Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Мемлекет басшысына елімізді газбен қамтамасыз ету және жаңа газ өңдеу зауыттарының құрылысы туралы есеп берілді

Алматыда тарихи ескерткіштер тізіміне тағы 27 нысан енгізілуі мүмкін

Джонни Депп өзінің аңызға айналған рөліне оралуы мүмкін. Актер маңызды сұраққа жауап берді

Министр нақты кімдердің жалақысы өсетінін айтты

Ақтөбеде неке сарайында бойжеткенді өлтіріп кетті

Орталық әмбебап дүкен (ОӘД), ҚазҰУ және Атакент : Алматыдағы қай ғимараттар ескерткіш атануы мүмкін

Әділет партиясы Adilet 365 цифрлық экожүйесін дамытып келеді

Қазақстандық жасанды интеллект әлемдік нарыққа шықты: отандық әзірлеушілер инвесторлардың назарын аударды

3 қарашадағы сауда саттықта доллар бағамы төмендеуін жалғастырды

Еуразиялық экономикалық одақтың нарықтарды қорғау тәжірибесі таныстырылды

Өзгенің көлігін майыстырып алды немесе біреу зардап шекті: жүргізушіні не күтіп тұр

Қазақстан жолдары жапон технологиясымен тексерілуі мүмкін

Президент көлік министрін қызметінен босатты

Ұмай ипотекасына талас: Алматыда тұрғындар банкке кіру үшін бірін бірі итермеледі

Әсел Жанасова көлік министрі болып тағайындалды

Ең төменгі жалақы 110 мың теңгеге дейін көтеріледі: қазақстандықтардың қайсысының табысы артады

Сарапшы Украинада туыстарын іздегендердің Киев маңындағы көтерілісі туралы ойын айтты

Атырауда өндіріс өкілдерімен ашық диалог өтті

Президент Жолдауы: дәуірдің жаңа дәптері

“Ұмай“ ипотекасы үшін кептеліс пе? Алматыдағы Отбасы банк бөлімшесінің алдында халық жиналды

Субсидияланатын жұмыс орындарын ұйымдастыру қағидалары өзгерді

Субсидияланатын жұмыс орындарын ұйымдастыру қағидалары өзгерді

Zakon.KZ парақшасындағы ақпаратқа сәйкес, Qazaq24.com хабар таратты..

Құжатта Қағидалардың 5, 6, 7, 8-тармақтарының, 9-тармақтың төртінші бөлігінің, сондай-ақ 14, 15, 16, 17, 18, 19, 20 және 21-тармақтарының қолданысы 2026 жылғы 1 сәуірге дейін тоқтатылатыны көрсетілген.

Тоқтата тұру кезеңінде 5-тармақ мынадай редакцияда қолданылады:

Субсидияланатын жұмыс орындарын бір жылдан астам уақыт жұмыс істеп келе жатқан жұмыс берушілердің өтінімдері негізінде мансап орталықтары ұйымдастырады.

9-тармақтың 4-бөлігі мынадай редакцияда қолданылады:

Қоғамдық жұмыстар меншік нысанына қарамастан барлық жұмыс берушілерде ұйымдастырылады.

Қағидалардың 14-тармағы мынадай редакцияда қолданылады:

Жұмыс берушілерден субсидияланатын жұмыс орындарын ұйымдастыруға өтінімдер қабылдау Электрондық еңбек биржасында жүзеге асырылады.

Алдағы қаржы жылына субсидияланатын жұмыс орындарын ұйымдастыруға өтінімдер жыл сайын 29 желтоқсан мен 16 қаңтар аралығында қабылданады.

Ағымдағы қаржы жылына өтінімдер 1 наурыз бен 30 қыркүйек аралығында қабылданады.

Мансап орталығы өтінімдерді қабылдау аяқталған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде жұмыс берушілердің бірыңғай тізбесін қалыптастырып, қарау және бекіту үшін еңбек мобильділігі орталығына жібереді.

Еңбек мобильділігі орталығы екі жұмыс күні ішінде өтінім берген ұйымдардың тізбесін және ұйымдастырылатын жұмыс орындарының санын, субсидияланатын жұмыс орындарының түрін, жұмыс ұзақтығын, мамандығын және айлық жалақы мөлшерін көрсете отырып бекітеді.

Сондай-ақ мансап орталығы бекітілгеннен кейін екі жұмыс күні ішінде еңбек мобильділігі орталығының шешімін әрбір өтінім бойынша "Еңбек нарығы" АЖЖ-ға енгізеді.

Еңбек мобильділігі орталығы кезекті қаржы жылына субсидияланатын жұмыс орындарын ұйымдастыруға жұмыс берушінің қатысуынан бас тарту туралы шешім қабылдаған жағдайда, бас тарту себептері көрсетілген хабарлама "Еңбек нарығы" АЖЖ-дан автоматты түрде Электрондық еңбек биржасындағы жұмыс берушінің "жеке кабинетіне" жіберіледі.

Жұмыс берушіні тізімге енгізуден бас тартуға мынадай негіздер жатады:

жұмыс берушіні субсидияланатын жұмыс орындарын ұйымдастыруға жіберу үшін қажетті құжаттардың немесе мәліметтердің, оның ішінде мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алынатын деректердің шынайы еместігін анықтау;еңбек мобильділігі орталығымен бұрын жасалған субсидияланатын жұмыс орындарын ұйымдастыру туралы шарттар бойынша жұмыс берушінің міндеттемелерін орындамауы (бар болған жағдайда);жұмыс берушінің арнайы әлеуметтік қызметтер көрсететін ұйымдар тізілімінде болуы;жұмыс берушінің техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар кадрларды даярлауға, сондай-ақ мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға, орта білімге және балаларға қосымша білім беруге мемлекеттік білім беру тапсырысын алуы (жастар практикасын немесе "Күміс жас" жобасын ұйымдастыруға өтінім берген жұмыс берушілерді қоспағанда);жұмыс берушінің тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесі шеңберінде медициналық көмек көрсетуі (жастар практикасын немесе "Күміс жас" жобасын ұйымдастыруға өтінім берген жұмыс берушілерді қоспағанда);ағымдағы немесе алдағы қаржы жылына субсидияланатын жұмыс орындарын ұйымдастыруға қаржыландырудың болмауы;жұмыс берушінің банкроттық не тарату рәсімінен өтуі.

Айтылғандай, жұмыс беруші еңбек мобильділігі орталығының шешіміне шағымдануға құқылы.

Шағымды еңбек мобильділігі орталығы қарайды.

Егер республиканың заңдарында өзгеше көзделмесе, Әкімшілік рәсімдік-процестік кодекстің 91-бабы 5-тармағына сәйкес сотқа жүгіну сотқа дейінгі тәртіппен шағымданғаннан кейін ғана мүмкін болады.

Қағидалардың 18-тармағы мынадай редакцияда қолданылады:

Жұмыс берушіде ұйымдастырылатын субсидияланатын жұмыс орындарының санын еңбек мобильділігі орталығы айқындайды.

Жұмыс орындарының санын айқындау кезінде жұмыс берушінің ұйымдық-құқықтық нысаны, мансап орталығында алты айдан астам есепте тұрған жұмыссыздар саны, сондай-ақ өткен күнтізбелік жылы жұмыс берушіде субсидияланатын жұмыс орындарында жұмысын аяқтаған жұмыссыздарды жұмысқа орналастыру деңгейі (бар болған жағдайда) ескеріледі.

21-тармақ мынадай редакцияда қолданылады:

Тізбе бекітілген күннен бастап үш жұмыс күні ішінде Электрондық еңбек биржасында субсидияланатын жұмыс орнына вакансия автоматты түрде құрылады. Құрылған вакансия 90 күнтізбелік күн ішінде толтырылмаған жағдайда жойылады.

Бұйрық 2026 жылғы 28 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.

Маңызды жаңалықтар мен жаңартуларды өткізіп алмау үшін Qazaq24.com сайтын қадағалаңыз.
seeКөрілімдер:184
embedДереккөз:https://kaz.zakon.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 28 Қаңтар 2026 09:33
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Мемлекет басшысына елімізді газбен қамтамасыз ету және жаңа газ өңдеу зауыттарының құрылысы туралы есеп берілді

03 Қараша 2026 13:47see167

Алматыда тарихи ескерткіштер тізіміне тағы 27 нысан енгізілуі мүмкін

03 Қараша 2026 13:02see165

Джонни Депп өзінің аңызға айналған рөліне оралуы мүмкін. Актер маңызды сұраққа жауап берді

03 Қараша 2026 16:33see163

Министр нақты кімдердің жалақысы өсетінін айтты

03 Қараша 2026 17:37see160

Ақтөбеде неке сарайында бойжеткенді өлтіріп кетті

03 Қараша 2026 17:42see156

Орталық әмбебап дүкен (ОӘД), ҚазҰУ және Атакент : Алматыдағы қай ғимараттар ескерткіш атануы мүмкін

03 Қараша 2026 17:01see156

Әділет партиясы Adilet 365 цифрлық экожүйесін дамытып келеді

03 Қараша 2026 12:38see144

Қазақстандық жасанды интеллект әлемдік нарыққа шықты: отандық әзірлеушілер инвесторлардың назарын аударды

03 Қараша 2026 16:58see140

3 қарашадағы сауда саттықта доллар бағамы төмендеуін жалғастырды

03 Қараша 2026 15:52see137

Еуразиялық экономикалық одақтың нарықтарды қорғау тәжірибесі таныстырылды

03 Қараша 2026 14:08see133

Өзгенің көлігін майыстырып алды немесе біреу зардап шекті: жүргізушіні не күтіп тұр

03 Қараша 2026 12:32see130

Қазақстан жолдары жапон технологиясымен тексерілуі мүмкін

03 Қараша 2026 16:51see127

Президент көлік министрін қызметінен босатты

03 Қараша 2026 18:25see121

Ұмай ипотекасына талас: Алматыда тұрғындар банкке кіру үшін бірін бірі итермеледі

03 Қараша 2026 17:44see121

Әсел Жанасова көлік министрі болып тағайындалды

03 Қараша 2026 18:18see120

Ең төменгі жалақы 110 мың теңгеге дейін көтеріледі: қазақстандықтардың қайсысының табысы артады

03 Қараша 2026 16:49see117

Сарапшы Украинада туыстарын іздегендердің Киев маңындағы көтерілісі туралы ойын айтты

03 Қараша 2026 17:05see115

Атырауда өндіріс өкілдерімен ашық диалог өтті

03 Қараша 2026 16:50see114

Президент Жолдауы: дәуірдің жаңа дәптері

03 Қараша 2026 13:47see110

“Ұмай“ ипотекасы үшін кептеліс пе? Алматыдағы Отбасы банк бөлімшесінің алдында халық жиналды

03 Қараша 2026 13:51see107
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары