Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Қазақстан 2028 жылға қарай май экспортын 1,5 млрд долларға жеткізуді жоспарлап отыр

Қазақстанда 450 мыңға жуық баланың мектепке дайындығына 23 миллиард теңге қарастырылды

Just жұбайлар жыры

Жасыл энергетика: жаңа кезеңнің жаршысы

Телефондарды верификациялау eGov жүйесіне көшірілді

Күн сәулесі Сырдағы сарқылмайтын ресурс

Тәуелсіздік шыңына шықты

Тұрмыстық қалдық кәдеге жарады

Емханаларда ашық есік күні

Әбу Даби 2026: қылмыстың алдын алу және қылмыстық сот төрелігі

Бүлдіршіннің бәрі жеңімпаз

Тарихи ескерткіштер тазартылды

Кофені көп ішсе, не болады?

Актер Олжас Абай мен Дариға Бадықованың құдалығынан видео жарияланды

Құс шаруашылығын жаңа деңгейге көтермек

Ұлттық қор балаларға президенттік бағдарламасы бойынша 7 миллионнан астам балаға 2,5 миллиард доллар аударылды

Махаббат бекеті оқырманға жол тартты

80 пайызы ененің кесірінен : актриса Жанель Мақажан неге қоғамда ажырасу көбейгенін айтты

Ел аумағын қамтыған акция

Бақыт тілеңіздер : Дариға Бадықова өзін сынағандарға жауап берді

Есірткіге қарсы күрес жүйеленеді

Есірткіге қарсы күрес жүйеленеді

Egemen.KZ парақшасынан алынған ақпаратқа сүйене отырып, Qazaq24.com хабарлама жасады..

Премьер-министр Олжас Бектенов Нашақорлықтың алдын алу және есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл бойынша мемлекеттік органдардың қызметін үйлестіру жөніндегі республикалық штаб отырысын өткізді.

Отырыста Ішкі істер, Денсаулық сақтау, Оқу-ағарту, Мәдениет және ақпарат министрлері Мемлекет басшы­сының биылғы тамыз айында өткен Қауіпсіздік кеңесі отырысында берген нашақорлықтың тара­луына қарсы шаралар қабылдау жөнін­дегі тапсырмаларын жүзеге асыру бары­сы туралы баяндама жасады. Үкімет жанын­дағы Құқық бұзушылықтың алдын алу жөніндегі ведомствоаралық комис­сияның тапсырмалары аясында атқарылып жатқан шараларға назар аударылды.

Премьер-министр нашақорлық пен есірткі қылмысы ұлттық қауіпсіздікке қатер төндіретін және жүйелі әрі ведом­­ство­­аралық тәсілді талап ететін өзекті мәсе­ле ретінде қала беретінін айтты.

«Мемлекет басшысы жариялаған «Заң мен тәртіп» қағидатын қамтамасыз ету – қоғамның орнықты дамуының, құқықтық тәртіпті нығайтудың, азаматтар құқығын қорғаудың маңызды шарты. Мемлекеттік органдар нашақорлықтың алдын алу мен есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл бойынша ауқымды жұмыстар жүргізіп келеді. Бірқатар заң қабылданып, салалық институттар мен инфрақұрылымдар құрылуда, бұл саладағы халықаралық ынтымақтастық кеңейе түсті. Аталған жұмыс қарқынын төмендетуге болмайды, ол жалпыұлттық сипатқа ие болуы керек», деді О.Бектенов.

Бүгінде елімізде 2026–2028 жылдарға арналғ­ан нашақорлық пен есірткі бизнесі­не қарсы күрестің кешенді жоспары әзірленуде, онда жаңа стратегия мен тәсілдер қолданылады. Жастар арасында, оның қатарында NEET санатындағы оқымай­тын және жұмыс істемейтін жас­тар ара­сында, алдын алуға ерекше назар ауда­рылады. Бұқаралық спорт пен шығар­машылық шешімдердің мүмкіндіктерін белсенді пайдалану қажет екеніне назар аударылды.

Ішкі істер министрі Ержан Сәденов есірткінің интернет-саудасына қарсы іс-қимыл жөніндегі жұмыстың жан­дан­ғаны туралы баяндады. «Кибернадзор» жүйесінің көмегімен анықталған және бұғатталған сайттар саны 11 есеге өсті. Барлығы 26,5 мыңнан астам интернет-ресурс жабылды. 35 мыңнан астам карталық шот бұғатталды, 4 мыңнан астам адам қылмыстық жауапкершілікке тартылды. Осы жылдың 9 айында есірткіге қатысты 6 210 құқық бұзушылық анықталды, 26,1 тонна есірткі тәркіленді.

Премьер-министр ІІМ-ге жыл соңына дейін әкімдіктердің есірткіге қатысты құқық бұзушылықтардың алдын алу жөніндегі қызметін бағалаудың алғашқы жинақталған рейтингін дайындауды тапсырды. Денсаулық сақтау министрлігі есірт­кіге тәуелді адамдарды емдеу мен оңал­ту­дың тиімділігін арттыруға бағыттал­ған ша­ралар қабылданды. Наркология бойын­ша клиникалық хаттамалар қайта қа­ралды және емдеу сапасының халық­аралық бағдарламасы енгізіліп жатыр.

ІІМ ұсынысы шеңберінде Мәдениет және ақпарат министрлігімен, отандық өндіру­­­ші­лермен бірлесіп, халықты есірт­кіге арнал­­ған қолжетімді экспресс-тестер­мен, оның қа­тарында әлеуметтік осал топтар­ды тегін қам­тамасыз ету мәселесін пысық­тау жүктел­ді. Бұл бастапқы тұтыну факті­лерін анықтай­тын алдын алу шарасы болады. Сондай-ақ бір айда жекеменшік нарколо­гиялық оңал­ту орта­лықтарының қызметін реттейтін құқық­тық тәсілдерді әзірлеп шығару талап етіледі.

Білім беру саласы тарапынан профи­лак­тикалық жұмыстар қолға алынған. Тәрбие­лік функцияларды педагог-психологтер мен әлеуметтік педагогтерді қоса алғанда, 360 мың педагог жүзеге асыруда, оқушы­лар қауіпсіздік сабақтарымен 100% қамтылған, ата-аналарды педагогикалық қолдау­дың 6,8 мың орталығы жұмыс істейді. Сондай-ақ тиісті әдістемелік ұсынымдар әзірленді.

Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева есірткіге қарсы насихат бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы баяндады. Олжас Бектенов профилактикалық жұмысты насихаттаудың заманауи нысандары мен әдістерін қолдану қажеттілігіне назар аударды. Танымал онлайн-платформаларда, кинотеатрларда, қоғамдық көлік­терде және азаматтардың жаппай жиналатын орындарында әлеуметтік жарнаманы орналастырудың маңыздылығы атап өтілді. Осыны ескере отырып, «Заң мен тәртіп» тұжырымдамасын жүзеге асыру жөніндегі ақпараттық жұмысты түзету тапсырылды.

Бұдан бөлек, Мәдениет және ақпарат, Жасанды интеллект министрліктері Ұлттық қауіпсіздік комитетімен бірге, мақсатты жарнама мен есірткі сайттарын анықтауға және автоматты түрде бұғаттауға белсенді түрде қосылуы керек. Синтетикалық есірт­кінің жаңа түрлерін анықтау үшін Әділет министрлігі Сот сараптамасы органдарын заманауи жабдықтармен жарақтандыру, сарапшыларды іріктеу мен даярлау, сондай-ақ рәсімді жетілдіру мен сараптама жүргізу уақытын оңтайландыру қажет.

Шекарадағы өткізу пункттері қазір­гі заманғы тексеру құралдарымен, шекара­лық бақылау мен радиомони­торингтің техникалық құралдарымен қамтамасыз етіледі. Өңірлердің әкімдеріне нашақорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі облыстық штабтарды басқару және осы жылдың қазан айының соңына дейін жергілікті жағдайлар мен бюджеттердің мүмкін­діктерін ескере отырып, нашақор­лыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі нақты шараларды әзірлеу тапсырылды.

Премьер-министр бұл шаралардың барлығы кешенді жоспарда көрініс табуға тиіс екенін атап өтті. Отырыс қорытындысы бойынша штабтың 2026 жылға арналған жұмыс жоспары мақұлданды.

Жағдайды бақылауды жалғастырыңыз, Qazaq24.com әрқашан ең жаңа жаңалықтарды ұсынады.
seeКөрілімдер:222
embedДереккөз:https://egemen.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 16 Қазан 2025 11:15
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Қазақстан 2028 жылға қарай май экспортын 1,5 млрд долларға жеткізуді жоспарлап отыр

13 Қазан 2026 01:18see140

Қазақстанда 450 мыңға жуық баланың мектепке дайындығына 23 миллиард теңге қарастырылды

13 Қазан 2026 01:18see139

Just жұбайлар жыры

13 Қазан 2026 07:01see133

Жасыл энергетика: жаңа кезеңнің жаршысы

13 Қазан 2026 06:56see133

Телефондарды верификациялау eGov жүйесіне көшірілді

13 Қазан 2026 06:42see131

Күн сәулесі Сырдағы сарқылмайтын ресурс

13 Қазан 2026 06:16see129

Тәуелсіздік шыңына шықты

13 Қазан 2026 04:31see126

Тұрмыстық қалдық кәдеге жарады

13 Қазан 2026 06:56see122

Емханаларда ашық есік күні

13 Қазан 2026 04:50see121

Әбу Даби 2026: қылмыстың алдын алу және қылмыстық сот төрелігі

13 Қазан 2026 06:06see121

Бүлдіршіннің бәрі жеңімпаз

13 Қазан 2026 04:23see110

Тарихи ескерткіштер тазартылды

13 Қазан 2026 04:23see109

Кофені көп ішсе, не болады?

13 Қазан 2026 01:36see109

Актер Олжас Абай мен Дариға Бадықованың құдалығынан видео жарияланды

12 Қазан 2026 22:25see106

Құс шаруашылығын жаңа деңгейге көтермек

13 Қазан 2026 04:23see105

Ұлттық қор балаларға президенттік бағдарламасы бойынша 7 миллионнан астам балаға 2,5 миллиард доллар аударылды

12 Қазан 2026 20:58see98

Махаббат бекеті оқырманға жол тартты

13 Қазан 2026 05:06see97

80 пайызы ененің кесірінен : актриса Жанель Мақажан неге қоғамда ажырасу көбейгенін айтты

13 Қазан 2026 01:36see93

Ел аумағын қамтыған акция

13 Қазан 2026 05:43see90

Бақыт тілеңіздер : Дариға Бадықова өзін сынағандарға жауап берді

13 Қазан 2026 01:18see90
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары