Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Астанада робот иттер қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге атсалысып жүр

Тоқаев Азиядағы өзара іс қимыл және сенім шаралары жөніндегі кеңес саммитінде сөз сөйледі

Алты қазақстандық жүзгіш әлем кубогының финалына жолдама алды

Алматы тауларынан қару мен оқ дәрі табылды

Сәби көз жұмды : Қызылордада ана мен баланы қағып, қашып кеткен жүргізушіге іздеу жарияланды

Депутаттар мен үкімет мүшелерінің жалақысы қашан көтерілуі мүмкін

Әзербайжан мен Арменияның ымыраға келуі жаңа перспективаға жол ашады Тоқаев

Дала өркениетін зерттейтін халықаралық консорциум құрылады

Өскемендегі ауаның ластануы: Қазцинк компаниясы әкімшілік жауапқа тартылды

Канадада өтетін шорт тректен Әлемдік турдың алғашқы кезеңіне Қазақстан спортшылары да қатысады

Енді Tarlan Astana станцияларында көлік карталарын рәсімдеуге болады

Мақпал Жүнісова Заманбек Нұрқаділовтің бұрынғы видеосын жариялады

Қазақстандық бұрынғы сүйіктісінің интимдік видеоларын 700 мың теңгеге бағалады

Astana Media Week 2026 аясында үздік баспасөз хатшылары мен баспасөз қызметтері марапатталды

Олжас Бектенов әлеуметтік саланы цифрландыру бойынша бірқатар тапсырма берді

Президент Биоалуантүрлілік мәселелері бойынша көшбасшылар саммитінің ашылуына қатысты

Драматургиядағы дара даңғыл

Біз ондаған мың жұмсадық! Navai жанкүйерлері турдың кейінге шегерілуіне наразылық білдірді

Қазақстандықтар келесі аптадан бастап өздерінің әл ауқат деңгейі туралы хабарламалар ала бастайды

Медеуге баратын жол веложарысқа байланысты демалыс күні жабылады

Танымал тұлғалар есірткіге қарсы күрес акциясына атсалысты

Танымал тұлғалар есірткіге қарсы күрес акциясына атсалысты

Egemen.KZ парақшасынан алынған ақпаратқа сәйкес, Qazaq24.com хабарлайды..

Бүгінде оңай олжаға кенелуді көздейтін жастар есірткі тасымалдап, әлеуметтік желі арқылы саудалап жүр. Әрекеті әшкере болғандар қылмыстық жауапкершіліктен құтылмайды. Себебі заң бойынша есірткі саудасына қатысқандар 14 жастан бастап жаза арқалайды. Жастар балғын шақтан қатаң түрме тезіне түсіп, болашағына балта шаппас үшін ел аумағында түсіндіру жұмыстары белсенді жүргізіліп жатыр, деп жазады Egemen.kz.

Сәкен Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық зерттеу университетінде өткен кезекті «Астана – есірткісіз қала» акциясына құқық қорғау органдарының қызметкерлерімен қатар танымал спортшылар, медиа тұлғалар мен дәрігерлер де қатысты.

«Заң және тәртіп» қағидаты аясында  ұйымдастырылған акцияда кәсіпқой боксшы Ангелина Лукас, ауыр атлетика шебері Илья Ильин, ММА жауынгері Василий Тахтай, киокушинкай және каратэден әлем чемпионы Нұрсұлтан Әлиақбаров, блогер Әлібек Ермағамбетов тақырыпқа қатысты түйгендерін ортаға салды. Қонақтардың есірткі тұтыну мен оның саудасына үлес қосудың салдары туралы келелі көзқарастары жиналған жастардың санасын серпілтіп, қатеге бой алдырмауға үндеді.

Өз кезегінде Илья Ильин теріс жолға түспеудің тиімді жолы өзіңді дамыту, іздену екенін атап өтті.

«Мен жастарды білім алуға шақырамын. Өзін дамытуға ұмтылған ұрпақ, алдында мақсаты бар азамат ешқашан қоғамға зиян келтіретін жолды таңдамайды. Есірткі тұтыну мен саудалауға аяқ баспайды. Бүгін мен жүріп өткен жолым арқылы қандай жағдайда да өзін жоғалтпаудың сырымен бөлістім. Осы есірткіге қарсы жүргізген үгіт-насихатымыз болашақта жемісін беретініне сенемін», деді Илья Ильин.

ІІМ өкілдері осы жылдың мамырына дейін елімізде 1 445 есірткіге байланысты қылмыстық іс тіркеліп, оның 276-сы Астанаға тиесілі екенін жеткізді. Сондықтан білім мен жұмыс іздеп бас қалаға ағылатын жастармен жиі жүздесіп, есірткінің денсаулыққа тигізетін зияны мен заң шеңберіндегі жазасын жете түсіндіру – әрқашан өзекті.

«Бүгін саламатты қоғамның негізіне баланатын жастар алдында арнайы жедел әрекет ету жасағының (СОБР) жауынгерлері ел арасында «закладчик» аталып кеткендердің ізін кесу, есірткі жасырылған орындарды іздеп, табу бағытында жасалатын қырағы қадамдарын нақты көрсетті. Осындай жүйелі әрекеттердің арқасында қылмыс бүгін немесе ертең ашылатынын жастар аңдамай жатады. Сондықтан осы іске барудың салдарын көз алдарында көрсеттік. Алдымен өзін, ата-анасын ойлайтын саналы жас есірткіге әуестенбеуі керек», деп түсіндірді полиция подполковнигі, есірткі қылмысына қарсы күрес басқармасының қызметкері Дамир Байбазаров.

Ғасыр дертіне баланған есірткінің қауіп-қатерін түсінетін жастар да аз емес. Олар есірткіге қарсы күрес шараларына шама-шарқынша қолдау көрсетіп келеді. Мәселен, «Астана жастары» ұйымының белсенділері ІІМ мамандарымен бірлесіп, 2 500-ден астам есірткі жарнамасы салынған граффитидің жойылуына септескен.

Акция аясында қалалық психикалық денсаулық орталығының дәрігер-наркологтары Р.Молдахметова мен Н.Омарова есірткі тұтынудың денсаулыққа, адам өміріне келтіретін кері салдарын жете түсіндірді.

Ауқымды жиын соңында полиция подполковнигі Д.Байбазаров студенттер арасында есірткінің заңсыз айналымына қарсы күрес ісіне қатысты интерактивті сауалнама жүргізді. Студенттер аталған сауалнама арқылы білгенін шегелеп, заңнамаға қатысты маңызды мәліметтерге қанықты.

Маңызды жаңалықтар мен жаңартуларды өткізіп алмау үшін Qazaq24.com сайтын қадағалаңыз.
seeКөрілімдер:160
embedДереккөз:https://egemen.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 02 Желтоқсан 2025 16:51
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Астанада робот иттер қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге атсалысып жүр

15 Қазан 2026 16:43see136

Тоқаев Азиядағы өзара іс қимыл және сенім шаралары жөніндегі кеңес саммитінде сөз сөйледі

15 Қазан 2026 17:59see133

Алты қазақстандық жүзгіш әлем кубогының финалына жолдама алды

16 Қазан 2026 20:07see128

Алматы тауларынан қару мен оқ дәрі табылды

16 Қазан 2026 16:46see125

Сәби көз жұмды : Қызылордада ана мен баланы қағып, қашып кеткен жүргізушіге іздеу жарияланды

16 Қазан 2026 20:42see123

Депутаттар мен үкімет мүшелерінің жалақысы қашан көтерілуі мүмкін

16 Қазан 2026 07:12see123

Әзербайжан мен Арменияның ымыраға келуі жаңа перспективаға жол ашады Тоқаев

15 Қазан 2026 18:11see121

Дала өркениетін зерттейтін халықаралық консорциум құрылады

16 Қазан 2026 16:52see121

Өскемендегі ауаның ластануы: Қазцинк компаниясы әкімшілік жауапқа тартылды

16 Қазан 2026 17:10see121

Канадада өтетін шорт тректен Әлемдік турдың алғашқы кезеңіне Қазақстан спортшылары да қатысады

16 Қазан 2026 23:08see121

Енді Tarlan Astana станцияларында көлік карталарын рәсімдеуге болады

15 Қазан 2026 17:13see119

Мақпал Жүнісова Заманбек Нұрқаділовтің бұрынғы видеосын жариялады

15 Қазан 2026 21:59see119

Қазақстандық бұрынғы сүйіктісінің интимдік видеоларын 700 мың теңгеге бағалады

15 Қазан 2026 14:35see118

Astana Media Week 2026 аясында үздік баспасөз хатшылары мен баспасөз қызметтері марапатталды

15 Қазан 2026 17:43see118

Олжас Бектенов әлеуметтік саланы цифрландыру бойынша бірқатар тапсырма берді

16 Қазан 2026 17:11see117

Президент Биоалуантүрлілік мәселелері бойынша көшбасшылар саммитінің ашылуына қатысты

15 Қазан 2026 23:42see117

Драматургиядағы дара даңғыл

17 Қазан 2026 07:02see116

Біз ондаған мың жұмсадық! Navai жанкүйерлері турдың кейінге шегерілуіне наразылық білдірді

15 Қазан 2026 13:57see115

Қазақстандықтар келесі аптадан бастап өздерінің әл ауқат деңгейі туралы хабарламалар ала бастайды

16 Қазан 2026 18:00see114

Медеуге баратын жол веложарысқа байланысты демалыс күні жабылады

16 Қазан 2026 16:57see114
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары