Әзербайжан мен Арменияның ымыраға келуі жаңа перспективаға жол ашады Тоқаев
Zakon.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып, Qazaq24.com түсініктеме жасады..
Бұл туралы президент Әзербайжанда өтіп жатқан АӨСШК VII саммитінде сөйлеген сөзінде айтты.
"Ондаған жылдар бойғы қақтығыстардан кейінгі тараптардың ымыраға келуі жаңа перспективаға жол ашып, Шығыс пен Батыс арасында байланыс орнатуға мүмкіндік берді. Берік саяси ерік-жігері мен зор экономикалық әлеуеті бар АӨСШК ірі трансшекаралық жобаларды жүзеге асыруға елеулі үлес қоса алады. Сондықтан АӨСШК-нің көлік байланысы стратегиясын бірлесе әзірлеуді ұсынамын. Бұл Стратегия өңіріміздегі "Бір белдеу, бір жол", Солтүстік – Оңтүстік халықаралық көлік дәлізі, Орта дәліз және TRIPP бастамасын қоса алғанда, негізгі халықаралық көлік бағыттарының әлеуетін зерделеуге мүмкіндік береді", – деді президент.
Қасым-Жомарт Тоқаев қазіргі таңда энергетика қауіпсіздігіне қатер төніп тұрғанын айтты.
"Трансшекаралық энергетикалық инфрақұрылым қақтығыстардың зардабын жиі тартып отыр. Соның салдарынан әлемдегі энергетика нарығында тұрақсыздық белең алды. Бұл болжаусыз кезең дағдарыс аймағынан тыс елдердің де экономикалық өсімін тежеуде. Дәл осы себепті еліміз серіктестікке ден қойып отыр. Қазақстан, Әзербайжан және Өзбекстан жасыл энергия жеткізу жөніндегі стратегиялық серіктестік туралы келісімге қол қойды. Осылайша, Каспий жасыл энергетикалық дәлізінің негізі қаланды. Бұл елдеріміздің энергетикалық жүйелерін өзара байланыстырып, Қара теңіз арқылы Еуропа нарықтарына шығуға жол ашады", – деді Мемлекет басшысы.
Бұл тақырыптағы басқа жаңалықтар:Кіші Аралдың қалпына келуі жаңа мүмкіндіктерге жол ашады депутат
21 Қаңтар 2026 16:14
Жаңа жол өңірлер дамуына жол ашады
15 Қаңтар 2026 08:24
Sarbaz+ жобасы: жаңа мүмкіндіктерге жол ашады
25 Желтоқсан 2025 14:20
Қасым Жомарт Тоқаев: Құрылтай сайлауы қазіргі Қазақстан жылнамасындағы жаңа кезеңге жол ашады
21 Тамыз 2026 19:12
Тоқаев Әзербайжан президентімен кездесті
31 Тамыз 2026 18:30
Көрілімдер:100
Бұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 15 Қазан 2026 18:11 



Кіру
Жаңалықтар
Ауа райы
Магниттік дауылдар
Намаз уақыты
Қымбат металдар
Валюта конвертері
Кредит есептегіш
Криптовалюта бағамы
Жұлдыздар
Сұрақ - Жауап
Интернет жылдамдығын тексеріңіз
Қазақстан радиосы
Қазақстан телевизиясы
Біз туралы








Ең көп оқылғандар


















