Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Жалақы, әуежайлар мен жолдар: үкімет 6,5 триллион теңгенің жоспарын бекітті

Мемлекет басшысына елімізді газбен қамтамасыз ету және жаңа газ өңдеу зауыттарының құрылысы туралы есеп берілді

Алматыда тарихи ескерткіштер тізіміне тағы 27 нысан енгізілуі мүмкін

Джонни Депп өзінің аңызға айналған рөліне оралуы мүмкін. Актер маңызды сұраққа жауап берді

Министр нақты кімдердің жалақысы өсетінін айтты

Орталық әмбебап дүкен (ОӘД), ҚазҰУ және Атакент : Алматыдағы қай ғимараттар ескерткіш атануы мүмкін

Ақтөбеде неке сарайында бойжеткенді өлтіріп кетті

Екінші АЭС бойынша келісім жасалады үкімет жоспарды мақұлдады

Дәурен Мұратбеков лауазымынан босатылды

Әділет партиясы Adilet 365 цифрлық экожүйесін дамытып келеді

Қазақстандық жасанды интеллект әлемдік нарыққа шықты: отандық әзірлеушілер инвесторлардың назарын аударды

3 қарашадағы сауда саттықта доллар бағамы төмендеуін жалғастырды

Alatau City ге 1,3 млрд доллар инвестиция тартылады

Шетелге шығатын қазақстандықтарды есепке алғысы келеді: жаңа жоспардың егжей тегжейі

Еуразиялық экономикалық одақтың нарықтарды қорғау тәжірибесі таныстырылды

Өзгенің көлігін майыстырып алды немесе біреу зардап шекті: жүргізушіні не күтіп тұр

Қазақстан жолдары жапон технологиясымен тексерілуі мүмкін

Ұмай ипотекасына талас: Алматыда тұрғындар банкке кіру үшін бірін бірі итермеледі

Президент көлік министрін қызметінен босатты

Әсел Жанасова көлік министрі болып тағайындалды

31 отбасына пәтер кілті табысталды

31 отбасына пәтер кілті табысталды

Aikyn.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com мәлімдеме жасады..

Аймақ басшысы  аудан орталығында баспана кілттерін табыстау рәсіміне қатысты, – деп хабарлайды Аikyn.kz.

5 қабатты, 60 пәтерлі тұрғын үй «Отбасы банк» акционерлік қоғамы арқылы «Тұрғын үй жағдайларын жақсартуға бағытталған мемлекеттік қолдау шаралары» бағдарламасы аясында кезекте тұрған көпбалалы отбасыларға, жетім балаларға, І және ІІ топтағы мүгедектерге, бюджеттік ұйымдардың қызметкерлеріне бөлу үшін берілді. Аталған тұрғын үйден 31 отбасына пәтер кілті салтанатты түрде табысталды.

Облыс әкімі баспаналы болған тұрғындарды қуаныштарымен құттықтады.

«Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың халықтың тұрмыс сапасын арттыру жөніндегі тапсырмасына сәйкес,  Абай облысында тұрғындарды баспанамен қамту жұмыстары жүйелі түрде жүзеге асуда. Аягөз қаласындағы салынған осы 60 пәтерлі тұрғын үйдің кілтін табыстау рәсімі – мұның айқын дәлелі. Дәл бүгін бірқатар өңір тұрғыны баспаналы болып, өздерінің қоныс тойларын тойлайтын болады. Бұл – мемлекеттің халық алдындағы әлеуметтік жауапкершілігінің нақты көрінісі. Бүгін табысталатын әрбір баспана – бір отбасының жаңа өмірге жасаған қадамы, балалардың болашағына жол ашқан игі бастама», – деді Берік Уәли.

Облыс әкімі аталған үйдің ауласына ағаш көшеттерін отырғызу рәсіміне де қатысты.

Баспаналы болған тұрғындар ризашылықтарын жеткізді.

«2022 жылы тұрғын үй кезегіне тұрғанбыз. Үш баламыз бар. Үйлі болғанымызға өте қуаныштымыз», – деді Аягөз қаласының тұрғыны Қымбат Думанқызы.

Шара барысында аймақ басшысы Аягөз ауданын дамыту бағытындағы жұмыстарға, жаңа жобаларға тоқталды.

«Жақында «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясының басқарма төрағасы Талғат Алдыбергенов облысымызға келіп қайтты. Қазіргі уақытта өңірде 10 теміржол вокзалы жаңғыртылып жатыр. Оның ішінде Аягөздің вокзалы да бар. Компания басшылығымен «Абайға құрмет» акциясы аясында Аягөз қаласында спорттық сауықтыру кешенін салу жөнінде келісімге келдік. Бұл – осы акция шеңберінде аудандарда салынғалы тұрған алғашқы нысан. Құрылыс жұмыстарын биыл бастайды. «Бақты–Аягөз» теміржол құрылысы ауданның дамуына тың серпін береді. Құрылыс жұмыстарына жергілікті азаматтарды көбірек тарту жөнінде келіссөздер барысында уағдаластық. Бұл өз кезегінде халыққа қосымша табыс, қосымша жұмыс орны болады», – деді облыс әкімі.

Былтыр Аягөз қаласының «Орталық» қазандығында әрқайсысының қуаты 10 Гкал/сағат болатын үш қазандық орнатылды. 3,9 шақырым жылу желісі ауысып, жылу мәселесі толық шешілді.

Аудандағы жолдарды жөндеуге 2,1 млрд теңге бағытталды. Оның ішінде «Ақшәулі-Мыңбұлақ-Нарын-Шынқожа» жолының 15 шақырымы, Аягөз қаласының 10 көшесі; Айғыз, Дөненбай, Тарбағатай, Баршатас ауылдарының көшелері жөндеуден өтті.

Облыс бойынша 9 мектеп жөнделді, оның ішінде Аягөз қаласының Бозтаев атындағы мектеп-гимназиясы мен №7 орта мектебі, Тарлаулы ауылының Қадыржанов атындағы орта мектебі де бар.

Бұл бағыттағы жұмыстар биыл да жалғасын табады. Қазіргі таңда Аягөз ауданында инфрақұрылымды дамыту, халықтың тұрмыс сапасын жақсарту бағытында бірқатар нақты жобалар жүзеге асырылуда.

Аягөз қаласының бірқатар көшелерінде орташа және күрделі жөндеу жұмыстары жүргізіліп, жол сапасы жақсартылуда. Ауданға қарасты ауылдық округтерде де ауқымды жобалар қолға алынған. Мәселен, Ақшәулі ауылдық округінде елді мекенді ауызсумен қамтамасыз ету мақсатында су құбырын тарту және жаңғырту жұмыстары жүргізілуде. Бұл жоба ауыл тұрғындарын сапалы ауызсумен қамтуға мүмкіндік береді.

Аягөз қаласында қоғамдық кеңістіктерді абаттандыру бағытында бірқатар жобалар жүзеге асырылады. Қабанбай батыр көшесінде орналасқан аллея абаттандырылады. Аягөз қаласының орталық алаңын абаттандыру жұмыстары жүргізілуде. Қосағаш пен Тарлаулы ауылдық округтерінің ішкі жолдарын жөндеуге облыстық бюджеттен қаржы бөлінді.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» Telegram арнасынан таба аласыз.

Маңызды жаңалықтар мен жаңартуларды өткізіп алмау үшін Qazaq24.com сайтын қадағалаңыз.
seeКөрілімдер:184
embedДереккөз:https://aikyn.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 30 Сәуір 2026 02:39
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Жалақы, әуежайлар мен жолдар: үкімет 6,5 триллион теңгенің жоспарын бекітті

03 Қараша 2026 10:59see173

Мемлекет басшысына елімізді газбен қамтамасыз ету және жаңа газ өңдеу зауыттарының құрылысы туралы есеп берілді

03 Қараша 2026 13:47see165

Алматыда тарихи ескерткіштер тізіміне тағы 27 нысан енгізілуі мүмкін

03 Қараша 2026 13:02see162

Джонни Депп өзінің аңызға айналған рөліне оралуы мүмкін. Актер маңызды сұраққа жауап берді

03 Қараша 2026 16:33see161

Министр нақты кімдердің жалақысы өсетінін айтты

03 Қараша 2026 17:37see158

Орталық әмбебап дүкен (ОӘД), ҚазҰУ және Атакент : Алматыдағы қай ғимараттар ескерткіш атануы мүмкін

03 Қараша 2026 17:01see154

Ақтөбеде неке сарайында бойжеткенді өлтіріп кетті

03 Қараша 2026 17:42see154

Екінші АЭС бойынша келісім жасалады үкімет жоспарды мақұлдады

03 Қараша 2026 10:48see144

Дәурен Мұратбеков лауазымынан босатылды

03 Қараша 2026 11:02see142

Әділет партиясы Adilet 365 цифрлық экожүйесін дамытып келеді

03 Қараша 2026 12:38see142

Қазақстандық жасанды интеллект әлемдік нарыққа шықты: отандық әзірлеушілер инвесторлардың назарын аударды

03 Қараша 2026 16:58see138

3 қарашадағы сауда саттықта доллар бағамы төмендеуін жалғастырды

03 Қараша 2026 15:52see135

Alatau City ге 1,3 млрд доллар инвестиция тартылады

03 Қараша 2026 10:48see134

Шетелге шығатын қазақстандықтарды есепке алғысы келеді: жаңа жоспардың егжей тегжейі

03 Қараша 2026 11:18see132

Еуразиялық экономикалық одақтың нарықтарды қорғау тәжірибесі таныстырылды

03 Қараша 2026 14:08see131

Өзгенің көлігін майыстырып алды немесе біреу зардап шекті: жүргізушіні не күтіп тұр

03 Қараша 2026 12:32see128

Қазақстан жолдары жапон технологиясымен тексерілуі мүмкін

03 Қараша 2026 16:51see125

Ұмай ипотекасына талас: Алматыда тұрғындар банкке кіру үшін бірін бірі итермеледі

03 Қараша 2026 17:44see119

Президент көлік министрін қызметінен босатты

03 Қараша 2026 18:25see119

Әсел Жанасова көлік министрі болып тағайындалды

03 Қараша 2026 18:18see117
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары