Әйелдер дәретханасына кіріп, полицияға түсті: Атыраудағы оқиға қалай аяқталды
Qazaq24.com, Tengrinews.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып ақпарат бөліседі..
Атырауда 21 жастағы ер адам қаладағы сауда үйлерінің бірінде қоғамдық тәртіпті бұзғаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды, деп хабарлайды Tengrinews.kz.
Оқиға 24 қазанда болған. Полицияның мәліметінше, ер адам қоғамдық орында болып, азаматтардың тыныштығы мен қоғамдық тәртіпті бұзатын әрекеттер жасаған.
Бұған дейін сауда-ойын-сауық орталығына келгендер ер адамнан қыздарды сығалап, телефонға жасырын түсірді деп күдіктенгені туралы жаздық. Әжетханада болған әйелдердің бірі басын көтергенде, көрші кабинаның үстінен сығалап тұрған жігітті көріп қалған. Куәгерлердің айтуынша, ол тек сығалап қоймай, әйелдерді телефонға түсірген. Осыдан кейін СОО күзетшісі жігітті кабинадан алып шыққан.
Арыз түскеннен кейін полиция қызметкерлері жігітті анықтап, оны полиция басқармасына жеткізген. Оған ұсақ бұзақылық бабы бойынша әкімшілік іс қозғалды.
Іс сотта қаралғанға дейін ер адам әкімшілік қамауға алынғандарға арналған камераға орналастырылды. Материалдар сотқа жолданды.
Сот шешімімен ол айыппұл түріндегі (2026 жылы бұл - 86 500 теңге) әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
Полиция айналасындағыларға құрметсіздік көрсету және қоғамдық тәртіпті бұзу заңнамаға сәйкес жауапкершілікке әкеп соғатынын ескертті.
Бізді Google-дың негізгі дереккөздер тізіміне қосыңыз
Қосу
Бұл тақырыптағы басқа жаңалықтар:
Көрілімдер:87
Бұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 27 Қазан 2026 16:37 



Кіру
Жаңалықтар
Ауа райы
Магниттік дауылдар
Намаз уақыты
Қымбат металдар
Валюта конвертері
Кредит есептегіш
Криптовалюта бағамы
Жұлдыздар
Сұрақ - Жауап
Интернет жылдамдығын тексеріңіз
Қазақстан радиосы
Қазақстан телевизиясы
Біз туралы








Ең көп оқылғандар


















