Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Еңбек дауы: қос тараптан кететін қателік

Депутат СК Фармацияның 2027 жылғы медициналық бұйымдарды сатып алуларын тексеруді талап етті

Жігер Ауыпбаев жұбайына ерекше сый жасады (видео)

Қазақстан шетелдіктердің тұрақты тұруына (ТТҚ) рұқсат беретін мамандықтар тізімін үш есе кеңейтуге дайындалып жатыр

Қасым Жомарт Тоқаев Сауд Арабиясының Короліне құттықтау жеделхатын жолдады

Каспийдегі қасірет: құтқарылған адамның жағдайы туралы ақпарат пайда болды

Қазақстанда 25 қыркүйекте жалпыұлттық аза тұту жарияланды

Шымкентте екі маңызды нысан бой көтереді

iPhone 18 ге қызығушылықты пайдаланған алаяқтар жаңа схема ойлап тапты

XXI ғасырдың технологиясын өткен ғасырдың құралдарымен басқаруға тырысып отырмыз депутат

Орталық сайлау комиссиясының мүшелері тағайындалды

Ұлттық сана сезімге серпіліс беріп, қоғамдық диалогті одан әрі дамыта түсуіміз қажет Тоқаев

БҰҰ да Украина жөніндегі Ресейге қарсы мәлімдемені 193 елдің 51 і қолдады

“Бостон некесі“. Неге қазақстандық әйелдер бірге тұратын “әйел“ іздейді?

Шымкентте перинаталдық орталық пен әуежайдың екінші ұшу қону жолағын салуға 33,5 млрд теңге бөлінді

Жемісті жеті жыл

Ұлытауда XXXIV республикалық “Ұлытау үні“ фестивалі басталды

Көркем жазу баллды төмендетпейді 23 қыркүйектен бастап Қазақстанда 2 4 сынып оқушыларын не күтіп тұр

Зейнеткерлер үшін бе? Қазақстандық зумерлер “бәрі қосылғаннан“ бас тартып, “санаторингті“ таңдады

Ақтауға балықтан уланған пациенттерге көмектесу үшін дәрігерлер ұшып келеді

Әділет партиясының жастары республика бойынша 2 500 ден астам есірткі жарнамасы бар граффитиді жойды

Әділет партиясының жастары республика бойынша 2 500 ден астам есірткі жарнамасы бар граффитиді жойды

Aikyn.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com хабарлама жасады..

Қазақстанның барлық өңірінде «Әділет» партиясының жастар қанаты ұйымдастырған есірткіге қарсы рейдтер мен профилактикалық акциялар жалғасуда. Еріктілер, қоғам белсенділері және құқық қорғау органдарының өкілдері көшелерді тыйым салынған заттардың заңсыз жарнамаларынан тазартты, – деп хабарлайды Aikyn.kz. 

Еріктілер тұрғын үйлердің аулаларын, көшелер мен қоғамдық орындарды аралап, көлеңкелі интернет-ресурстардың байланыс деректері көрсетілген трафареттерді анықтап, жойды. Республикалық науқан аясында барлығы 2500-ден астам наркограффити мен жарнама жазбалары өшіріліп, рейдтер мен түсіндіру кездесулеріне 2000-ға жуық жас жұмылдырылды.

Жазуларды өшірумен қатар, белсенділер күмәнді сілтемелер мен Telegram-арналарға өтудің қауіпті екенін жан-жақты түсіндіріп, осындай жарнамалар анықталған жағдайда полиция қызметкерлеріне хабарлауға шақырды. Сонымен қатар, өскелең ұрпақ үшін бос уақытты тиімді әрі пайдалы өткізуге бағытталған спорттық турнирлер, пікірталастар және ашық алаңдар ұйымдастырылды.

Атаулы жұмыстың маңыздылығына «Жастар Рухы» Қарағанды облыстық филиалының төрағасы Арафат Мажитов тоқталып, профилактикалық жұмыстар жастарға жай ғана теориялық ақпарат берумен шектелмей, өз қаласының қауіпсіздігін қамтамасыз етуге нақты мүмкіндік беруі қажет екенін атап өтті:

«Есірткімен күресте профилактикалық жұмыстардың маңызы зор. Біз жастарға тыйым салынған заттардың зияны туралы айтып қана қоймай, оларға қоғамдық ортаның қауіпсіздігін қамтамасыз етуге нақты үлес қосуға мүмкіндік береміз. Заңсыз жарнамаларды жою - атқарылып жатқан жұмыстың бір бөлігі ғана. Ең бастысы - өскелең ұрпақтың есірткіге деген теріс көзқарасын қалыптастырып, тұрақты түрде белсенді әрі салауатты өмір салтын таңдауға жағдай жасау» - деді Арафат Мажитов.

Бұл ойға Павлодар облысының белсендісі Алихан Айтмұхан да қосылып, әлеуметтік желілермен қатар, көше ортасы да жастардың көзқарасы мен дүниетанымының қалыптасуына әсер ететінін атап өтті.

«Бүгінде жастар ақпаратты тек әлеуметтік желілерден ғана емес, күнделікті өмір сүріп жатқан ортасынан да алады. Сондықтан көшелердегі есірткі жарнамасына бейжай қарамау маңызды. Акция барысында біз жазуларды өшіріп қана қоймай, тұрғындармен сөйлесіп, оның салдарын түсіндірдік. Әр адамның күмәнді жарнама туралы тиісті органдарға хабарлауы, спортпен айналысуы және салауатты орта қалыптастыруы сияқты қарапайым әрекеттері үлкен профилактикалық жұмыстың бір бөлігі болып табылады» - дейді белсенді.

«Әділет» партиясының жастар қанаты алдағы уақытта да есірткі қылмыстарының алдын алуға, салауатты өмір салтының құндылықтарын насихаттауға және қоғамның есірткіге қарсы иммунитетін нығайтуға бағытталған жүйелі жұмыстарды жалғастыра береді.

Соңғы жаңалықтар мен жаңартуларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан бақылауды жалғастырыңыз, біз жағдайды қадағалап, ең өзекті ақпаратты ұсынамыз.
seeКөрілімдер:93
embedДереккөз:https://aikyn.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 24 Қыркүйек 2026 10:10
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Еңбек дауы: қос тараптан кететін қателік

24 Қыркүйек 2026 10:15see147

Депутат СК Фармацияның 2027 жылғы медициналық бұйымдарды сатып алуларын тексеруді талап етті

24 Қыркүйек 2026 09:59see145

Жігер Ауыпбаев жұбайына ерекше сый жасады (видео)

24 Қыркүйек 2026 10:11see144

Қазақстан шетелдіктердің тұрақты тұруына (ТТҚ) рұқсат беретін мамандықтар тізімін үш есе кеңейтуге дайындалып жатыр

24 Қыркүйек 2026 10:19see144

Қасым Жомарт Тоқаев Сауд Арабиясының Короліне құттықтау жеделхатын жолдады

24 Қыркүйек 2026 10:12see142

Каспийдегі қасірет: құтқарылған адамның жағдайы туралы ақпарат пайда болды

24 Қыркүйек 2026 19:41see141

Қазақстанда 25 қыркүйекте жалпыұлттық аза тұту жарияланды

24 Қыркүйек 2026 19:09see138

Шымкентте екі маңызды нысан бой көтереді

24 Қыркүйек 2026 10:12see137

iPhone 18 ге қызығушылықты пайдаланған алаяқтар жаңа схема ойлап тапты

24 Қыркүйек 2026 10:08see137

XXI ғасырдың технологиясын өткен ғасырдың құралдарымен басқаруға тырысып отырмыз депутат

24 Қыркүйек 2026 10:16see137

Орталық сайлау комиссиясының мүшелері тағайындалды

24 Қыркүйек 2026 10:13see136

Ұлттық сана сезімге серпіліс беріп, қоғамдық диалогті одан әрі дамыта түсуіміз қажет Тоқаев

24 Қыркүйек 2026 12:48see136

БҰҰ да Украина жөніндегі Ресейге қарсы мәлімдемені 193 елдің 51 і қолдады

24 Қыркүйек 2026 10:34see135

“Бостон некесі“. Неге қазақстандық әйелдер бірге тұратын “әйел“ іздейді?

24 Қыркүйек 2026 11:03see135

Шымкентте перинаталдық орталық пен әуежайдың екінші ұшу қону жолағын салуға 33,5 млрд теңге бөлінді

24 Қыркүйек 2026 09:58see134

Жемісті жеті жыл

24 Қыркүйек 2026 10:10see134

Ұлытауда XXXIV республикалық “Ұлытау үні“ фестивалі басталды

24 Қыркүйек 2026 18:58see134

Көркем жазу баллды төмендетпейді 23 қыркүйектен бастап Қазақстанда 2 4 сынып оқушыларын не күтіп тұр

24 Қыркүйек 2026 10:20see134

Зейнеткерлер үшін бе? Қазақстандық зумерлер “бәрі қосылғаннан“ бас тартып, “санаторингті“ таңдады

24 Қыркүйек 2026 10:21see132

Ақтауға балықтан уланған пациенттерге көмектесу үшін дәрігерлер ұшып келеді

24 Қыркүйек 2026 10:19see132
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары