Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Алматыдағы түнгі ойын сауық орнында қызғаныштан жаппай төбелес болды

Қазақстанда кептеліс мәселесімен жаңаша айналысады: премьер әкімдіктерге тапсырма берді

Венгрия Украинаның Еуроодаққа кіру келіссөздеріне қойылған ветоны алып тастайды БАҚ

Банктер қандай жағдайда адамның несиесін толық кешіретіні белгілі болды

Сапарды кейінге қалдырыңыз : Көлік министрлігі жүргізушілерге ескерту жасады

Министр цифрландырудың арқасында үнемделген қаржы көлемін айтты

Қолайсыз ауа райы: полиция азаматтарды жолда сақ болуға шақырды

Астанада шатырдан құлаған құрылыс материалдарынан автомобильдер зардап шекті

БАӘ Қазақстанға іздеуде жүрген үш адамды берді: олар не үшін күдікті деп танылды

Тоқаев қылмыстық істер бойынша Еуропамен өзара құқықтық көмекті реттейтін заңға қол қойды

Тоқаев Қазақстан мен Оман қандай салаларда бірлескен жобаларды жүзеге асыра алатынын айтты

Украинада мектеп оқулықтары казактар ​​тарихын қалай жазып жатыр видео

Тоқаев Оман Сұлтанының бітімгерлік рөлін жоғары бағалады

Елімізде заңсыз су саудасы мен қара нарыққа қарсы анонимді шағым қабылдау басталды

Жаһандық үндестікке бастар жол

Жазира Байырбекованың келінімен түскен видеосы көрерменді сүйсінтті (видео)

Әріп танымайды : Оралда 10 жастағы бала қоқыс алаңында өмір сүрген

Жалақы 300 мың, пәтер 100 миллион: салық қызметі не сұрайды

Қазақстан мен Оман бірлескен мәлімдеме жасады

Варшавада сарапшы Қазақстанның азаптауға қарсы тәжірибесіне тоқталды

Алматы облысының БАҚ өкілдеріне пәтер кілті табысталды

Алматы облысының БАҚ өкілдеріне пәтер кілті табысталды

Aikyn.KZ парақшасынан алынған ақпаратқа сүйене отырып, Qazaq24.com хабарлама жасады..

Алматы облысында Мемлекет басшысының атынан өңірдегі жағымды жаңалық жаршысы болып жүрген қос бірдей маманға пәтер кілті табысталып, ақпарат саласына саналы ғұмырын арнаған журналистер қауымына мемлекеттік наградалар берілді, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.

Мәртебелі марапаттар мен баспана кілттерін облыс әкімі Марат Сұлтанғазиев табыстап, БАҚ өкілдерін кәсіби мерекесімен құттықтады.

Салтанатты рәсімде «Алатау арайы» газетінің бас редакторы Қуаныш Тұңғатар мен «Өлке тынысы» ЖШС-ның баспа қызметіндегі үйлестірушісі Жанат Тоқанова баспана бақытына кенелді. Сондай-ақ ардагер журналист, «Өлке тынысы» ЖШС басшысының кеңесшісі Кәдірбек Құныпияұлы «Парасат» орденімен, «Еңбекшіқазақ» газетінің тілшісі Игорь Туранин «Ерен еңбегі үшін» медалімен, «Алатау арайы» газетінің жауапты хатшысы Шолпан Нұржауова «Шапағат» медалімен марапатталды. Сондай-ақ бірқатар медиа маман «Еңбек ардагері», «Ақпарат саласының үздігі», Құрмет грамотасы мен Алғыс хат иегері атанды.

Марат Елеусізұлы марапат алғандар мен жаңа қоныс иелерін шын жүректен құттықтай отырып, бұл БАҚ өкілдерінің ел дамуына, ақпарат кеңістігінің өркендеуіне қосқан елеулі үлесінің айқын көрінісі екенін айтты.

«Сіздер күн сайын ел өміріндегі маңызды оқиғаларды халыққа жедел әрі шынайы жеткізіп, қоғам мен мемлекет арасындағы байланыстың нығаюына үлкен үлес қосып келесіздер. «Қалам елді түзейді» деп бекер айтылмаса керек. Сіздердің кәсіби біліктіліктеріңіз, табанды еңбектеріңіз бен азаматтық ұстанымдарыңыз қоғамның дамуына қызмет етіп келеді. Ұлт құндылықтарын дәріптеп жүрген журналистерге халық үлкен үміт артады. Осындай қасиетті де қастерлі істе қаламдарыңыз мұқалмасын!

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен журналистерге кәсіби мереке қарсаңында Астанадан баспана беріліп жүргенін жақсы білесіздер. Биыл бұл игі бастама өңірлерде жалғасын тапты. Алматы облысы да осы қатарда. Бұл – саналы ғұмырын өңіріміздің тыныс-тіршілігінен хабар таратуға арнап, қажырлы еңбек етіп жүрген журналистерге берілген лайықты құрмет», – деген аймақ басшысы журналистер қауымы үшін тағы да жағымды жаңалықты жария етті.

Айтуынша, биылдан бастап «Алатау» өңірлік ипотекалық бағдарламасына «Бұқаралық ақпарат құралдары» санаты қосылды. Енді Алматы облысында жұмыс істейтін журналистер осы бағдарламаға қатыса алады. Одан бөлек, медиа саласының үздіктерін ынталандыру мақсатында өңірімізде жыл сайын «Самғау» медиа сыйлығы ұйымдастырылып келеді. Биыл да жыл соңында «Самғаудың» жеңімпаздары марапатталады. Осы жолы «Таза Қазақстан», «Заң мен тәртіп» тақырыбында жазылған үздік мақала, телесюжет және бейнероликтерге басымдық беріледі. Сондай-ақ облыстың әлеуметтік-экономикалық дамуын кеңінен насихаттауға атсалысқан журналистер де назардан тыс қалмайды.

Кәсіби мереке қарсаңында су жаңа пәтер иесі атанған Қуаныш Тұңғатар баспаналы болу әрбір журналистің, әрбір маманның арманы екенін айтып, сол арманды орындаған Президентке, облыс әкімдігіне алғысын айтты.

«Қазақ журналистикасының жолбарысы атанған Шерхан Мұртазаның «Журналистің арқалағаны алғыс, жегені жантақ» дейтіні бар. Бүгін бұл тәмсілді өзгертуге тура келіп тұрғандай. Өйткені бір жылда 365 күн болса, тілшілер оның 364 күнін өзгенің жырын жырлап, мұңын мұңдап, мүддесін қорғаумен өткізеді. Соның ішінде бір күн, яғни Бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлері күнінде барша тілшілер қауымының мерейі тасып, арқаланып қалатыны бар. Алматы облысы Президенттің Жарлығымен екіге бөлініп, облыс орталығы Қонаев қаласына көшірілгеннен бергі төрт жыл уақытта алғаш рет БАҚ өкілдеріне баспана беріліп тұр. Бұл ең алдымен Мемлекет басшысының, одан кейін облыс әкімдігінің нәтижелі жұмысының жемісі», – деді Қуаныш Абайбекұлы.

Халық пен билік арасында алтын көпір болып, ел мүддесін бәрінен биік қойған журналистердің еңбегі әрқашан құрметке лайық. Ал Алматы облысындағы БАҚ өкілдерінің қуанышы мұнымен шектелмейді. Жоғарыда атап өткендей, енді олар «Алатау» өңірлік ипотекалық бағдарламасына қатысып, баспаналы бола алады. Сондықтан журналистер қауымын қуанышқа бөлейтін жағымды жаңалықтар легі әлі де жалғасатын болады.

Оқиғаларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан ең өзекті жаңалықтарды қарап отырыңыз.
seeКөрілімдер:92
embedДереккөз:https://aikyn.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 29 Маусым 2026 23:58
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Алматыдағы түнгі ойын сауық орнында қызғаныштан жаппай төбелес болды

05 Қазан 2026 19:06see144

Қазақстанда кептеліс мәселесімен жаңаша айналысады: премьер әкімдіктерге тапсырма берді

06 Қазан 2026 10:57see139

Венгрия Украинаның Еуроодаққа кіру келіссөздеріне қойылған ветоны алып тастайды БАҚ

05 Қазан 2026 22:07see137

Банктер қандай жағдайда адамның несиесін толық кешіретіні белгілі болды

06 Қазан 2026 14:54see135

Сапарды кейінге қалдырыңыз : Көлік министрлігі жүргізушілерге ескерту жасады

06 Қазан 2026 10:24see133

Министр цифрландырудың арқасында үнемделген қаржы көлемін айтты

06 Қазан 2026 12:42see131

Қолайсыз ауа райы: полиция азаматтарды жолда сақ болуға шақырды

05 Қазан 2026 19:42see130

Астанада шатырдан құлаған құрылыс материалдарынан автомобильдер зардап шекті

06 Қазан 2026 13:27see130

БАӘ Қазақстанға іздеуде жүрген үш адамды берді: олар не үшін күдікті деп танылды

06 Қазан 2026 11:27see125

Тоқаев қылмыстық істер бойынша Еуропамен өзара құқықтық көмекті реттейтін заңға қол қойды

06 Қазан 2026 20:27see124

Тоқаев Қазақстан мен Оман қандай салаларда бірлескен жобаларды жүзеге асыра алатынын айтты

06 Қазан 2026 19:40see124

Украинада мектеп оқулықтары казактар ​​тарихын қалай жазып жатыр видео

07 Қазан 2026 05:13see121

Тоқаев Оман Сұлтанының бітімгерлік рөлін жоғары бағалады

06 Қазан 2026 19:07see117

Елімізде заңсыз су саудасы мен қара нарыққа қарсы анонимді шағым қабылдау басталды

06 Қазан 2026 07:56see116

Жаһандық үндестікке бастар жол

06 Қазан 2026 06:32see115

Жазира Байырбекованың келінімен түскен видеосы көрерменді сүйсінтті (видео)

06 Қазан 2026 21:25see115

Әріп танымайды : Оралда 10 жастағы бала қоқыс алаңында өмір сүрген

06 Қазан 2026 14:21see114

Жалақы 300 мың, пәтер 100 миллион: салық қызметі не сұрайды

06 Қазан 2026 11:13see113

Қазақстан мен Оман бірлескен мәлімдеме жасады

06 Қазан 2026 15:01see110

Варшавада сарапшы Қазақстанның азаптауға қарсы тәжірибесіне тоқталды

06 Қазан 2026 15:43see108
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары