Желтоқсандағы кездесуді асыға күтемін : Трамптың Тоқаевқа жолдаған хаты жарияланды
Sputnik.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып, Qazaq24.com түсініктеме жасады..
АСТАНА, 27 қазан – Sputnik. Ақорда АҚШ президенті Дональд Трамптың Республика күніне орай Қасым-Жомарт Тоқаевқа жолдаған хатын жариялады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
Трамп құттықтау жеделхатында алдымен бір жыл ішінде серіктестіктің тереңдей түскеніне қуанышын жеткізген.
"Бұл халықаралық бейбітшілік пен қауіпсіздік саласындағы ынтымақтастықтан бастап екі елге де пайдалы маңызды коммерциялық келісімдерге дейін қамтыды. 1991 жылы халықаралық аренада Қазақстанды егемен ел ретінде бірінші болып Құрама Штаттар таныған болатын. Сондықтан еліңіздің тәуелсіздігі мен егемендігін және аумақтық тұтастығын әрдайым қолдаймыз", - деді Трамп.
АҚШ президентінің айтуынша, Қазақстанның таңғаларлық экономикалық табыстарына америкалық компаниялар да зор үлес қосып келеді.
"Елдеріміз арасындағы берік достық ұзақ жылдарға жалғасатынына сенімдімін. Желтоқсан айында өтетін G20 саммиті аясындағы кездесуді асыға күтемін", – деп жазды АҚШ президенті.
Бұл тақырыптағы басқа жаңалықтар:
Көрілімдер:108
Бұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 27 Қазан 2026 16:40 



Кіру
Жаңалықтар
Ауа райы
Магниттік дауылдар
Намаз уақыты
Қымбат металдар
Валюта конвертері
Кредит есептегіш
Криптовалюта бағамы
Жұлдыздар
Сұрақ - Жауап
Интернет жылдамдығын тексеріңіз
Қазақстан радиосы
Қазақстан телевизиясы
Біз туралы








Ең көп оқылғандар


















