Шымкенттегі Жұлдыз индустриалды аймағында теміржол құрылысы аяқталды
Aikyn.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып, Qazaq24.com түсініктеме жасады..
Шымкентте өндірістік аймақты дамыту үшін жаңа теміржол тұйығы салынды, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.
Ол «Жұлдыз» индустриялық аймағында орналасқан өнеркәсіптік кәсіпорындарға қызмет көрсетуге арналған.
Қала әкімінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, теміржол желісінің жалпы ұзындығы 6,4 шақырымды құрайды. Нәтижесінде өндіріс орындары Текесу станциясы арқылы теміржол желісіне тұрақты қосыла алады.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына Жолдауында көлік-логистикалық инфрақұрылымды дамытудың, теміржол желісін кеңейтудің және жүк тасымалының тиімділігін арттырудың маңызын атап өткен еді.
– «Жұлдыз» индустриялық аймағында теміржол тұйығының құрылысы осы міндеттерге сай келеді және қаланың өнеркәсіптік кәсіпорындары үшін маңызды жоба. Жаңа инфрақұрылым шикізат пен материалдарды жеткізуді, дайын өнімді жөнелтуді жеңілдетеді, сондай-ақ индустриялық аймақтың логистикалық мүмкіндіктерін кеңейтеді, – деп жазылған ресми хабарламада.
Бұл тақырыптағы басқа жаңалықтар:
Көрілімдер:53
Бұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 06 Қараша 2026 14:57 



Кіру
Жаңалықтар
Ауа райы
Магниттік дауылдар
Намаз уақыты
Қымбат металдар
Валюта конвертері
Кредит есептегіш
Криптовалюта бағамы
Жұлдыздар
Сұрақ - Жауап
Интернет жылдамдығын тексеріңіз
Қазақстан радиосы
Қазақстан телевизиясы
Біз туралы








Ең көп оқылғандар


















