Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Ауыл шаруашылығы өкілдері аграрлық саланы дамыту мәселелерін талқылады

​Қазақстанда екі жаңа МӨЗ салу жоспарланып отыр: оның бірі Атырау облысында салынуы мүмкін

Рыбакина қатысатын WTA қорытынды турнирінің алғашқы ойындарының кестесі жарияланды

Атырау Орал жолындағы жөндеу жұмыстарының қарқыны қандай?

Ақтөбе облысында мұнай өңдеу зауыты салынады

Қазақстанның элиталық арнайы жасағында алғаш рет “Китана“ атты бойжеткен пайда болды

Жолдау жаңа жоспарлар мен іс қимылдың доктринасы

Өсімдік майының өндірісі 25 пайызға өсті

Қазақстанның Қытайға май өнімдерінің экспорты 1 миллион тоннаға жетпек

Мұнай барлық жерде бола бермейді : Қазақстанда 112 учаске аукционға шығарылады

Маңғыстауда әскери қызметшілердің қаза табуы: сегіз лауазымды тұлға қамауға алынды

Кушнер АҚШ тың Украинадағы қақтығысты тоқтату мақсатын түсіндірді

Путин Ресей халқы бөлінбеуі үшін көп жұмыс жасады Мемлекеттік Дума депутаты

Криштиану Роналду ұлттық құрамадан кететінін мәлімдеді

Үйдегі газ үлкен жауапкершілік

Құрылтай депутаттары Павлодар облысында тұрғындармен кездесті

Қазақстан Ыстамбұлда сауда кеңсесін ашты

Барни ісі : 19 жастағы Мадинаның мәйітін қайта қазып алды

Өзбекстанда кеден қызметінің өкілдігі ашылады: заңға қол қойылды

“Оның қалай кеткенін ешкім көрмеген“: Теміртауда үш баланың анасы екінші ай бойы іздестірілуде

Возвращение короля. Зачем глава Иордании снова приехал в Казахстан

Возвращение короля. Зачем глава Иордании снова приехал в Казахстан

Tengrinews.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com жаңалық жариялайды..

Астанаға Иордания королі ІІ Абдалла бен әл-Хусейн келді. Бұл оның Қазақстанға алғашқы сапары емес. Кейінгі жиырма жылда король елімізге сегіз рет келген. Осы уақыт ішінде әлемдегі саяси ахуал да, Астананың келбеті де, Қазақстанның өзі де өзгерді. Бірақ өзгермеген бір нәрсе бар: Иордания королі Қазақстанға ауық-ауық келіп тұрады. Tengrinews.kz тілшісі ІІ Абдалланың кезекті сапары қалай өткенін баяндайды.

Тоғызыншы сапар қалай басталды?

5 қарашада күндіз король мінген ақ ұшақ әуежайға жақындаған сәтте сап түзеп тұрған құрмет қарауылы сарбаздары алтын түстес кернейлерін көтерді. Сол мезетте Астананың салқын ауасын кернейдің салтанатты үні жаңғыртты.

Әуежайда мәртебелі мейманды салтанатты түрде қарсы алу үшін құрмет қарауылы сап түзеді. Сурет: © Tengrinews.kz / Ару Сәтбаева

Керней үні әлі басылмай жатып, Қасым-Жомарт Тоқаев Иордания королін қарсы алу үшін әуежайдағы көк кілеммен жүріп өтті. ІІ Абдалла ұшақтан пальтосыз, тек костюммен түсті. Астананың салқын ауа райы корольге тосын жағдай болмаған сыңайлы.

Екі ел басшысының кездесуі жылы шырайда өтті. Екеуі де бір-бірін күлімсіреп қарсы алды.

Қасым-Жомарт Тоқаев пен ІІ Абдалла бен әл-Хусейн. Сурет: Ақорданың баспасөз қызметі

Алайда мемлекет басшылары әуежайда көп аялдамады. Көліктер кортежі елдің басты резиденциясына қарай бет алды.

Ақорданың баспасөз қызметінің суреті

Мәртебелі мейманның құрметіне Астана аспанында Қазақстан мен Иордания туларын ілген Әуе қорғанысы күштерінің тікұшақтары сап түзеп өтті.

Жаңа сын-қатерлер туралы әңгіме

Салтанатты рәсім Ақордада жалғасты. Мемлекет басшылары бір-біріне делегация мүшелерін таныстырды.

Қазақстан делегациясы. Сурет: © Tengrinews.kz / Ару Сәтбаева

Алдымен құрмет қарауылы ротасы командирінің нақты да нық рапорты тыңдалды. Одан кейін Президент оркестрі Қазақстан мен Иорданияның мемлекеттік әнұрандарын орындады.

Екі ел басшылары Ақордада. Сурет: © Tengrinews.kz / Ару Сәтбаева

Бұдан кейін мемлекет басшылары келіссөз залына өтті. Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан мен Иордания өз аймақтарында тұрақтылықты сақтап отырған елдер екенін айтты. Өзге мемлекеттер арасына тосқауыл қойып, қақтығысқа себеп іздеп жатқанда, Қазақстан мен Иордания елдерді жақындастырып, мәдениеттер арасындағы диалогті дамытуға күш салып келеді.

Президент Иордания королі он жылдан аса уақыт бұрын бастаған Ақаба процесіне арнайы тоқталды.

Анықтама: Ақаба процесі - Иордания королі ІІ Абдалла бен әл-Хусейн 2015 жылы көтерген терроризмге және зорлықшыл экстремизмге қарсы іс-қимыл саласындағы халықаралық бастама. Бұл алаңда қауіп-қатерлерге қатысты ортақ түсінікті қалыптастыру және нақты әрекет ету шараларын үйлестіру мақсатында мемлекеттер басшылары, арнайы қызметтердің, әскери ведомстволардың және халықаралық ұйымдардың жетекшілері бас қосады.

Қазақстан Президенті мен Иордания королінің келіссөзі. Сурет: Ақорданың баспасөз қызметі

6 қарашада Қазақстан Орталық Азияда алғаш рет Ақаба процесі аясындағы кездесуді қабылдайды. Бұл жолы басты тақырып - жасанды интеллект қауіпсіздігі. Жаңа технология көптеген мүмкіндік ашқанымен, мемлекеттер тың мәселелер мен сын-қатерлерге де тап келіп отыр.

Премьер-министрдің орынбасары - жасанды интеллект және цифрлық даму министрі Жаслан Мәдиев бұл бағыттағы ынтымақтастық Астана мен Амманды қалай жақындастырып жатқанын айтып берді. Оның сөзінше, кейінгі жылдары екі елдің цифрлық саладағы ынтымақтастығы едәуір қарқын алған. Иордания Қазақстанның мемлекеттік секторды цифрландыру, жасанды интеллект пен қаржы технологияларын дамыту тәжірибесіне қызығушылық танытқан.

Сурет: © Tengrinews.kz / Ару Сәтбаева

"2025 жылғы тамызда ІІ Абдалла Қазақстанға ресми сапармен келген кезде король мен Президент Astana Hub-қа бірге барған еді. Сол жолы тараптар көлік, денсаулық сақтау, техникалық реттеу, атом энергетикасы, фармацевтика, шағын және орта бизнесті дамыту секілді түрлі салалар бойынша 16 құжатқа қол қойды. Алайда олардың арасында цифрлық даму саласына қатысты келісім болған жоқ", – деді министр.

Ақаба процесі аясындағы кездесу Астана мен Амманның цифрлық технологиялар саласында маңызды келісімдерге келуіне жол ашуы мүмкін.

Ширек ғасырға жуық тарих

Екі ел басшылары келіссөз жүргізіп жатқанда, Қазақстан мен Иордания арасындағы қарым-қатынас қалай басталғанына көз жүгіртейік.

ІІ Абдалла Қазақстанға алғаш рет осыдан тура 21 жыл бұрын, 2005 жылғы қарашада келген. Жиырма бір жыл - тұтас бір ұрпақ өсіп жетілетін уақыт.

Сол жылы Астана мен Амман бауырлас қалалар атанды. Бұл Қазақстан астанасы Орталық Азиядан тыс жерлерге де танылуына жасалған тағы бір қадам еді. Ол кезде корольді әуежайда сол кездегі сыртқы істер министрі Қасым-Жомарт Тоқаев қарсы алған.

Бұдан кейін, 2007 жылы король Қазақстанға тағы бір ресми сапармен келді. Одан соң 2008 және 2010 жылдары елімізге ат басын бұрды. 2014 және 2015 жылдары жұмыс сапарымен келсе, 2017 жылы ресми сапар жасады.

Содан кейін біраз уақыт үзіліс болды. Ал 2025 жылғы тамызда ІІ Абдалла Астанаға қайта келді.

2025 жылғы 26 тамыз. Сурет: Ақорданың баспасөз қызметі

Екі ел арасындағы байланысты қала көшелері атауларынан да байқауға болады. 2018 жылғы желтоқсанда Иордания астанасының Абдун ауданында Астана көшесі ашылды. Бұл Қазақстан мен Иордания дипломатиялық қарым-қатынастың 25 жылдығын атап өткен жыл еді. Кейінірек Амманда Абай атындағы көше де пайда болды.

Google Maps картасынан

Ал Астанада ІІ Абдалланың әкесі, король Хусейн ибн Талалдың есімі берілген көше, сондай-ақ, Амман көшесі бар.

Тарихи марапаттау рәсімі

Келіссөздерден кейін мемлекет басшылары бір-бірін жоғары мемлекеттік наградалармен марапаттады. Марапаттау рәсімі алдында Қазақстан Президенті ІІ Абдалла Қазақстанның жақын досы екенін айтты.

Мемлекет басшысының марапаттау рәсімі алдындағы сөзі. Сурет: © Tengrinews.kz / Ару Сәтбаева

Қасым-Жомарт Тоқаев Иордания короліне Al-Farabi орденін табыстады. ІІ Абдалла осы марапатқа ие болған алғашқы адам атанды.

Анықтама: Al-Farabi ордені жақында ғана тағайындалды. Ол 2026 жылғы сәуірде Президент жарлығымен бекітілді. Бұл жоғары мемлекеттік награда білім, ғылым, мәдениет және руханият салаларында елеулі жетістікке жеткен азаматтарға беріледі.

Мемлекет басшысы Иордания королі ІІ Абдалланы марапаттады. Сурет: © Tengrinews.kz / Ару Сәтбаева

Орден алтын түстес жіңішке сәулелері бар әсем жұлдыз пішінінде жасалған. Оның ортасына көгілдір, көк және жасыл түсті эмальмен безендірілген дөңгелек медальон орнатылған.

Al-Farabi ордені. Сурет: © Tengrinews.kz / Ару Сәтбаева

Ал орденнің сырт жағындағы бір ерекшелік бұл марапаттау рәсімінің тарихи маңызын айқындай түседі. Күңгірт бетіне 001 деген реттік нөмір анық жазылған. Бұл ІІ Абдалла осы орденді алғаш болып алғанын көрсетеді.

Al-Farabi орденінің сыртқы жағы. Сурет: © Tengrinews.kz / Ару Сәтбаева

Өз кезегінде Иордания королі Қазақстан Президентіне Хашимит Корольдігінің ең жоғары мемлекеттік наградасы - al-Hussain ibn Ali орденін табыстады.

Ақорданың баспасөз қызметінің суреті

Анықтама: al-Hussain ibn Ali орденін 1949 жылы Иордания королі І Абдалла бен әл-Хусейн әкесі, Хашимиттер әулетінің көрнекті өкілдерінің бірі, Мекке шарифі Хусейн бен Әлидің (1853–1931) құрметіне тағайындаған. Бұл орден табысталуы Иордания королінің ерекше құрметін және саяси сенімнің жоғары деңгейін білдіреді.

Орден алтыннан жасалған әшекей түрінде безендірілген. Оның негізгі бөлігі жылтыратылған алтыннан жасалған сопақша медальон пішінінде. Ішкі жиегі нәзік өрнекпен көмкерілген, ал дәл ортасына арабша көркем жазу қашалған.

al-Hussain ibn Ali ордені. Сурет: © Tengrinews.kz / Ару Сәтбаева

Бұл марапат бұған дейін шет мемлекеттердің басшыларына, монархтарға және билеуші әулеттердің өкілдеріне табысталған. Олардың қатарында Ұлыбритания патшайымы ІІ Елизавета, Жапония императоры Акихито, Швеция королі XVI Карл Густав, БАӘ президенті Мұхаммед бен Заид әл-Нахаян, Қатар әмірі Тамим бен Хамад әл-Тани, Түркия президенті Режеп Тайип Ердоған және Малайзия королі сұлтан Ибраһим бар.

Екі ел басшылары ордендерімен. Сурет: © Tengrinews.kz/ Ару Сәтбаева

"Өз үйімізде жүргендейміз"

Хамза Махмуд әл-Омаридің қою көк түсті пиджагының өңіріне Иорданияның шағын туы тағылған. Ол - Иорданияның Қазақстандағы төтенше және өкілетті елшісі.

Онымен тілдесу оңайға соқпады. Елші асығыс еді. Оның жинақы қалпынан әңгімеге ұзақ аялдауға ниеті жоқ екені байқалды.

Иорданияның Қазақстандағы төтенше және өкілетті елшісі Хамза Махмуд әл-Омари. Сурет: © Tengrinews.kz

ІІ Абдалланың бұл жолғы сапарының мақсаты мен оның король үшін маңызы туралы сұрағанымызда, елші былай жауап берді:

"Қазақстан мен Иордания энергетика, су ресурстары, туризм және басқа да көптеген салада ынтымақтастықты кеңейтуге мүдделі. Біз бұл сапардан барынша мол нәтиже күтеміз".

Дипломаттың айтуынша, екі елдің күн тәртібінде 35 екіжақты келісім бар. Олардың бір бөлігі жүзеге асырыла бастаса, қалғандарын іске асыру үшін қосымша күш-жігер қажет. Әл-Омари осы кездесу келісімдер іс жүзінде орындалуын жеделдетіп, нақты нәтижелерге қол жеткізуге көмектеседі деп үміттенетінін айтты.

Иорданияның Қазақстандағы төтенше және өкілетті елшісі Хамза Махмуд әл-Омари. Сурет: © Tengrinews.kz/ Ару Сәтбаева

Дегенмен әңгіме Қазақстанға ауысқанда елшінің жүзі бірден жадырап сала берді. Ресми сөздердің орнын үш жылдан бері өз үйіндей көретін елге деген шынайы ықылас басты.

"Мұндағы адамдар керемет. Өзімді бұл елде бөтен сезінбеймін. Салт-дәстүрімізде, мәдениетімізде, тағамдарымызда, тіпті ойлау жүйемізде де ұқсастық көп. Отбасыммен Қазақстанға көшіп келген күннен бастап үйімізде жүргендейміз", – деді дипломат.

Оның сөзінен елден кететін күнін санап жүрген қонақтың жай сыпайылығы байқалмады. Бәлкім, сондықтан да елші Қазақстан мен Иордания қарым-қатынасының болашағы туралы нық сеніммен сөйлеген болар. Оның айтуынша, корольдің бұл сапары – екі ел арасындағы ортақ тарихтың жалғасы.

Шынында да, ІІ Абдалланың Қазақстанға әр сапары соңғы кездесу болмайтынын көрсеткендей. Король араға уақыт салып, елімізге қайта оралып жүр.

Бізді Google-дың негізгі дереккөздер тізіміне қосыңыз

Қосу
Жағдайды бақылауды жалғастырыңыз, Qazaq24.com әрқашан ең жаңа жаңалықтарды ұсынады.
seeКөрілімдер:114
embedДереккөз:https://kaz.tengrinews.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 06 Қараша 2026 14:34
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Ауыл шаруашылығы өкілдері аграрлық саланы дамыту мәселелерін талқылады

05 Қараша 2026 14:56see162

​Қазақстанда екі жаңа МӨЗ салу жоспарланып отыр: оның бірі Атырау облысында салынуы мүмкін

05 Қараша 2026 16:01see146

Рыбакина қатысатын WTA қорытынды турнирінің алғашқы ойындарының кестесі жарияланды

05 Қараша 2026 14:15see145

Атырау Орал жолындағы жөндеу жұмыстарының қарқыны қандай?

05 Қараша 2026 16:01see144

Ақтөбе облысында мұнай өңдеу зауыты салынады

05 Қараша 2026 14:21see143

Қазақстанның элиталық арнайы жасағында алғаш рет “Китана“ атты бойжеткен пайда болды

05 Қараша 2026 14:08see143

Жолдау жаңа жоспарлар мен іс қимылдың доктринасы

05 Қараша 2026 14:59see141

Өсімдік майының өндірісі 25 пайызға өсті

05 Қараша 2026 14:21see141

Қазақстанның Қытайға май өнімдерінің экспорты 1 миллион тоннаға жетпек

05 Қараша 2026 18:53see140

Мұнай барлық жерде бола бермейді : Қазақстанда 112 учаске аукционға шығарылады

05 Қараша 2026 14:11see140

Маңғыстауда әскери қызметшілердің қаза табуы: сегіз лауазымды тұлға қамауға алынды

05 Қараша 2026 14:57see140

Кушнер АҚШ тың Украинадағы қақтығысты тоқтату мақсатын түсіндірді

05 Қараша 2026 14:21see139

Путин Ресей халқы бөлінбеуі үшін көп жұмыс жасады Мемлекеттік Дума депутаты

05 Қараша 2026 14:21see139

Криштиану Роналду ұлттық құрамадан кететінін мәлімдеді

05 Қараша 2026 17:38see138

Үйдегі газ үлкен жауапкершілік

05 Қараша 2026 14:58see137

Құрылтай депутаттары Павлодар облысында тұрғындармен кездесті

05 Қараша 2026 16:33see137

Қазақстан Ыстамбұлда сауда кеңсесін ашты

05 Қараша 2026 19:27see137

Барни ісі : 19 жастағы Мадинаның мәйітін қайта қазып алды

05 Қараша 2026 15:01see137

Өзбекстанда кеден қызметінің өкілдігі ашылады: заңға қол қойылды

05 Қараша 2026 14:16see136

“Оның қалай кеткенін ешкім көрмеген“: Теміртауда үш баланың анасы екінші ай бойы іздестірілуде

05 Қараша 2026 14:10see136
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары