Әділет партиясының жастары тұрғындарға қауіп төндіретін 100 ден астам нысанды анықтады
Aikyn.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып, Qazaq24.com түсініктеме жасады..
Беті ашық қалған құдықтар, өрт қауіпсіздігі талаптарының бұзылуы және тұрғындарға қауіп төндіретін өзге де олқылықтар «Әділет» партиясының жастар қанаты ел аумағында ұйымдастырылған «Қауіпсіз қала» акциясы кезінде осындай 100-ден астам деректі анықтады, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.
Үш күнге созылған акцияға 2 мыңға жуық жас белсенді қатысты.
Президент Жолдауында айрықша атап өтілген «Заң мен тәртіп» қағидатына негізделген акция еліміздің 17 облысы мен республикалық маңызы бар үш қаласын қамтыды. Жастар бастамасына жергілікті полиция қызметінің, төтенше жағдайлар департаменттерінің және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласының өкілдері де қосылды.
Ақмола, Алматы, Ақтөбе, Қостанай және Шығыс Қазақстан облыстарында бірлескен тексеру барысында қақпағы ашық қалған, адамдарға қауіп төндіруі мүмкін 30-дан астам құдық жабылды. Анықталған өзге де қауіпті нысандар туралы мәліметтер тиісті шаралар қабылдау үшін жауапты мекемелерге дереу жолданды.
Көкшетау қаласында атқарылған жұмыстың нақты нәтижелері туралы партияның жастар қанаты Ақмола облыстық филиалының консультанты Маржан Мускина айтып берді.
«Беті ашық қалған құдықтардың қақпағын жабу мәселесіне бейжай қарамай, оны шешу бағытында жүйелі жұмыс жүргізіп келеміз. Бұған дейінгі рейд барысында 15-ке жуық түйткілді құдық анықталды. Жауапты мекемелер оның бәрін жапқанын мәлімдеді. Кезекті аралау барысында аталған мекенжайларға қайта барып, құдық қақпақтарының жабылғанына көз жеткіздік», – деді Маржан Мускина.
Ашық құдықтар мәселесін жуырда «Әділет» партиясы фракциясының мүшесі, депутат Нұрсадық Ергешбек те көтерген болатын. Оның депутаттық сауалында келтірілген деректерге сәйкес, биылдың өзінде балалардың ашық құдықтарға құлауына байланысты жеті қайғылы оқиға тіркелген. Ал алғашқы тоғыз айда осындай жағдайларға қатысты 276 әкімшілік іс қозғалған. Осыған байланысты депутат мердігер ұйымдардың жауапкершілігін едәуір күшейтіп, мұндай нысандарды пайдаланудың бірыңғай қатаң талаптарын белгілеуді ұсынды.
Акция барысында теміржол нысандарындағы қауіпсіздікке де ерекше назар аударылды. Қызылордада көлік полициясының аға инспекторы, полиция капитаны Серік Асанов жас белсенділермен бірге тұрғындарға теміржолдағы қауіпсіздік ережелерін түсіндірді.
«Теміржолдағы қауіпсіздік – басты назарымыздағы мәселелердің бірі. Жастармен бірлескен түсіндіру жұмыстары жазатайым оқиғалардың алдын алуға бағытталған. Сонымен қатар тұрғындарды алаяқтықтан сақтандыруға да ерекше көңіл бөліп отырмыз», – деді Серік Асанов.
Акция аясында жас белсенділер көпқабатты тұрғын үйлер мен жеке тұрғын үй секторын аралап, тұрғындарға тұрмыстағы өрт қауіпсіздігінің негізгі ережелерін түсіндірді. Сондай-ақ төтенше жағдайлар мен коммуналдық мәселелер бойынша хабарласуға болатын қызметтердің байланыс нөмірлері көрсетілген жадынамалар таратты. Онда «109 – iKomek» бірыңғай байланыс орталығының жұмысы туралы да толық ақпарат берілген.
«Әділет» партиясы жастар қанаты төрағасының міндетін атқарушы Ержан Хамитов қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету әр азаматтың саналы әрі жауапты әрекетіне тікелей байланысты екенін атап өтті.
«Қауіпсіз әрі жайлы қала қалыптастыру үшін қоғам мүшелерінің белсенділігі, өзара құрметі және ортақ іске деген жанашырлығы маңызды. Мемлекет басшысының биылғы Қазақстан халқына Жолдауында да қоғамның тұрақты дамуы үшін тәртіп, жауапкершілік және сындарлы азаматтық ұстанымның маңызы ерекше атап өтілді. Осы ретте Жастар қанаты қоғамдық қауіпсіздікті нығайтуға бағытталған бастамаларды қолдап, нақты істер арқылы өз үлесін қосуды жалғастырады », – деді Ержан Хамитов.
«Қауіпсіз қала» акциясы еліміздің барлық өңірінде жалғасады. Партия өкілдерінің айтуынша, қауіпсіз орта бір күнде қалыптаспайды. Ол үшін әр тұрғын өз ауласы мен көшесінің қауіпсіздігіне күнделікті көңіл бөліп, тәртіпті сақтауға және ортақ мәселелерді бірлесе шешуге атсалысуы қажет.
Бұл тақырыптағы басқа жаңалықтар:
Көрілімдер:81
Бұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 06 Қараша 2026 15:39 



Кіру
Жаңалықтар
Ауа райы
Магниттік дауылдар
Намаз уақыты
Қымбат металдар
Валюта конвертері
Кредит есептегіш
Криптовалюта бағамы
Жұлдыздар
Сұрақ - Жауап
Интернет жылдамдығын тексеріңіз
Қазақстан радиосы
Қазақстан телевизиясы
Біз туралы








Ең көп оқылғандар


















