Оралда есірткі саудасымен айналысқан интернет дүкен жойылды
Azh.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com мәлімдеме жасады..
Сурет: Polisia.kzПолиция қызметкерлері «Бүркіт» арнайы жасағымен бірлесіп, Батыс Қазақстан облысында есірткі сататын интернет-дүкен мен фитозертхананы жойды. Орал қаласының 39 жастағы тұрғыны ұсталды.
Операция «Қарасора-2026» жедел-профилактикалық іс-шарасы аясында жүргізілді. Күдіктінің тұрғылықты жерін тінту кезінде полицейлер өсімдік тектес зат салынған түйіншектерді, қарасора тұқымдарының ірі партиясын және есірткі саудасы жүргізілген смартфонды тәркіледі.
Жедел уәкілдер негізгі олжаны ұсталған азаматтың саяжай учаскесін тінту кезінде анықтады. Ер адам саяжайдағы бөлмелердің бірін толыққанды фитозертханаға айналдырған.
«Тінту барысында қарасораның бес түбі, сондай-ақ оларды өсіруге арналған арнайы жабдықтар: желдеткіштер, фитошамдар, ауа сорғыштар, температура датчиктері мен тыңайтқыштар тәркіленді», — деп хабарлады Батыс Қазақстан облыстық полиция департаменті.
Аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Күдіктіге мүлкін тәркілеумен қатар 5 жылдан 8 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалуы мүмкін.
Бүгін, 15:06
Бұл тақырыптағы басқа жаңалықтар:
Көрілімдер:48
Бұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 27 Қазан 2026 15:31 



Кіру
Жаңалықтар
Ауа райы
Магниттік дауылдар
Намаз уақыты
Қымбат металдар
Валюта конвертері
Кредит есептегіш
Криптовалюта бағамы
Жұлдыздар
Сұрақ - Жауап
Интернет жылдамдығын тексеріңіз
Қазақстан радиосы
Қазақстан телевизиясы
Біз туралы








Ең көп оқылғандар



















