Қызылордада БАҚ саласының өкілдеріне пәтер кілті табысталды
Qazaq24.com, Egemen.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып жаңалық таратады..
Фото: Қызылорда облысының әкімдігі
Аймақта «Сыр медиа» серіктестігі директорының орынбасары Әзиз Батырбеков пен «Қызылорда» телеарнасының телеоператоры Рамазан Жүсіпбек пәтер кілтін иеленді.
Мемлекет басшысы кеше бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлерін марапаттау рәсімінде журналистерді қолдауға, әлеуметтік жағдайын жақсартуға баса мән берілетінін айтқан еді. Президент биылдан бастап облыстарда жұмыс істейтін журналистерге де пәтер кілті табысталатынын жеткізген.
Соңғы үш жылда елордада 200 журналист баспаналы болса, енді бұл бастаманың ауқымы кеңейді. Президент тапсырмасымен биыл алғаш рет облыстарда жұмыс істейтін ақпарат саласының қызметкерлеріне пәтер кілті табысталды.
Айта кетейік, Президент Қасым-Жомарт Тоқаев БАҚ саласы қызметкерлерін мемлекеттік наградалармен марапаттады. Мемлекет басшысы жиында сөз сөйлеп, сән-салтанатты өмір мен «жеңіл ақша» культін дәріптеу дұрыс емес деп санайтынын айтты.
Бұл тақырыптағы басқа жаңалықтар:
Көрілімдер:103
Бұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 26 Маусым 2026 12:48 



Кіру
Жаңалықтар
Ауа райы
Магниттік дауылдар
Намаз уақыты
Қымбат металдар
Валюта конвертері
Кредит есептегіш
Криптовалюта бағамы
Жұлдыздар
Сұрақ - Жауап
Интернет жылдамдығын тексеріңіз
Қазақстан радиосы
Қазақстан телевизиясы
Біз туралы








Ең көп оқылғандар


















