Сауда министрлігі Республика күніне орай жеңілдіктер науқаны басталғанын хабарлады
Sputnik.KZ парақшасындағы деректерге сәйкес, Qazaq24.com ақпарат таратты..
АСТАНА,17 қазан – Sputnik. Республика күні қарсаңында елімізде мерекелік жеңілдіктер науқаны өтеді, деп хабарлады ҚР Сауда және интеграция министрлігі.
17 қазаннан Астана, Алматы, Шымкент қалаларында, басқа да өңірлерде Republic Day және Bereke Fest республикалық акциялары басталды, мұнда тұтынушыларға төмен бағамен тауарлардың біраз түрі ұсынылған. Кейбір өнімдерді 10%-дан 50%-ға дейінгі жеңілдіктермен сатып алуға болады.
"Мерекелік ұсыныстардың ең қарқынды кезеңі 21-27 қазан аралығында болады деп күтілуде. Акциялық бағдарламалар, арнайы баға мен мерекелік жеңілдіктердің басым бөлігі дәл осы күндері өтеді. Тұтынушылар азық-түлік және азық-түлік емес тауарларды тиімді бағамен сатып алу мүмкіндігіне ие болады", - делінген хабарламада.
Ауқымды сатылымдар еліміздің үш мегаполисі мен басқа да өңірлерінің танымал сауда орталықтарында өтеді. Мәселен, Астанада Republic Day акциясына "MEGA Silk Way", "Хан Шатыр", Алматыда "MEGA Alma-Ata", "MEGA Park" және "Forum Almaty", Шымкентте - "Mega Planet" пен "Shymkent Plaza" сауда орталықтары қатысады. Ал Bereke Fest аясындағы арнайы ұсыныстар "Magnum", "SMALL", "Астықжан" және "GraMad" сауда желілерінің дүкендерінде қолжетімді болады.
"Аталмыш акциялар ұлттық мерекеге орай өткізіліп, халыққа қажетті тауарларды қолжетімді етіп, тұтынушылық сұранысты қолдауға, әрі ішкі саудаға қосымша серпін беруге бағытталған. Сонымен қатар отандық өндірушілерді қолдап, өнімдерін өткізу мүмкіндіктерін кеңейтуге баса назар аударылды", - дейді министрлік.
Republic Day және Bereke Fest акциялары 27 қазанға дейін жалғасады.
Бұл тақырыптағы басқа жаңалықтар:
Көрілімдер:20
Бұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 17 Қазан 2026 10:48 



Кіру
Жаңалықтар
Ауа райы
Магниттік дауылдар
Намаз уақыты
Қымбат металдар
Валюта конвертері
Кредит есептегіш
Криптовалюта бағамы
Жұлдыздар
Сұрақ - Жауап
Интернет жылдамдығын тексеріңіз
Қазақстан радиосы
Қазақстан телевизиясы
Біз туралы








Ең көп оқылғандар


















