Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Жалақы, әуежайлар мен жолдар: үкімет 6,5 триллион теңгенің жоспарын бекітті

Мемлекет басшысына елімізді газбен қамтамасыз ету және жаңа газ өңдеу зауыттарының құрылысы туралы есеп берілді

Алматыда тарихи ескерткіштер тізіміне тағы 27 нысан енгізілуі мүмкін

Джонни Депп өзінің аңызға айналған рөліне оралуы мүмкін. Актер маңызды сұраққа жауап берді

Министр нақты кімдердің жалақысы өсетінін айтты

Орталық әмбебап дүкен (ОӘД), ҚазҰУ және Атакент : Алматыдағы қай ғимараттар ескерткіш атануы мүмкін

Ақтөбеде неке сарайында бойжеткенді өлтіріп кетті

Екінші АЭС бойынша келісім жасалады үкімет жоспарды мақұлдады

Дәурен Мұратбеков лауазымынан босатылды

Әділет партиясы Adilet 365 цифрлық экожүйесін дамытып келеді

Қазақстандық жасанды интеллект әлемдік нарыққа шықты: отандық әзірлеушілер инвесторлардың назарын аударды

3 қарашадағы сауда саттықта доллар бағамы төмендеуін жалғастырды

Alatau City ге 1,3 млрд доллар инвестиция тартылады

Шетелге шығатын қазақстандықтарды есепке алғысы келеді: жаңа жоспардың егжей тегжейі

Еуразиялық экономикалық одақтың нарықтарды қорғау тәжірибесі таныстырылды

Өзгенің көлігін майыстырып алды немесе біреу зардап шекті: жүргізушіні не күтіп тұр

Қазақстан жолдары жапон технологиясымен тексерілуі мүмкін

Ұмай ипотекасына талас: Алматыда тұрғындар банкке кіру үшін бірін бірі итермеледі

Президент көлік министрін қызметінен босатты

Әсел Жанасова көлік министрі болып тағайындалды

Есірткіге қарсы күрес: Әділет жастары есірткі жарнамаларын жоюда

Есірткіге қарсы күрес: Әділет жастары есірткі жарнамаларын жоюда

Qazaq24.com, Aikyn.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып мәлімдеме жасады..

Еліміздің барлық өңірлерінде жастар мен жасөспірімдер арасында есірткі қылмысының алдын алуға және салауатты өмір салтын насихаттауға бағытталған кешенді профилактикалық жұмыстар бастау алды, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

Синтетикалық есірткінің таралуы мен оның жастар арасында белең алуы  – қоғам назарын талап ететін өзекті мәселелердің бірі. Бұл мәселе Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Ұлттық құрылтайдың  отырысында сөйлеген сөзінде де көтерілген болатын. Президент есірткі қылмысының алдын алып, оның таралуына жол бермеу бойынша тиісті шаралар қабылдауды тапсырды.

Осыған орай, нашақорлықтың алдын алу, есірткі қылмысына қарсы қоғамдық иммунитет қалыптастыру және жастарды салауатты өмір салтына баулу мақсатында «Әділет» партиясының Жастар қанаты республика көлемінде кешенді акция өткізуде. Акция аясында өңірлерде қала көшелері мен тұрғын үйлердің аулаларында рейдтік жұмыстар ұйымдастырылып, есірткі заттарын насихаттайтын жарнамалар мен граффитилер анықталуда. Бір күннің өзінде 1 000-ға жуық есірткі жарнамасы жазылған граффити мен трафарет жойылды.

Жастар белсенділері анықталған жазуларды өшірумен қатар, тұрғындарға есірткінің зияны мен оның салдары туралы түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, ақпараттық жадынамалар таратты. Сондай-ақ есірткі саудасына қатысты күмәнді сілтемелер мен Telegram арналардың жарнамалары анықталған жағдайда тиісті органдарға хабарлау қажеттігі түсіндірілді.

«Жастар Рухы» белсендісі Дильназ Нұрымжанованың айтуынша, мұндай акциялардың негізгі мақсаты – жастарды есірткіден аулақ болуға шақырып қана қоймай, олардың қоғамдық жауапкершілігін арттыру.

 «Есірткіге қарсы күрес - тек арнайы органдардың емес, бүкіл қоғамның ортақ міндеті. Біз жастар ретінде өз қатарластарымызға дұрыс таңдау жасаудың маңызын түсіндіруге тырысамыз. Акция барысында есірткі жарнамаларын жойып, тұрғындармен сөйлестік, жастарға салауатты өмір салтының маңызын түсіндірдік. Ең бастысы – жастардың бос уақытын пайдалы өткізуіне жағдай жасап, спортқа, шығармашылыққа және қоғамдық жұмыстарға тарту деп ойлаймын», – деді Дильназ Нұрымжанова.

Акцияға өңірлердегі жергілікті атқарушы органдардың өкілдері, полиция департаменттерінің қызметкерлері, волонтерлер, спортшылар, қоғамдық пікір көшбасшылары мен белсенді жастар қатысуда.

Қызылорда облыстық Полиция департаменті Есірткі қылмыстарына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкері, полиция капитаны Ахмет Темірхан  профилактикалық жұмыстың маңыздылығына тоқталды.

«Есірткі қылмысының алдын алуда жастармен жүргізілетін түсіндіру жұмыстарының маңызы зор. Қазіргі таңда есірткі жарнамалары интернет кеңістігімен қатар, қоғамдық орындарда да кездеседі. Осындай заңсыз жарнамаларды анықтау және жою бойынша азаматтардың белсенділігі маңызды. Күдікті жазулар мен сілтемелерді өз бетінше қолданбай, тиісті органдарға хабарлау қажет. Құқық қорғау органдары жастар ұйымдарымен бірлесіп профилактикалық жұмыстарды жалғастыра береді»,  – деді полиция капитаны.

Кешенді акция тек рейдтік жұмыстармен шектелмейді. Оның аясында жастар арасында салауатты өмір салтын насихаттауға бағытталған спорттық іс-шаралар, профилактикалық кездесулер, ашық пікірталастар және түсіндіру жұмыстары ұйымдастырылуда.

Сонымен қатар жастарды спортқа тарту және олардың бойында жігер мен жауапкершілік қалыптастыру мақсатында «Чемпиондық рух» спорттық іс-шаралары өткізіледі. Жастар арасында бұқаралық спортты дамыту арқылы бос уақытты тиімді ұйымдастыру және зиянды әдеттерден аулақ болуға үндейтін бастамаларға ерекше көңіл бөлінуде.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  TELEGRAM  арнасынан табасыз.

Қосымша ақпарат пен соңғы жаңалықтар үшін Qazaq24.com сайтын бақылаңыз.
seeКөрілімдер:108
embedДереккөз:https://aikyn.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 18 Қыркүйек 2026 10:24
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Жалақы, әуежайлар мен жолдар: үкімет 6,5 триллион теңгенің жоспарын бекітті

03 Қараша 2026 10:59see173

Мемлекет басшысына елімізді газбен қамтамасыз ету және жаңа газ өңдеу зауыттарының құрылысы туралы есеп берілді

03 Қараша 2026 13:47see165

Алматыда тарихи ескерткіштер тізіміне тағы 27 нысан енгізілуі мүмкін

03 Қараша 2026 13:02see162

Джонни Депп өзінің аңызға айналған рөліне оралуы мүмкін. Актер маңызды сұраққа жауап берді

03 Қараша 2026 16:33see161

Министр нақты кімдердің жалақысы өсетінін айтты

03 Қараша 2026 17:37see158

Орталық әмбебап дүкен (ОӘД), ҚазҰУ және Атакент : Алматыдағы қай ғимараттар ескерткіш атануы мүмкін

03 Қараша 2026 17:01see154

Ақтөбеде неке сарайында бойжеткенді өлтіріп кетті

03 Қараша 2026 17:42see154

Екінші АЭС бойынша келісім жасалады үкімет жоспарды мақұлдады

03 Қараша 2026 10:48see144

Дәурен Мұратбеков лауазымынан босатылды

03 Қараша 2026 11:02see142

Әділет партиясы Adilet 365 цифрлық экожүйесін дамытып келеді

03 Қараша 2026 12:38see142

Қазақстандық жасанды интеллект әлемдік нарыққа шықты: отандық әзірлеушілер инвесторлардың назарын аударды

03 Қараша 2026 16:58see138

3 қарашадағы сауда саттықта доллар бағамы төмендеуін жалғастырды

03 Қараша 2026 15:52see135

Alatau City ге 1,3 млрд доллар инвестиция тартылады

03 Қараша 2026 10:48see134

Шетелге шығатын қазақстандықтарды есепке алғысы келеді: жаңа жоспардың егжей тегжейі

03 Қараша 2026 11:18see132

Еуразиялық экономикалық одақтың нарықтарды қорғау тәжірибесі таныстырылды

03 Қараша 2026 14:08see131

Өзгенің көлігін майыстырып алды немесе біреу зардап шекті: жүргізушіні не күтіп тұр

03 Қараша 2026 12:32see128

Қазақстан жолдары жапон технологиясымен тексерілуі мүмкін

03 Қараша 2026 16:51see125

Ұмай ипотекасына талас: Алматыда тұрғындар банкке кіру үшін бірін бірі итермеледі

03 Қараша 2026 17:44see119

Президент көлік министрін қызметінен босатты

03 Қараша 2026 18:25see119

Әсел Жанасова көлік министрі болып тағайындалды

03 Қараша 2026 18:18see117
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары