі Атырау облысында салынуы мүмкін

Рыбакина қатысатын WTA қорытынды турнирінің алғашқы ойындарының кестесі жарияланды

Қазақстанның элиталық арнайы жасағында алғаш рет “Китана“ атты бойжеткен пайда болды

Атырау Орал жолындағы жөндеу жұмыстарының қарқыны қандай?

Ақтөбе облысында мұнай өңдеу зауыты салынады

Жолдау жаңа жоспарлар мен іс қимылдың доктринасы

Өсімдік майының өндірісі 25 пайызға өсті

Маңғыстауда әскери қызметшілердің қаза табуы: сегіз лауазымды тұлға қамауға алынды

Қазақстанның Қытайға май өнімдерінің экспорты 1 миллион тоннаға жетпек

Мұнай барлық жерде бола бермейді : Қазақстанда 112 учаске аукционға шығарылады

Кушнер АҚШ тың Украинадағы қақтығысты тоқтату мақсатын түсіндірді

Путин Ресей халқы бөлінбеуі үшін көп жұмыс жасады Мемлекеттік Дума депутаты

Криштиану Роналду ұлттық құрамадан кететінін мәлімдеді

Өзбекстанда кеден қызметінің өкілдігі ашылады: заңға қол қойылды

Құрылтай депутаттары Павлодар облысында тұрғындармен кездесті

Үйдегі газ үлкен жауапкершілік

Барни ісі : 19 жастағы Мадинаның мәйітін қайта қазып алды

“Оның қалай кеткенін ешкім көрмеген“: Теміртауда үш баланың анасы екінші ай бойы іздестірілуде

Қазақстан Ыстамбұлда сауда кеңсесін ашты

Димаш Құдайберген өзінің продюсерлік жобасының тұсаукесерін көрермендермен бірге өткізді

Димаш Құдайберген өзінің продюсерлік жобасының тұсаукесерін көрермендермен бірге өткізді

Qazaq24.com, Zakon.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып жаңалық жариялады..

Алғашқы продюсерлік жобасын таныстыру барысында Димаш Құдайберген былай деді:

"Құрметті достар! Бүгін сіздерді осында көріп отырғаныма ерекше қуаныштымын. Осы маңызды сәтте жанымнан табылған әрқайсыңызға шын жүректен алғыс айтамын. Бүгін – айрықша күн, себебі дәл бүгін "Voice Beyond Horizon" жобасының әлемдік премьерасы өтеді. Мен үшін премьераны дәл өздеріңізбен бірге өткізу – үлкен мәртебе.

Бұл жоба мен үшін аса маңызды. Мұнда мен тек әртіс ретінде ғана емес, сонымен қатар атқарушы продюсер ретінде де өз қолтаңбамды қалдырдым. Бүгін өздеріңіз тамашалайтын әрбір көріністің артында көзге көріне бермейтін үлкен еңбек, шынайы эмоциялар мен музыкаға деген нәзік махаббат жатыр деп біліңіздер."Voice Beyond Horizon" жобасы Қытайдың ірі телекомпанияларының бірі – Hunan TV арнасымен бірлескен ынтымақтастық аясында жүзеге асырылды. Жобаның қайталанбас ерекше форматы – қалыптасқан шеңберден шығып, музыка арқылы шекараларды жоятын шығармашылық сапар. Бұл жоба түрлі халықтардың мәдениетін тоғыстырып, ұлттық дәстүрлерді танытуға, өзара диалог орнатуға, достық пен ортақ шығармашылыққа жол ашады.

Аталған жоба Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің, Мәдениет министрлігінің, Туризм және спорт министрлігінің, сондай-ақ Kazakh Tourism ұлттық компаниясы мен Qazaqstan ұлттық телеарнасының қолдауымен жүзеге асырылды. Жобаны іске асыруға отандық ірі компаниялар — Qarmet металлургиялық комбинаты, Қазақмыс холдингі, АлтынАлмас акционерлік қоғамы және Нұрлан Смағұлов қоры елеулі үлес қосты. Барлық серіктестеріміз бен достарымызға сенім білдіріп, қолдау көрсеткендері үшін зор алғысымды білдіремін.

Сондай-ақ, Voice Beyond Horizon жобасының қатысушыларына ерекше ризашылығымды білдіргім келеді. Қазақстан мәдениетіне зор қызығушылықпен, терең құрметпен қарап, осы шығармашылық сапарды жан-тәнімен сезініп, тамаша өнер көрсеткен әртістерге алғыс айтамын. Жобаға Қытай, Қазақстан, Сербия, Италия, Малайзия және Қырғызстан елдерінен келген вокалистер қатысуда. Жақын уақытта сіздер олармен жақынырақ танысатын боласыздар.Осы жобаға мен орындаушы ретінде, сондай-ақ, ең алдымен, әр қатысушының өнерін мұқият бағалап, оларды қолдап, шығармашылық жолында жанашырлық танытып отыратын қазылар алқасының төрағасы ретінде атсалысамын. Қазылар алқасында менімен бірге Қытай елінің құрметті әріптестері — тәжірибелі музыканттар мен кәсіби мамандар да отырады. Біз бұған дейін де олармен бірқатар жобалар аясында нәтижелі ынтымақтастық орнатқан болатынбыз.Жобаның бастау алуына қолдау көрсету үшін Лос-Анджелестен арнайы келген маэстро, композитор және продюсер Уолтер Афанасьевке ерекше алғысымды білдіргім келеді. Ол кісі бізді қолдап, Түркістандағы жобамызға бастама жасап отыр.Құрметті достар, бүгіннен бастап Voice Beyond Horizon жобасы әлем көрермендеріне жол тартады. Әрдайым жанымнан табылғандарыңыз үшін рақмет. Көңілдеріңізден шығады деп үміттенемін!"

Көрермендер Димаш пен оның командасымен бірге шоудың алғашқы бөлімін аса қызығушылықпен тамашалап, жобаның алғашқы түсірілімдері өткен Түркістан өңірінің көркем табиғатына куә болды.

Эпизод аяқталғаннан кейін залда ұзақ уақыт бойы толастамаған қошемет пен зор ықылас көрермендердің премьераны жоғары деңгейде қабылдағандығының және Димаш Құдайбергенді ірі жобаның атқарушы продюсері ретіндегі алғашқы рөлін сәтті алып шыққандығының дәлелі болды.

Кездесу аясында шоумен қатар шағын концерттік бағдарлама ұйымдастырылды. Қобызшы Олжас Құрманбек "Gladiator" және "Loreen – Tattoo" композицияларын орындады. Домбырашылар Темірлан Олжабаай мен Ернат Наурыз "Алем" және "Бастау" күйлерін орындаса, Мансұр Құдайберген "When I’ve got you" шығармасының аспаптық нұсқасын ұсынды.

Кештің ерекше тосынсыйы ретінде Димаш Құдайбергеннің "Ғашықтық" әніне түсірілген жаңа mood-бейнебаянының тұсаукесері көрсетілді. Ресми премьерасы жуық арада көрерменге жол тартады.

Оқиғаларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан ең өзекті жаңалықтарды қарап отырыңыз.
seeКөрілімдер:131
embedДереккөз:https://kaz.zakon.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 06 Ақпан 2026 17:21
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Ауыл шаруашылығы өкілдері аграрлық саланы дамыту мәселелерін талқылады

05 Қараша 2026 14:56see138

​Қазақстанда екі жаңа МӨЗ салу жоспарланып отыр: оның бірі Атырау облысында салынуы мүмкін

05 Қараша 2026 16:01see135

Рыбакина қатысатын WTA қорытынды турнирінің алғашқы ойындарының кестесі жарияланды

05 Қараша 2026 14:15see133

Қазақстанның элиталық арнайы жасағында алғаш рет “Китана“ атты бойжеткен пайда болды

05 Қараша 2026 14:08see132

Атырау Орал жолындағы жөндеу жұмыстарының қарқыны қандай?

05 Қараша 2026 16:01see132

Ақтөбе облысында мұнай өңдеу зауыты салынады

05 Қараша 2026 14:21see131

Жолдау жаңа жоспарлар мен іс қимылдың доктринасы

05 Қараша 2026 14:59see130

Өсімдік майының өндірісі 25 пайызға өсті

05 Қараша 2026 14:21see130

Маңғыстауда әскери қызметшілердің қаза табуы: сегіз лауазымды тұлға қамауға алынды

05 Қараша 2026 14:57see128

Қазақстанның Қытайға май өнімдерінің экспорты 1 миллион тоннаға жетпек

05 Қараша 2026 18:53see128

Мұнай барлық жерде бола бермейді : Қазақстанда 112 учаске аукционға шығарылады

05 Қараша 2026 14:11see128

Кушнер АҚШ тың Украинадағы қақтығысты тоқтату мақсатын түсіндірді

05 Қараша 2026 14:21see128

Путин Ресей халқы бөлінбеуі үшін көп жұмыс жасады Мемлекеттік Дума депутаты

05 Қараша 2026 14:21see128

Криштиану Роналду ұлттық құрамадан кететінін мәлімдеді

05 Қараша 2026 17:38see127

Өзбекстанда кеден қызметінің өкілдігі ашылады: заңға қол қойылды

05 Қараша 2026 14:16see126

Құрылтай депутаттары Павлодар облысында тұрғындармен кездесті

05 Қараша 2026 16:33see126

Үйдегі газ үлкен жауапкершілік

05 Қараша 2026 14:58see126

Барни ісі : 19 жастағы Мадинаның мәйітін қайта қазып алды

05 Қараша 2026 15:01see125

“Оның қалай кеткенін ешкім көрмеген“: Теміртауда үш баланың анасы екінші ай бойы іздестірілуде

05 Қараша 2026 14:10see125

Қазақстан Ыстамбұлда сауда кеңсесін ашты

05 Қараша 2026 19:27see125
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары