Тегеранда аятолла Хаменеидің жағдайы туралы айтылды
Qazaq24.com, Tengrinews.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып мәлімет бөліседі..
Иран парламентінің төрағасы Мохаммад-Багер Галибаф Иранның жоғарғы көшбасшысы Моджтаба Хаменеимен жеке кездесуінен кейін аятолланың денсаулығы туралы айтып берді, деп хабарлайды Tengrinews.kz Pars Today-ге сілтеме жасап.
Оның айтуынша, Хаменеидің "дені сау". Сонымен қатар Галибаф аятолланың "табандылығы мен сабырлылығын", сондай-ақ "рухының беріктігін" атап өтті.
"Жоғарғы көшбасшы барлық мәселені толық біліп, сабырлылықпен қадағалап отыр", - деді Иран парламентінің төрағасы.
Мамырда Иранның жоғарғы көшбасшысы кеңсесі протокол қызметінің басшысы Мазахер Хосейни Хаменеидің беті бері қарағанын - оның арқасы, тізесі жарақаттанып, құлақ артында тілінген жара болғанын хабарлаған еді.
Кейін Иран денсаулық сақтау министрлігі баспасөз қызметінің жетекшісі Хосейн Керманпур алған жарақаттары жоғарғы көшбасшының түріне зақым келтірмегенін атап өтті.
Моджтаба Хаменеи Иранның жоғарғы көшбасшысы лауазымында әкесі - 28 ақпанда басталған АҚШ пен Израильдің Иранға соққысының алғашқы күнінде қаза тапқан Әли Хаменеидің орнын басты.
АҚШ-тың Иранға қарсы соғысы басталғалы бері Моджтаба Хаменеи бірде-бір рет жұрт алдына шыққан жоқ. Америкалық БАҚ бірнеше анонимді ирандық шенеуніктерге сілтеме жасап, оның соққылар кезінде ауыр жарақат алып, бірнеше ота жасалғанын және қатты күйік салдарынан сөйлеуі қиындағанын хабарлаған.
Пентагон басшысы Пит Хегсет Хаменеидің "түрі бұзылуы мүмкін" екенін мәлімдеді. Тегеран бұл мәліметтерді растаған жоқ. Қызметіне кіріскен сәттен бастап оның барлық үндеуі тек жазбаша түрде жарияланды.
Шілдеде аятолла Иран халқына жолдау арнап, онда ел әкесі Әли Хаменеи мен АҚШ пен Израиль бастаған соғыста қаза тапқандардың барлығы үшін кек алатынын мәлімдеді. Тамызда Иранның жоғарғы көшбасшысы бейнеленген кейінгі бес айдағы алғашқы видео жарияланды.
Бізді Google-дың негізгі дереккөздер тізіміне қосыңыз
Қосу
Бұл тақырыптағы басқа жаңалықтар:
Көрілімдер:60
Бұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 27 Қазан 2026 21:08 



Кіру
Жаңалықтар
Ауа райы
Магниттік дауылдар
Намаз уақыты
Қымбат металдар
Валюта конвертері
Кредит есептегіш
Криптовалюта бағамы
Жұлдыздар
Сұрақ - Жауап
Интернет жылдамдығын тексеріңіз
Қазақстан радиосы
Қазақстан телевизиясы
Біз туралы








Ең көп оқылғандар


















