Үкімет пен әкімдіктер резервтерін пайдалану қағидалары өзгерді
Qazaq24.com, Zakon.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып жаңалық таратады..
Атап айтқанда, шұғыл шығындарға Үкімет пен жергілікті атқарушы органдардың резервтерінен тиісінше бюджет қаражатын бөлу туралы Үкімет пен жергілікті атқарушы органдар қаулыларын әзірлеу мынадай жағдайларда жүзеге асырылатыны нақтыланды:
Бюджет кодексінің 18-бабының 1-тармағында көзделген шығындарды қаржыландыру үшін;Үкімет пен жергілікті атқарушы органдардың резервтерінен қаражатқа қажеттілік ағымдағы қаржы жылында туындаған және ол бюджеттік бағдарлама әкімшісінің өткен кезеңдердегі міндеттемелеріне байланысты болмаған жағдайда;астана, облыстар мен республикалық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдары резервтерінен коммуналдық меншіктегі энергия өндіруші ұйымдардың залалдарын (берешегін) субсидиялау үшін. Бұл ретте аталған ұйымдарға оңалту рәсімі қолданылған болуы, олардың электр және жылу энергиясын өндіру қызметін қатар жүзеге асыруы әрі балансында 20-дан астам жылу көзі болуы қажет.Қазақстан Республикасы Үкіметінің немесе жергілікті атқарушы органдардың резервтерінен бөлінген бюджет қаражатын алатын бюджеттік бағдарлама әкімшілері қаржы жылының қорытындысы бойынша резервтерді пайдалану туралы есептерді тиісінше бюджеттің атқарылуы жөніндегі орталық немесе жергілікті уәкілетті органдарға ұсынады.
Резервтерді пайдалану туралы есептер олардың түрлері бойынша жасалады. Есептерде қаражат бөлу себептері, тиісті бюджеттік бағдарламалардың паспорттарында көзделген түпкілікті нәтижелердің орындалуы көрсетілуге тиіс. Сондай-ақ онда тиісті шығындарды өтеуге арналған бюджетте балама қаржыландыру көздерінің жоқ екені және оларды бюджетті әзірлеу кезінде жоспарлау мүмкін болмағанының себептері туралы ақпарат қамтылуы қажет.
Қаулы 2026 жылғы 3 қарашадан бастап қолданысқа енгізіледі.
Бұл тақырыптағы басқа жаңалықтар:
Көрілімдер:102
Бұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 27 Қазан 2026 14:46 



Кіру
Жаңалықтар
Ауа райы
Магниттік дауылдар
Намаз уақыты
Қымбат металдар
Валюта конвертері
Кредит есептегіш
Криптовалюта бағамы
Жұлдыздар
Сұрақ - Жауап
Интернет жылдамдығын тексеріңіз
Қазақстан радиосы
Қазақстан телевизиясы
Біз туралы








Ең көп оқылғандар



















