Полицей басынан ауыр жарақат алған науқасты ауруханаға жеткізуге көмектесті видео
Qazaq24.com, Sputnik.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып түсініктеме береді..
АСТАНА, 25 қазан – Sputnik. Астанада патрульдік полиция қызметкері басынан ауыр жарақат алған азаматты ауруханаға жедел жеткізуге көмектесті, деп хабарлады қалалық полиция департаменті.
Патрульдік полиция полкінің қызмет инспекторы, полиция аға лейтенанты Бақытжан Аманбайға Audi S4 көлігінің жүргізушісі көмек сұраған. Ол көлікте басынан ауыр жарақат алған досы бар екенін айтып, оны шұғыл түрде ауруханаға жеткізуге жәрдемдесуін өтінген.
"Ер адам су құбырларын орнату жұмыстарын жүргізіп жатқан кезде басына құбыр тиіп, жарақат алғаны белгілі болды", - деп жазылған хабарламада.
Жағдайдың шұғыл екенін түсінген полицей зардап шеккен азамат отырған көлікті сүйемелдеп, оның ауруханаға кедергісіз жетуіне жағдай жасаған. Соның арқасында жарақат алған азамат медициналық мекемеге қысқа уақытта жеткізілген.
Бұл тақырыптағы басқа жаңалықтар:
Көрілімдер:81
Бұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 25 Қазан 2026 18:12 



Кіру
Жаңалықтар
Ауа райы
Магниттік дауылдар
Намаз уақыты
Қымбат металдар
Валюта конвертері
Кредит есептегіш
Криптовалюта бағамы
Жұлдыздар
Сұрақ - Жауап
Интернет жылдамдығын тексеріңіз
Қазақстан радиосы
Қазақстан телевизиясы
Біз туралы








Ең көп оқылғандар


















