Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

СІМ Түркияда қазақстандық бойжеткеннің қаза тапқанын растады

Ресей Қазақстандағы ауқымды реформаларды құптайды елші Бородавкин

Киіз үй мен Каспий толқындары: Атырау әуежайының жаңа терминалы қандай болады?

Ыстамбұлдағы қайғылы оқиға: Қазақстан азаматының қазасын СІМ растады

Еуразиялық экономикалық одақ елдерінде өнеркәсіп өндірісі артты

Жауынгерлік өнер түрлерінен жабық ғимараттағы VI Азия ойындары 2027 жылға шегерілді

Тоқаев Лула да Силваны Бразилия президенті лауазымына қайта сайлануымен құттықтады

Мектептерде күзгі демалыс басталды

Ақтөбеде 1,5 мың жаңа жұмыс орны ашылады

45 ел қатысатын Азия ойындарын өткізу мерзімі келесі жылға шегерілді

Астана қаласының әкімі тағы бір лауазымды қызметтің тізгінін ұстады

Елде дрон иелеріне қатысты жаңа талаптар енгізілмек

Қазақстандықтарға 5 миллионға дейінгі несиелер мен айыппұлдарды кешіруге уәде беруде: TikTok тағы роликтердің астарында не жатыр

Эстакада астындағы өмір: Астанада LRT ға жақын тұратындар қалай өмір сүріп жатыр?

Зеленский АҚШ тан зымыран жеткізу мәселесін қайта көтеруді тапсырды

Ақмола облысында көлік өртенді

Желтоқсандағы кездесуді асыға күтемін : Трамптың Тоқаевқа жолдаған хаты жарияланды

Қазақстанда бірден 7 микроқаржы ұйымы лицензиясынан айырылды

Қасым Жомарт Тоқаев 28 30 қазан күндері Түркияға ресми сапармен барады

Президент Қасым Жомарт Тоқаев 28 қазан күні Қазақстан халқына Жолдауын жариялайды

Ыстамбұлда қаза тапқан Айсұлу Бекмаханованың ісінде жаңа деректер белгілі болды

Ыстамбұлда қаза тапқан Айсұлу Бекмаханованың ісінде жаңа деректер белгілі болды

Qazaq24.com, Aikyn.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып ақпарат бөліседі..

Қайғылы оқиғадан кейін ұсталған екі адам сот бақылауы шартымен босатылды, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты. түркиялық DHA агенттігіне сілтеме жасап.

Оқиға 25 қазан күні Ыстамбұлдың Шишли ауданында болған. Алдын ала мәлімет бойынша, Айсұлу Бекмаханова өзі тұрған ғимараттың алтыншы қабатындағы балконнан көршілес үйдің шатырына өткен. Кейін шатырдағы берік емес жабынның үстіне басып, екінші жерасты қабатының деңгейіне құлап кеткен. 26 жастағы қазақстандық оқиға орнында көз жұмған.

Тергеу барысында полиция марқұммен бірге тұрған 22 жастағы Ресей азаматы Дарья Б. мен 35 жастағы дүкен иесі Мазхар Т.-ны ұстаған. Түркиялық ақпарат құралдарының хабарлауынша, екі адамнан жауап алынғаннан кейін олар шетелге шығуға тыйым салу түріндегі сот бақылауы шартымен босатылған. Олардың Айсұлудың өліміне қандай да бір қатысы бар екені дәлелденген жоқ.

Түркиялық журналистер қазақстандық қыздың қаза табар алдында түсірілген соңғы суретін де жариялады. Онда Айсұлудың көрші ғимарат шатырының шетінде отырғаны көрінеді. Суретті онымен бірге тұрған Дарья түсірген. Оның полицияға берген жауабына сәйкес, таңғы сағат 08:15 шамасында құрбысын шатырда көріп, қауіпті жерде отырмауын ескерткен. Бірақ Айсұлу сол жерде қалатынын айтып, оған ұйықтай беруін өтінген.

Кейін Дарья қатты музыка дауысынан оянып, бөлмеде құрбысының жоқ екенін байқаған. Сыртқа қараған кезде оның төменде жатқанын көргенін айтқан. Тергеушілер Айсұлудың қайғылы оқиғаға дейін Мазхар Т.-мен кездескенін де анықтады. Ер адамның айтуынша, қазақстандық қыз оның үйіне таңғы сағат 05:30 шамасында келіп, 07:40-та кеткен.

Сонымен қатар полиция Айсұлудың қаза табар алдындағы қозғалысы түсірілген бейнебақылау жазбаларын зерттеп жатыр. Кадрларда оның Мазхар Т.-нің үйіне барып, кейін өзі тұрған ғимаратқа қайтып келгені байқалады.

Бұған дейін Қазақстанның Сыртқы істер министрлігі отандасымыздың қазасын растаған болатын. Ведомство мәліметінше, қазақстандық дипломаттар марқұмның туыстарымен байланысып, қажетті консулдық-құқықтық көмек көрсетіп жатыр.

Қазір Түркияның құқық қорғау органдары Айсұлу Бекмаханованың шатырға қандай себеппен шыққанын және қайғылы оқиғаның нақты мән-жайын анықтауды жалғастыруда.

Қосымша ақпарат пен соңғы жаңалықтар үшін Qazaq24.com сайтын бақылаңыз.
seeКөрілімдер:105
embedДереккөз:https://aikyn.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 27 Қазан 2026 19:14
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

СІМ Түркияда қазақстандық бойжеткеннің қаза тапқанын растады

26 Қазан 2026 14:59see133

Ресей Қазақстандағы ауқымды реформаларды құптайды елші Бородавкин

26 Қазан 2026 10:23see130

Киіз үй мен Каспий толқындары: Атырау әуежайының жаңа терминалы қандай болады?

26 Қазан 2026 20:30see129

Ыстамбұлдағы қайғылы оқиға: Қазақстан азаматының қазасын СІМ растады

26 Қазан 2026 14:52see128

Еуразиялық экономикалық одақ елдерінде өнеркәсіп өндірісі артты

26 Қазан 2026 18:37see127

Жауынгерлік өнер түрлерінен жабық ғимараттағы VI Азия ойындары 2027 жылға шегерілді

26 Қазан 2026 21:17see127

Тоқаев Лула да Силваны Бразилия президенті лауазымына қайта сайлануымен құттықтады

26 Қазан 2026 09:51see127

Мектептерде күзгі демалыс басталды

26 Қазан 2026 18:37see118

Ақтөбеде 1,5 мың жаңа жұмыс орны ашылады

26 Қазан 2026 20:18see118

45 ел қатысатын Азия ойындарын өткізу мерзімі келесі жылға шегерілді

26 Қазан 2026 19:04see115

Астана қаласының әкімі тағы бір лауазымды қызметтің тізгінін ұстады

27 Қазан 2026 17:52see115

Елде дрон иелеріне қатысты жаңа талаптар енгізілмек

27 Қазан 2026 17:19see113

Қазақстандықтарға 5 миллионға дейінгі несиелер мен айыппұлдарды кешіруге уәде беруде: TikTok тағы роликтердің астарында не жатыр

27 Қазан 2026 14:44see113

Эстакада астындағы өмір: Астанада LRT ға жақын тұратындар қалай өмір сүріп жатыр?

27 Қазан 2026 14:43see112

Зеленский АҚШ тан зымыран жеткізу мәселесін қайта көтеруді тапсырды

26 Қазан 2026 20:18see112

Ақмола облысында көлік өртенді

27 Қазан 2026 15:30see112

Желтоқсандағы кездесуді асыға күтемін : Трамптың Тоқаевқа жолдаған хаты жарияланды

27 Қазан 2026 16:40see111

Қазақстанда бірден 7 микроқаржы ұйымы лицензиясынан айырылды

27 Қазан 2026 14:44see111

Қасым Жомарт Тоқаев 28 30 қазан күндері Түркияға ресми сапармен барады

27 Қазан 2026 17:35see111

Президент Қасым Жомарт Тоқаев 28 қазан күні Қазақстан халқына Жолдауын жариялайды

27 Қазан 2026 18:34see111
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары