Алматыдағы қорғаннан Қазақстан үшін бірегей олжа табылды
Qazaq24.com, Tengrinews.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып жаңалық таратады..
Алматыдағы Наурызбай ауданының аумағында орналасқан Қарағайлы қорымындағы сақ дәуіріне жататын қорғанды қазу жұмыстары кезінде археологтар бірегей алтын бұйым мен көптеген адам сүйектерін тапты, деп хабарлайды Tengri Life Almaty.tv сайтына сілтеме жасап.
Қорғанның диаметрі 25–26 метр, биіктігі шамамен 2,5 метрді құрайды. Алдын ала болжам бойынша, ескерткіш біздің заманымызға дейінгі IV–III ғасырларға жатады. Қорған ерте заманда-ақ тоналған.
Болжам бойынша, қорғанда төрт ересек адам мен үш бала жерленген болуы мүмкін. Жерленгендердің нақты саны әлі анықталған жоқ.
Сүйек қалдықтарынан бөлек, сақ керамикасының сынықтары табылды. Жәдігерлердің көбі тонаудан кейін ретсіз шашылып қалған.
Бірегей алтын бұйым - шағын құйма алтын аю мүсіншесі ерекше құндылыққа ие. Пластинадағы тесіктер бұл әшекейдің бас киімге тігілген болуы мүмкін екенін көрсетеді.
"Аюдың мүсіндік бейнесі Қазақстан үшін бірегей жәдігер. Бұған дейін мұндай олжалар кездеспеген. Бұл табылым Қара теңіз жағалауынан Алтайға дейінгі бүкіл Еуразия кеңістігіндегі мәдени параллельдерді бақылауға мүмкіндік береді", - деді "Алматы қаласы музейлер бірлестігі" КМҚК директоры Ләззат Сағындықова.
![]()
Мұндай бұйымдар сақ дәуірінің киім үлгісіне тән. Ұқсас мысалдар басқа да археологиялық олжалардан белгілі: атап айтқанда, "Алтын адамның" бас киімінде арқар бейнесіндегі алтын төбелдік табылса, 2014 жылы Көк-Қайнар қорымынан барыс мүсіншесі табылған болатын, ол да бас киімнің элементі болған.
"Қарағайлы қорымын зерттеу жұмыстары жалғасып жатыр. Жерлеу мән-жайларын нақтылау және жерленгендердің нақты санын анықтау үшін қосымша талдаулар, соның ішінде антрополог мамандарды тарта отырып зерттеулер жүргізу жоспарланып отыр. Бір қорғанда адам сүйектерінің ерекше көп болуы үлкен қызығушылық тудырып отыр, өйткені мұндай жерлеу орындары Қазақстан үшін тән емес. Әдетте, мұндай көлемдегі қорғандар бір-екі адамды жерлеуге арналған", - деді "Алматы қаласы музейлер бірлестігі" КМҚК аға ғылыми қызметкері Марат Нұрпейісов.
![]()
Археологиялық зерттеулердің толық кешені аяқталып, табылған материалдарға қажетті ғылыми өңдеу жүргізілгеннен кейін, ең құнды жәдігерлерді Алматы музейінің экспозициясына қосып, қалың жұртшылыққа таныстыру жоспарланған.
Бізді Google-дың негізгі дереккөздер тізіміне қосыңыз
Қосу
Бұл тақырыптағы басқа жаңалықтар:
Көрілімдер:21
Бұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 06 Қараша 2026 14:33 



Кіру
Жаңалықтар
Ауа райы
Магниттік дауылдар
Намаз уақыты
Қымбат металдар
Валюта конвертері
Кредит есептегіш
Криптовалюта бағамы
Жұлдыздар
Сұрақ - Жауап
Интернет жылдамдығын тексеріңіз
Қазақстан радиосы
Қазақстан телевизиясы
Біз туралы








Ең көп оқылғандар


















